Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

   2023 жылғы 1 қараша

   № 16

   Орал қаласы                                                                                                   город Уральск

 

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

Желаев ауылдық округі әкімінің

сайлауын 2023 жылғы 10 желтоқсанға

тағайындау туралы

 

 

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1)- тармақшасына, 113-1-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 2 тармағына сәйкес, Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Орал қаласы Желаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулының көшірмесі Орал қаласының әкіміне жолдансын.
  4. Осы қаулы Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және қалалық «Жайық үні», «Пульс» газеттерінде сайлауды тағайындау туралы хабарлама жариялансын.

 

 

Төраға                                              М.Давлетжанов

 

Хатшы                                             Ә. Жумина

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023