2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 09 тамыздағы №1712 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 2-тармағындағы мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 17 қарашасына дейін деп өзгертілсін.
- Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
- «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі М.Сатқанов