Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 12 қазандағы №3-2/4448 хаты, 2023 жылғы 18 қазандағы №40 жер комиссиясының оң қорытындысы негiзiнде қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Балаларға арналған ойын алаңының құрылысы үшін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Строитель шағынауданы, 38/2-құрылыс мекенжайындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 30 наурызға ақпанға дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1, 20 кабинет болып белгіленсін.
- «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- меншік иесін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар етсін;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі М. Сатқанов
Орал қаласы әкімдігінің
2023 жылғы « » «қазандағы»
№ қаулысына қосымша
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатқызылған жер учаскесі немесе өзге де жылжымайтын мүлік
|
№
|
Мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы
|
Жер учаскесінің орналасқан жері
|
Жер учаскесінің жалпы алаңы, га
|
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
|
|
1
|
«ОралПолиграфСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
Строитель шағынауданы, 38/2-құрылыс
|
0,0330
|
08-130-040-1418
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
0,0330
|
|