Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН                                АКИМАТ ГОРОДА УРАЛЬСКА

                   ОБЛЫСЫ                                           ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ

         ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ                                                   ОБЛАСТИ

                  ӘКІМДІГІ                                                             

___________________________________________________________

           ҚАУЛЫ                                                              ПОСТАНОВЛЕНИЕ

                                    2023 жылғы 09 тамыздағы №1711

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға

байланысты жер учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексін, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің хаты, 2023 жылғы 21 маусымдағы №24 жер комиссиясының оң қорытындысы мен 2023 жылғы 03 тамыздағы №196 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негiзiнде қала әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. АГТС құрылысы және газ құбырын өткізу үшін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Деркөл кенті, Ветелки ауылы және Жаңақоныс ауылы тасжолы бойында, Аэродром ауданында орналасқан жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылдың 17 қарашасына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1, 20 кабинет болып белгіленсін.
  4. «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының ол қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  5. «Орал қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
  • меншік иесін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар етсін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.

 

Қала әкімі                                             М. Сатқанов

 

Орал қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «09» «тамыз»  №1711

қаулысына қосымша

 

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатқызылған жер учаскесі немесе өзге де жылжымайтын мүлік

 

№

Мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің жалпы алаңы, га

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

1

«Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС

Деркөл кенті, Ветелки ауылы және Жаңақоныс ауылы тасжолы бойында, Аэродром ауданы

1,0000

08-130-

 

 

ИТОГО:

 

 

1,0000

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 августа 2023