«Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Орал қалалық мәслихатының шешімі жобасы:
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (2-тарау 5 тармақ: туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка қолданылады);
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңына (6 баптың 2-10 тармағы: республикалық маңызы бар қалалар, астан, аудандар (облыстық маңызы бар қалалр) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады)сәйкес әзірленді.