Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі №7-12/4280 хаты, 2023 жылғы 11 қазандағы №39 жер комиссиясының оң қорытындысы негiзiнде қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Автомобиль жолын жөндеу үшін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Шолохов көшесі «Пансионат» аялдамасы (жұп жағы) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 29 ақпанға дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1, 20 кабинет болып белгіленсін.
- «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- меншік иесін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар етсін;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі М. Сатқанов
Орал қаласы әкімдігінің
2023 жылғы « » «қазандағы»
№ қаулысына қосымша
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатқызылған жер учаскесі немесе өзге де жылжымайтын мүлік
|
№
|
Мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы
|
Жер учаскесінің орналасқан жері
|
Жер учаскесінің жалпы алаңы, га
|
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
|
|
1
|
Горбунова Ольга Александровна
|
Шолохов көшесі «Пансионат» аялдамасы (жұп жағы)
|
0,0075
|
08-130-054-638
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
0,0075
|
|