Тұрғын үй көмегін тағайындау
2022 жылға жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегіне 31,2 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жыл басынан 680отбасына (758 адамға ) тұрғын үй көмегі 13,2 млн. теңге тағайындалды, өткен жылмен салыстырғанда 28,1 %-ға кем қамтылған (2021 жылы 946отбасы бойынша 1016 адамға 14,3млн. теңге).
Тұрғын үй көмегін алушы отбасылардың жалпы санының ішінен 58 отбасына (59 адамға) 577,4 тыс. теңге «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде өтемақы төленді, өткен жылмен салыстырғанда 5,4% (53 отбасы)артық қамтылған.
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу
2022 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға» 598 620,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен 108 000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 490 620,0 мың теңге) бөлінді.
2022 жылдың қазан айына атаулы әлеуметтік көмек 1 224 отбасына (5 858 адам), оның ішінде көпбалалы 456 отбасы (2 906 адам) тағайындалды және 334 996,7 мың теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама (КӘТ) ұсыну үшін республикалық бюджеттен 188 842,0 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың І тоқсанына 1176 балаға 3 332 дана азық – түлік топтамасы және 1176 дана гигиеналық құралдар ұсынылды, 32 818,2 мың теңге игерілді.
Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанына 1100 балаға 3 139 дана азық – түлік топтамасы және 1100 дана гигиеналық құралдар ұсынылды, 30 859,9 мың теңге игерілді.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанына 1056 балаға 2 874 дана азық – түлік топтамасы және 1056 дана гигиеналық құралдар ұсынылды, 28 413,8 мың теңге игерілді.
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» 2022 жылы жергілікті бюджеттен 28 903,0 мың теңге бөлінген.
2022 жылдың қыркүйек айына 287 отбасыға (293 мүгедектігі бар балаға) тағайындалды, 25 219,2 мың теңге төленді.
Мүгедектерді және ардагерлерді әлеуметтік қорғау
Орал қаласы (с.і.: Деркул, Желаев, Зашаған, Круглоозерный) бойынша тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері, барлығы:
14 адам, с.і. ҰОС қатысушылар -11 адам, ҰОС мүгедектігі бар адамдарға –3 адам. (01.11.2021 жылы: ҰОС ардагерлері, барлығы: 24 адам, с.і. ҰОС қатысушылар -17 адам, ҰОС мүгедектігі бар адамдарға – 7 адам). 01.11.2021 жылмен салыстырсақ, ҰОС ардагерлерінің саны 10 адамға немесе 42%-ға азайды.
ҰОС қатысушыларына және мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендер 1715 адам болса, оның ішінде: ҰОС қатысушыларына теңестірілгендері - 25 адам, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдар– 1690 адам,
Жалпы аурулықтарына байланысты 9205 мүгедектігі бар адамдар, о.і.: І топ – 1113 адам, ІІ топ – 3366 адам, ІІІ топ – 3027 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 314 бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1149 бала, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-223 балалар, 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1071 бала (01.11.2021 жылы: жалпы аурулықтарына байланысты 8620 мүгедектігі бар адамдар, о.і.: І топ – 999 адам, ІІ топ – 3322 адам, ІІІ топ – 2826 адам және 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1328 адам,16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 145 адам.). 01.10.2021 жылмен салыстырсақ, мүгедектігі бар адамдар саны 585 адамға немесе 7%-ға ұлғайған.
Сектор 6 мемлекеттік қызмет бойынша жүзеге асырылады.
1)« Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»
Келісімшарт бойынша 894 мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетіледі).
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 12 %-ға немесе 113 адамға кеміген.
Салыстырма кестесі
|
01.11.2021жыл |
01.11.2022 жыл |
||||
|
Қамтылған мүгедектер |
Жеке көмекшілер |
Игерілген қаражат |
Қамтылған мүгедектер |
Жеке көмекшілер |
Игерілген қаражат млн.тг |
|
1007 |
1007 |
532,2 |
894 |
883 |
592,0 |
2)«Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»
Келісімшарт бойынша 221 мүгедектігі бар адамдарға 28 ымдау тілі мамандары жұмыс жасауда.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 11%-ға немесе 22 адамға ұлғайған.
