Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат хатшысы                              Е.Қалиев

 

 

Секретарь маслихата                                  Е.Калиев

Дата публикации
17 января 2024