ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

       

           

 

 

Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ

 

ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ

 

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

 

АНЫҚТАМАЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар-желтоқсан

2022 жыл

 

 

 

 

 

ӨНЕРКӘСІП

Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

 млрд. теңге

 

 

Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің  құрылымы

 

 

                                                       ӨНЕРКӘСІП

 

2022 жылда өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 248,6 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 98,1% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі – 1,8 млрд.теңге, индекс 299,3%;

өңдеу саласында-184,4 млрд.тенге, 98,8%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 55,4 млрд.теңге, 93,3%;

 сумен қамту,кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 7 млрд.теңге, 112,5%.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі 74%.

Былтырғы жылмен салыстырғанда, келесі салаларда өндіріс көлемінің өсуі байқалады: металлургия өнеркәсібінде 25%-ке, жиһаз-27%, жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту-5,7%, киім өндіру 6,2 есе, тамақ өнімдерін өндіру 3,8%-ке.

Ал келесі салаларда төмендеген: сусындар өндіру- 4,4%, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру-8,5% және химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру-12%-ке, машина жасау 6,6%.

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі  55,4 млрд.теңгені құрап, былтырғы жылға 93,3% құрап отыр.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 7 млрд.теңге құрады, ол былтырғы жылдың индексінен салыстырғанда 112,5% құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

                                                                                                                бас

                                                                                        

     

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

Қаланың  аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылық  құрылымдар  бар, соның ішінде–1 мемлекеттік кәсіпорын (сорт сынау бойынша инспектура), 15 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 33 шаруа қожалығы, 2 ауылшаруашылығы кооперативі. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 15921,3 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 106%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 10104,8 млн. теңгені құрайды(108,2%), мал шаруашылығы – 5771,1 млн.теңге(103,5%), құрады.

Сондай-ақ, есепті кезеңге ет өндірісі -104,1%, сүт өндірісі- 101,5%, жұмыртқа өндірісі 104,5% құрап отыр.

Ірі қара малы, ешкі, шошқа басының кемуі жем-шөптің кымбаттауына және тұрғындардың өз қажеттілігіне жұмсауына байланысты.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 67,1 мың шаршы метр болатын 5 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨЛІК

 

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық  тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын  автомобиль көлігі алады.

Орал қаласының қоғамдық көлігі 27 қалалық, 10 саяжай және 6 қала маңындағы бағыттағы маршруттармен қамтылған. Қазіргі таңда  күн сайын тұрғындарға қызмет көрсету үшін 280 ге жуық бірлік техника, яғни автобус желіге шығады.

2021 жылы алынған субсидия негізінде қалалық тасымалдаушылар отандық құрастырылған автобустарды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қозғалыс құрамын жаңарту мақсатында алғашқы жарналарын төлеп жаңадан автобустар сатып алынды.

«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы «Yutong» маркалы отандық құрастырылған үлкен класты 30 жайлы автобусты №22 маршрутқа сатып алды.

«Оралавтотранс» ЖШС – і, отандық құрастырылған 25 автобусты сатып алды: орта класты «Некст вектор» маркалы 15 автобус, №43 қоғамдық көлігіне тұрғындарға қызмет көрсету үшін желіде жүр, сонымен бірге үлкен класты «ЛиАЗ» маркалы 10 автобусты №5 қоғамдық көлігіне сатып алғандығын мәлімдейміз.

«Ақжол-авто» ЖШС-і 2021 жылдың желтоқсан айында отандық құрастырылған 11 орта класты «Вектор Некст» маркалы автобусты №7 маршрутқа сатып алды.

Сонымен қатар, 2022 жылы ақпан айында отандық құрастырылған 13 орта класты «Вектор Некст» маркалы автобусты «Батыс Дилижанс» ЖШС-і сатып алды.

Жалпы қалаішілік жолаушыларды тасымалдайтын автобус құрамы 79 жаңа автобуспен толықтырылды.

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде жолаушылар көлігі жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру, жергілікті бюджетке қосымша салық түсімдерін алу мақсатында, «Аvtobys» бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, көрсетілген жолаушылар тасымалы қызметтерінің санын бақылауды күшейту мақсатында, сондай-ақ жолаушылар тарапынан қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу тәсіліне тартымдылықты арттыру үшін Орал қаласында билеттеудің электрондық жүйесі енгізілді.

Электрондық жүйе QR-код, банктік карталармен, арнайы көлік карталары бойынша төлемді қабылдайды.

Электрондық төлем жүйесін тиімді жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап сараланған тариф енгізілді, қолма-қол ақшасыз төлеу-80 теңге, ал қолма қол төлеу-150 теңге тұрады.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

 

2023 жылдың 1 қаңтарына қаладағы есепті деректер бойынша 36 035 шағын және орта кәсіпкерлік (әрі қарай-ШОК) субъектісі тіркелген, (соның ішінде 7 332 заңды тұлға, 28 703 жеке кәсіпкерлер), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға өскен.

 Тіркелген ШОК субъектілері ішінде  32 375 (5 644 заңды тұлға, 26 731 жеке кәсіпкер) қолданыста, яғни тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 89,8% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,6%-ға өскен.