Салыстырма кестесі
|
01.11.2021жыл |
01.11.2022 жыл |
||||
|
Қамтылған мүгедектер |
Ымдау тілі маманы |
Игерілген қаражат |
Қамтылған мүгедектер |
Ымдау тілі маманы |
Игерілген қаражат млн.тг |
|
199 |
28 |
45,8 |
221 |
28 |
51,5 |
3)« Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу»: Жыл басынан Протез-ортопедиялық құралдарға жолыққандар саны (балдақ, корсет, ортопедиялық аяқ-киім, таяқ, арба, протездер т.б.) 664 адам өтініш тапсырды, 360 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 14%-ға немесе 106 адамға азайған.
Протездік-ортопедиялық құралдардың мүгедектерге қажеттілігі және орындалғаны туралы салыстырма кестесі
|
01.11.2021жыл |
01.11.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
770 |
482 |
63 |
664 |
360 |
55 |
4)« Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімде» Тифлотехникалық құралдарды (тифло-магнитола, тифло-плеер, диктофон, тифлотаяқ, сағат) 167 адам өтініш тапсырды, 142 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 31%-ға немесе 72 адамға ұлғайған.
Тифлотехникалық құралдармен қамтудың салыстырмалы кестесі
|
01.11.2021жыл |
01.11.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
239 |
162 |
68 |
167 |
142 |
85 |
Сурдотехникалық құралдарға (видеокомпьютерлерді, мобильдік телефондарды, вибрсағаттарды, телефакстарды, көпфункционалды жүйелерді) 121 адамға өтініш тіркелді, 86 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 11%-ға немесе 14 адамға азайған.
Сурдотехникалық құралдармен қамтудың салыстырмалы кестесі
|
01.11.2021жыл |
01.11.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді |
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
135
|
104 |
77 |
121 |
86 |
71 |
Жыл басынан міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектердің саны 1175 адам, 1011 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 1%-ға немесе 7 адамға ұлғайған.
Салыстырма кестесі
млн. теңге
|
01.11.2021жыл |
01.11.2022 жыл |
||||||
|
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
қаражат |
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
қаражат |
|
1182 |
1004 |
85 |
104 |
1175 |
1011 |
86 |
228 |
5)«Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»: Жыл басынан кресло-арбаға 288 адам өтініш тапсырды, 234 адам қамтылды (291 кресло-арба).
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 28%-ға немесе 63 адамға ұлғайған.
Кресло-арбаға мұқтаж және қамтылғандар туралы салыстырма кестесі
|
01.11.2021 жыл |
01.11.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
225 |
178 |
79 |
288 |
234 |
82 |
6)« Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»: Жыл басынан есепке тіркеліп құжаттарын тапсырған адамдардың саны 953 адам – өтініш тапсырды, 539 адам қамтылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 12%-ға немесе 99 адамға ұлғайған.
Салыстырма кестесі
|
01.11.2021 жыл |
01.11.2022 жыл |
||||
|
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
Құралдарды қажет етеді
|
қамтылғандар |
% орындалуы |
|
854 |
503 |
59 |
953 |
539 |
57 |
Қолданылып жатырған іс-шаралар барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жағдайы төмен отбасыларға, әсіресе қазіргі жағдайда маңыздылығы жоғары болып отырған, әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған, бұл орайда осы игі істер «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі мамандарының үнемі назарында және осы аталған әлеуметтік жұмыстар бойынша мүгедек жандары бар мұқтаж азаматтарға, жанұяларға көмектесу барысында жалғасын таба береді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көліктік инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша: 2012 жылдан 2018 жылға дейін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 307 паспорттаудан өткізілді. 307 объекті «Қолжетімділіктің интерактивтік картасы» республикалық базасына Орал қаласы бойынша енгізілді, оның ішінде 191 нысанды бейімделген нысандарға жатқызуға болады.
Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 491 аялдама пункі бар, олардың ішінде 228 аялдама павильонымен және 92 шағын дүкендермен жабдықталған, оның ішінде 115 аялдама павильоны мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып жабдықталған.
