Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімін тіркеу туралы Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармағына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2023 жылдың 10 желтоқсан күні Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармағына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №23 шешімімен Желаев ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Бисимбалиев Арман Тлекешевич, 1977 жылы туған, Орал қаласы Желаев ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынды.

М.Давлетжанов,

Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

 

Дата публикации
11 декабря 2023