2022 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны  78675 адамды  құрайды, 2021 жылдың 1 шілдесіне  9%-ға өскен.

ШОК субъектілерімен 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  451215 млн.теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2021 жылдың осы кезеңіне 114% құрайды.

2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен республикалық бюджетке төленген салық көлемі 59 063,0 млн.теңге, жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 23 464,8 млн теңге.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айында ШОК субъектілеріне 373(103,42га) жер учаскелері  бөлінді. Оның ішінде сатып алынғаны - 97(14,46га).

Сонымен қатар 581 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға және жабдықтауға берілді, сонын ішінде: 1 сауда залы, 4 бала бақша, 19 дүкен,  3 дәріхана, 4 медициналық орталық, 2 сұлулық салоны, супермаркет,  ателье,  СҮ,  стоматология,  кір жуу орын, 2 кеңсе, ветеринариялық дәріхана және шаштараз бар.

         

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                

САУДА                                           млн. теңге

 

 

 

САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ

 

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 328 799,7  млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңіне бөлшек сауданың нақт көлем индексі 100,5%-ды құрап отыр.

Бөлшек сауданың құрылымында азық-түлік тауарларының көлемі  35,3% немесе 116 111,9 млн. теңгені құрап отыр. Азық-түлік емес тауарлар көлемі 64,7%  немесе 212 687,8 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 421 009,1 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме сауданың нақты көлем индексі 101,3%-ды құрады.

2023 жылдың 1 қаңтарына  тауар қорларының көлемі: көтерме саудада –  28 697,0  млн.теңгені, бөлшек саудада – көрсетілген күніне 278 252,3 млн.теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуімен, тұтыну тауарларының көбеюімен және халықтың табысының өсуімен қамтамасыз етіледі.

2023 жылдың 1 қаңтарына қалада 66 ірі сауда үйлері, 1817 дүкендер мен дүңгіршектер, 19 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 538 объект, 260 шаштараз,  киім тігу мен жөндеу бойынша 71 ателье, 272 авто шеберхана, 165 дәріхана, 39 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 57 шеберхана, 41 ірі монша мен сауналар (соның ішінде 7-уі ірі моншалар )бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАР

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика  бюросының  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің  жалпы   тұтыну   құн индексі 2022 жылдың желтоқсан айында өткен аймен салыстарғанда 101,8%, 2021 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 120,2 құрады,  оның   ішінде  азық-түлік   тауарларына тұтыну құн индексі  102,3% сәйкесінше 125,1% құрап отыр.                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

2022 жылдың қарашасында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 20,2%-ға өсті.

2022 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының баға индексі 102,3% құрады. Ет және тауық еті бағалары - 0,9%, сүт өнімдері - 1,1%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері - 1,2%, алкогольді ішімдіктер - 1,7%, балық және теңіз өнімдері - 2,2%, ұн - 2,3%, алкогольсіз сусындар - 2,4%, макарон өнімдері - 3,2%, май және тоңмай - 3,6%, нан өнімдері мен жармалар - 3,8%, жемістер мен көкөністер  4,4% артты. Қант бағасы 4,8% арзандады.

2022 жылғы желтоқсанда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 1,7% өсті. Фармацевтикалық өнімдер бағалары - 0,9%, жеке пайдалануға арналған басқа тауарлар - 1,2%, киім және аяқ киім - 1,5%, жуғыш және тазалағыш құралдары - 1,9%, үй тұрмысына қажетті заттар  - 2,8%, құрылыс заттары - 10,5% қымбаттады. Бензин бағасы 0,5% арзандады.

2022 жылғы желтоқсанда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 1,1% өсті, бұл демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер бағаларының - 1,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері - 4,4%, ұялы байланыс қызметтері - 6,9%, тұрмыстық бұйымдарды жөндеу 15,6% өсуімен байланысты болды. Суық су мен кәріз тарифтері 10% қымбаттады. Теміржол жолаушылар көлігі қызметері - 5%, әуе жолаушылар көлігі қызметі 33,9% қымбаттады.

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ

                                                                                                                 млн. теңге

 

 

ИНВЕСТИЦИЯ

2022 жылы негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 89532,8 млн. теңгені құрап, 2021 жылға 75,9% құрап отыр.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 9673,5 млн. теңге (2021 жыл-11479,7 млн теңге).

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 5109,6 млн. теңге              (2021 жыл-15101 млн теңге).

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 81% тиесілі немесе 68318,5 млн. теңге(2021 жыл-64189,8 млн теңге).

Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 2164,2 млн. теңге құрады(2021 жыл-9768,8 млн теңге).

Банктердің займдары есебінен инвестициялар 4267,1 млн. теңге құрады(2021 жыл-2613,2 млн теңге).

Қаланың негізгі капиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:

ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -78% немесе 69768,2 млн. теңге;

машиналар, жабдықтар, құралдар-22% немесе 19252,6 млн теңге;

өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар-0,6% немесе 512 млн теңге;

Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі –83413,3 млн.теңге құрады, былтырғы жылға 115,7% құрап отыр.