Қалалық маршруттық автобустар саны резервтегі автобустарды қосқанда 405 бірлікті құрайды. Олардың ішінде 90 бірлігі мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызу және түсіру құрылғыларымен жабдықталған, 80 бірлігі аялдамаға келу, кету уақытын және аялдаманы хабарлайтын дыбыстық ақпараттық табломен жабдықталған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың стажын анықтау:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 01.11.2022 жылға 19 арыз түсті, 18 арыз орындалды, жұмыста-1 арыз (01.11.2021 жылы 25 арыз түсті, 25 арыз орындалды) Өткен жылмен салыстырғанда, биыл қажеттілік 24%-ға немесе 6 адамға азайған.
«Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» стандарты бойынша
2020 жылғы 12 ақпандағы №40-8 «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, 2022 жылы 658,7 млн.теңге бөлініп, 2022 жылғы 1 караша айына 566,5 млн.теңге игерілді.
Ай сайын:
Атаулы, мерекелік күндерге
Жеңіс күніне 9 мамыр:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1000,0 мың теңге көлемінде – 17 адамға 17000,0 тыс. теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді.);
– ҰОС кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының тұтқындарына, қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға , ерікті жалдама құрамаларының адамдарға 120,0 мың теңге мөлшерінде – 8 адамға 960,0 мың. теңге төленді;
және және Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 151адамға 60,0 теңгеден жалпы сомасы 9060,0 мың.теңге;
- Чернобыль АЭС-індегі апаттан, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған және қатысқан адамдар – 100,0 мың.теңгеден 180 адамға 18000,0 мың. теңге;
марапатталмаған 1719 адамға 30,0 мың.теңге көлемінде жалпы соммасы 51570,0 мың. теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді;
мың теңге;
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күні - 15 ақпан және 9 мамырға:
- Ауғанстан аумағында әскери борышын орындау кезінде мүгедек болған қатысушылар мен тұлғаларға 100,0 мың теңгеден 454 адамға 45400,0 мың. теңге және 80,0 мың тенгеден 36160,0 мың тенге төленді;
- Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5 адамға - 60,0 мың теңгеден 600,0 мың.теңге төленді. 30 тамыз Конституция күніне мүгедектігі бар балаларға 20,0 мын.тенгеден - 1670 адам 33400,0 мы.тенге төленді.
Ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Қалалық азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша материалдық көмек:
- онкологиялық және басқа ауруына шалдыққандардың емделуiне табысын есепке алмай 15 АЕК 3418 адамға жалпы соммасы 159454,5 мың.теңге төленді;
- табысын есепке алғанда күнкөріске 457 адамға жалпы соммасы 21031,7 мың теңге төленді,
- жерлеуге табысын есепке алғанда 15 АЕК 5 адамға жалпы 229,7 мың.тенге,
- өрт болған жағдайда – 5 адамға 771,6 мың тенге;
- табысын есепке алмай босатылған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайға түскен табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде - 117 адамға 3660,2 мың. теңге;
- табысын есепке алмай «90 жыл» жасына байланысты, – 176 адам жалпы соммасы – 8086,3 мың теңге ;
- табысын есепке алмай табысын есепке алмай мүгедек балаларға 1218 адамға жалпы құны 56465,0 мың теңге
- табысын есепке алмай санаториялық-курорттық емделу үшін 8 адамға 730,8 мың.теңге төленді;
- мүгедектерге жеке оңалту бағдарл. сәйкес санат. емге бар-н жол шығындарын өтеу үшін, билеттердің құны мөлшерінде 268 адамға 3332,1 мын.теңге;
- он бес жастан он сегіз жасқа дейінгі әлеуметтік жағдайы төмен шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушы отбасыларының балаларына қоғамдық көлікпен (таксиден басқа) жол жүруге оқу жылы ішінде 1 АЕК мөлшерінде 134 адамға – 1466,4 мың.теңге төленді.
Еңбек нарығын сараптау және мониторинг
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы»аясында 2022 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығына609 245мың теңге қаражат бөлінді.
2022 жылдың 1қарашасынажұмысқа орналасу мәселесімен 9 726адам жолығып, оның 3 395жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш берілді және 4387адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды, соның ішінде:
Есепті мерзімге 3624адамжұмыссыз ретінде есепте тұр.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қазан айында 13 адам жолықты, оның ішінде зейнеткерлер - 10, мүгедектігі бар бала - 3. Жыл басынан аталған қызмет көрсету бойынша 142 адам қызмет алып жатыр.
