Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясының шешімі

2023 жылғы 30 қараша

№22

 

 

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Желаев ауылдық  округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына,                 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Орал қаласының  сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 07 желтоқсан күні сағат 17.00-де Желаев ауылындағы "№14 Жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Кинжигарееваға жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

              

Орал қаласы аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                          М. Давлетжанов

Дата публикации
30 ноября 2023