Жалпы облыстық құрылыс жұмыстарының көлемінде қаланың үлесі 38% құрап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 490452 шаршы метр құрайтын 3503 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға 119,3% құрап отыр.

Пайдалануға берілген жаңа тұрғын ғимараттардың саны-826, соның ішінде: 758 жеке үйлер, 67 көп пәтерлі және бір жатақхана.

Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 41832,1 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-84%) соның ішінде:  жұртшылық есебінен-14935,7 млн.теңге.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 109,6  мың теңге құрады,былтырғы жылға- 114,7%.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ                           млн.теңге

 

БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ

 

2022 жылдың есебі бойынша мемлекеттік бюджетке қала контингентінен – 161047,6 млн. теңге түсті, оның ішінде қалалық бюджетке – 20542,3 млн.теңге түсті, бұл жалпы салық базасының 12,8% – ын құрайды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджет кірістерінің өсу қарқыны контингентте – 116,1%, оның ішінде республикалық салықтар бойынша-116,1% құрады.

         2022 есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық 96,8% орындалды немесе жоспар бойынша – 43079,7 млн.теңге, нақты түскені – 41684,1 млн. теңге.

         Жеке салықтар мен алымдардан (азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен қаражат түсімдерін есептемегенде) түскен кірістер бойынша жоспар 97,8% – ға орындалды немесе жоспар бойынша – 16392,3 млн.теңге, іс жүзінде қала қазынасына – 16038,4 млн. теңге түсті.

         Реттелетін салықтар бойынша жоспар 110% – ға орындалды немесе жоспар – 9530 млн.теңге, нақты түскені –9622,4 млн. теңге, оның ішінде корпоративтік салық бойынша жоспар – 115%, жеке табыс салығы бойынша- 99% , әлеуметтік салық бойынша орындалу-98%  құрады.

         Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша жоспар 91,6% орындалды немесе жоспар бойынша – 5099,9 млн.теңге, іс жүзінде қалалық бюджетке-4669,1 млн. теңге түсті.

         2023 жылғы 01.01. жағдай бойынша реттелетін салықтар бойынша түсімдер – 9622,4 млн.теңгені құрады немесе аударымдардың белгіленген нормативтерін ескере отырып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 3199,7  млн. теңгеге өсті (2021 жылғы қаңтар-қараша – 6422,7 млн. теңге түсті).

2022 жылға реттелетін салықтар бойынша аударымдар нормативі мынадай мөлшерлерде бекітілді, атап айтқанда корпоративтік салық бойынша – 14%, ЖТС бойынша (101201 және 101205) – 17,5%, ЖТС бойынша (101202) – 100% және әлеуметтік салық бойынша - 17,5%, бұрын жұмыс істеп тұрғандарының орнына – 14%, 100% және тиісінше14%.

         Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша түсімдердің өсу қарқыны өткен 2021 жылмен с алыстырғанда– 102,3%  құрады.

         01.01.2023 жылғы жағдай бойынша салық берешегінің жалпы сомасы контингентте (республикалық салықтарды ескере отырып) – 2,5 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, оның ішінде қалалық бюджет бойынша, аударымдарда белгіленген есептеу нормативтері кезінде берешек сомасы – 550,6 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты.

 

 

 

 

БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ

 

Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 95,1% орындалды немесе жоспарланған 38531,2 млн. теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 36645,7 млн. теңге құрады:

- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 2433,2 млн. теңге жоспарланса, одан 2424,5 млн. теңге немесе 99,6% игерілді;

- қорғаныс саласына 67,3 млн теңге жоспарланып, 67,1 млн. теңге немесе 99,8% орындалды;

- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 548,3 млн теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 548,3 млн.теңге немесе 100% орындалды;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 4594,8 млн. теңге жоспарланып, одан 4491,8 млн. теңге атқарылды, немесе 97,8%;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 18906,2 млн. теңгеден 17143 млн. теңге орындалды немесе 90,7%;

- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған
1781,3 млн. теңгеден 1780,8 млн. теңге орындалды немесе 100%;

-  ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер 44,2 млн. теңге  құрады немесе 100%;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған               172,9 млн. теңгеден 99,5% игеріліп, атқарылған сома 172,1 млн. теңге құрады;

- көлік және коммуникация саласына жоспарланған  7786,8 млн. теңгеден 7780,9 млн. теңге немесе 99,9%  орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

                                                   ДЕМОГРАФИЯ

Қала халқының саны 356025 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 52% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 10,4% өскені байқалады.

Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады.

Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады.

Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарымен және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕҢБЕК РЫНОГЫ

                                                                                                       адам

 

 

 

                     ЕҢБЕК РЫНОГЫ

 

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 11551 адам өтініш жасаған, 12 пайызға былтырғы жылдан көбейді.

Тіркелген жұмыссыздар саны 2935 адамды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 66% көп.

Есепті мерзімде 3480 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 81% құрап отыр.

Қоғамдық жұмыстарға – 460 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 31% төмендеді.

Есепті мерзімде 4608 жаңа жұмыс орын ашылды, соның ішінде тұрақты-3647.

Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы  қаңтар-желтоқсан айына 38680 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 18% өскені байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Дата публикации
25 января 2023