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша қазан айында 8 адам құжаттарын тапсырды (2- мүгедектігі бар адам, 3- мүгедектігі бар бала, 3-зейнеткер). Жыл басынан аталған қызмет бойынша 135 адамнан өтініш түсті (28 - зейнеткер, 37- мүгедектігі бар адам, 70- мүгедектігі бар бала). 1-бас тарту басқа жерге ауысуымен.
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттiк қызметі Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сай жүргізілуде. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу, бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақысын төлеп, куәлігін беру болып табылады. Қазан айында электронды түрде 1 адамнан өтініш келіп түсті, құжаттың толық емес пакеті ұсынылғандықтан өтініш кері қайтарылды. Жыл басынан барлығы 36 өтініш келіп түсті.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық тағайындау органына жалпы жыл басынан 103 өтініш келіп түсті.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ
2022 жылдың 10 айында 401 адам көмекке адам жүгінген, өткен жылмен салыстырғанда 47,9% артық (өткен жылдың 10 айында – 271 адам), оның ішінде 122 орталықты паналады (40-әйел, 82-бала) өткен жылмен салыстырғанда 37% артық (өткен жылдың 10 айында – 89 адам, 31-әйел 58-бала). Оның 40-і ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің жолдамасымен келген. Уақытша паналағандарға келесі көмек көрсетілді: құжаттандыруға жәрдемдесу-8, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу – 8, балаларды мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға жәрдемдесу – 3, отбасына 13 әйел оралды.
Көмекке 279 адам жүгінді, оның ішінде 105-не психологиялық, 124-не құқықтық, 50-не әлеуметтік кеңестер берілді, оның ішінде 161 адамға телефон арқылы көмек көрсетілді.
Психологиялық көмекке жүгінген 105 адамға психологиялық диагностика жұмыстар жүргізілді.
Құқықтық көмекке жүгінген 124 адамға келесі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер берілді: 18-алимент өндіру, 21-ажырасу, 29-отбасылық кикілжің, 20-мүлік бөлісу, өзге де сұрақтар – 36, бойынша көмек алды.
50 адамға әлеуметтік кеңес берілді.
Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмаған балалар және әйелдер, қызмет алу үшін жүгінбеді.
2022 жылда келесі шаралар ұйымдастырылды:
Қаңтар айында: 3 қаңтарында орталық фельдшері А.Әбілмажитова қызмет алушыларға «Денсаулық зор-байлық» тақырыбында дәріс оқыды, 10 қаңтарында психолог И.Шукирбаева «Ой, санаға сенімділік қалыптастыру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді, 18 қаңтарында орталық фельдшері А.Әбілмажитова қызмет алушыларға «Баланы қосымша тамақтандыру» тақырыбында дәріс оқыды, 26 қаңтарында орталық директоры Т.Жүніс және психологі А.Жақсымбетова, БҚО ДП ПЗЖН аға инспекторы полиция майоры Д.Сатаровамен бірлесіп әйелдерді зорлық-зомбылықтын қорғау бөлімшесінің қызметкерлеріне онлайн семинар-тренинг ұйымдастырылды, 27 қаңтар күні «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа заң жол бермейді» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған орталық директоры Т.Жүніс, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Сейсенова, Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Б.Шамуратов, орталық меңгерушісі М. Жанбузова, «Ана үйі» ҚҚ үйлестірушісі З.Шканова, сондай-ақ Орал қаласы ПБ кадр саясаты бөлімінің психолог-инспекторы аға лейтенант С.Раймқұлова қатысты.
