2023 жылдың 1-тоқсанда көрсетілетің мемлекеттік қызмет аналитикалық жазбахат

Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен (7 бөлім, 1 селолық округі және 3 кенттерімен) 2023 жылдың 1-тоқсанда 25820 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген болатын. Оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы – 3 746;

Қағаз нысанда -207,

Электронды түрде «E-gov»– 7 486,

          Электронды түрде «Е-әкімдік» АЖ арқылы – 701,

Электронды түрде «Енбек kz» порталы арқылы – 3 854,

Электронды түрде «Е-Qazyna» порталы арқылы – 18,

          Электронды түрде «Е-лицензирование» – 139

 

           Қағазбен түскен қызметтерді ақпараттық жүйеге тіркеу- 9 669 :

                  АЖ «Е-собес» - 4 361

                   АЖ «Е-халық» – 1358

                   АЖ  «Еңбек нарығы» -3 108

                   АЖ «РАГС» - 842

 

 

2023 жылдың есептік кезеңінде  мемлекттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылу фактісі жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарын орындау мақсатында іс-шаралар жүргізіледі және Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалық мәселелер анықталады:

Тұрақты түрде бақылау іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында  жоспарда бекітілген құрылымдық бөлімдерде тексеріс жүргізілді. (Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі,  Орал қаласының  дене шынықтыру  және спорт бөлім)

Мемлекеттік қызметті онтайландыру мақсатында:

2023 жылдың 1 тоқсанына мекеменің мемлекеттік қызметтер туралы өткізілген іс шаралар бойынша келесіні хабарлайды:

2023 жылдың қаңтар айында мекеменің soc_uralsk (инстаграмм) әлеуметтік парақшасында мемлекеттік қызметтер туралы онлайн түрдегі жәрмеңке өткізілді. Тікелей эфирге 6 қаңтар күні «Тұрғын үй көмегін тағайындау» секторының меңгерушісі Г.Курочкина және сектордың бас маманы И.Утегенова, «Әкімшілік жұмыс және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» секторының меңгерушісі Р.Джаманбаева, 9 қаңтар күні «Мүгедектігі бар адамдар мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау» секторының меңгерушісі А.Нигимова, «Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу» секторының меңреушісі А.Горбунова, 10 қаңтар күні «Еңбек нарығын сараптау және мониторинг» секторының меңгерушісі М.Есмуканова мен Орал қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары А.Казмуханова қатысты. Жүргізілген тікелей эфирлер soc_uralsk инстаграм парақшасында сақталды.

Сонымен қатар:

  • «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» мемлекеттік қызметі бойынша қызмет алушымен «Ақжайық» телеарнасына түсірілім өткізілді;
  • «ТД-42» телеарнасына эфирге «Атаулы әлеуметтік көмек» бойынша сұхбат берілді;
  • 4 ақпан 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар қызмет алушылардың ата-анасымен кездесу өткізілді;
  • 7-10 ақпан күндері 3 рет семинар кездесулер жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ұйымдастырылды;
  • 24 ақпан Жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өткізілді;
  • 28 ақпан ашық есік күні мемлекеттік қызмет көрсету және оған шағымдану тәртібі бойынша өткізілді.

 

Орал қаласының сәулет және қала құрлысы бөлімі 31 наурыз 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес бөлім басшысы М.Ташенбаевпен есепті айдың 1-ші тоқсаны кезеңінде қызметкерлер арасында Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, мерзімдері және келесі мемлекеттік қызметтер бойынша дәлелді бас тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. (Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайына айқындау бойынша анықтама беру; Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру; Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру; Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру).(Фото;хаттама)

2023 жылдың 30 наурыз  айында мекеменің uralskzags (инстаграмм) әлеуметтік парақшасында мемлекеттік қызметтер туралы онлайн түрдегі жәрмеңке өткізілді. Тікелей эфирг 30 наурыз күні Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнін бас маманы А.Туменова қатысты. Жүргізілген тікелей эфирлер uralskzags инстаграм парақшасында сақталды.(Скриншот)

Мемлекеттік қызмет көрсетуде ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 5 маусым күні Орал қаласы әкімі аппаратының ғимаратында «Ашық әкімдік» ұйымдастырылды.  Бұл алаңның ерекшелігі – қызмет алушылар кезектерін күтіп отырған аралықта ресепшн және қызметкерлер үстелдерінде үлестірме материалдармен танысып, видеороликтерді көре алады. Қызмет алу кезінде осы және басқа да мемлекеттік қызметтерді алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ашылғаннан бері бұл операциялық залда 100 мыннан адам болған.

- Президентінің «Құлак асатың мекемесі» жолдау қамтамасыз ету мақсатында, және селолық, кентік алыста тұратын адамдарға арналған 2020 жылдың 15 қантарда Зачаганск кентінде «Ашық әкімдік» ұйымдастырылды. Ашылғаннан бері бұл операциялық залда 581 адам болған.

2020 жылдың 31 желтоқсанда Деркул кентінің әкімдігі ғимаратта «Ашық әкімдік» ұйымдастырылды. Ашылғаннан бері бұл операциялық залда 248 адам болған.

Сервистік әкімдік, өзінің өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылуы жұмыстары 2021 жылда жалғастыратыңдығын хабарлайды.

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жұмыстың ажырамас бөлігі бұл – қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет туралы ақпараты бар жадынамалар тарату. Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

2020 жылдың 05 ақпанында Зачаган кенті әкімінің  №27 өкімі және 2018 жылдың  31 қантарында Желаев селолық округі әкімінің №14 өкімі негізінде аталған әкімдіктерде «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» құрылды.

 

Дата публикации
14 апреля 2023