Ақпан айында: 14 ақпанында орталық директоры Т.Жүніс «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығы КБ ұйымдастыруымен дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек жұмысына Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңесінің өкілі К.Демеуова және Прокурорлық қадағалау кафедрасының доценті Е.Ким қатынасып, адам саудасына қарсы күрес мәселелері қаралды. 15 ақпанында орталық фельдшері А.Берикитова қызмет алушылармен және орталық ұжымымен «Салауатты омір салтын ұстанайық» тақырыбында семинар өткізді. 15 ақпанында орталық директоры Т.Жүніс «Гауһар жолы» ҚБ төрайымы Г.К.Бисеновамен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 17 ақпанында орталықтан қызмет алушылармен БҚО ДП ПЗЖН аға инспекторы Д.Сатарова және БҚО ПД Ақжайык ауданы полиция бөлімі ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жобаның инспекторы, полиция аға лейтенанты Ұ.Хамзина кездесіп, орталықтың әлеуметтік жұмыстар бойынша кеңесшісі Г.Кайрекеева «Бакытты некеге жетелейтін қадамдар» және орталық фельдшері А.Әбілмажитова «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында дәріс оқыса, орталық психологы А.Жаксымбетова «Жақсылық жібі» тақырыбында тренинг өткізді. 18 ақпанында орталық пен Орал қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бірлесіп №50 ЖББО мектебінде әкелер кеңесі мүшелері үшін «Отбасындағы тұрмыстық-зорлықтың алдын-алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 18 ақпанында орталық пен Орал қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бірлесіп №20 ЖББО мектебінде әкелер кеңесі мүшелері үшін «Отбасындағы тұрмыстық-зорлықтың алдын-алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 21 ақпанында орталық пен Орал қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бірлесіп №12 ЖББО мектебінде әкелер кеңесі мүшелері үшін «Отбасындағы тұрмыстық-зорлықтың алдын-алу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Наурыз айында: 1 наурызында Алғыс айту күніне орай «Ризашылығымды білдіремін!» тақырыбында шара өткізілді. 3 наурызында қызмет алушылармен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Асыл ана ардағым» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында аналар мен балаларға Сырым ауданы Жырақұдық ЖББО мектебінің директоры Е.Есмагзом, «Қазақстан әйелдері күштерінің Альянсы» қауымдастығы төрағасының орынбасары С.Мукиева демеушілік көрсетіп мерекелік сыйлықтар табыстады. 16 наурызында орталық психологы А.Жаксымбетова «Агрессормен жұмыс істеу қауіпсіздігі» тақырыбында мамандармен семинар тренинг өткізді. 17 наурызында «Наурыз-жыл басы!» тақырыбында мерекелік шара өтілді. Шара барысында «Бесікке салу» рәсімі жасалды. 30 наурызында ЭБМГ базасында облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен жас мамандар слеті өтті. Слеттің әлеуметтік педагогтың қолайсыз отбасымен ұйымдастыру қызметі секциясында орталық директоры Т.Жүніс дағдарыс орталығы қызметі туралы, Отбасы орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Б.Зайнуллина «Отбасы» қызметі туралы ақпарат берсе, орталық психологі А.Жаксымбетова жас мамандармен тренинг өткізді.
Сәуір айында: 1 сәуірінде БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Т.Есалиев және басқарма басшысының орынбасары Д.Ысқақова орталыққа келіп, жұмысымен танысты. 5 сәуірінде орталық қызмет алушыларына Заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастық «Батыс Қазақстан облысы әйелдері күштерінің Альянсы» демеушілік көрсетті. 5 сәуірінде орталық заңгері М.Даулетиярова «Мақсат» Жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында заңгер отбасы құндылықтары, жастар тәрбиесі және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпарат берді, 14 сәуірінде орталық директоры Т.Жүніс «Адам саудасына қарсы іс-қимылмен және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғаумен айналысатын ұйымдардың ынтымақтастығын қолдау және дамыту» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты. 22 сәуірінде орталық директоры Т.Жүніс Құрманғазы атындағы саз колледж студенттерімен ұйымдастырылған «Қыз өссе елдің көркі» атты тақырыбында кездесуге қатысты. 23 сәуірінде орталық фельдшері А.Әбілмажитова қызмет алушыларға «Денсаулық зор байлық» тақырыбында дәріс оқыды. 25 сәуірінде орталық тәрбиешісі Б.Жарманова қызмет алушы балалармен «Коктем келді» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 26 сәуірінде орталық қызмет алушыларына демеушілер арқылы азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. 29 сәуірінде орталық қызмет алушылармен 1-мамыр халықтар достығы күніне арналған «Бейбітшілік - ел тілегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында орталық директоры Т.Жүніс құттықтау сөз сөйлеп, балалар өз өнерлерін көрсетті.
Мамыр айында: 5 мамырында орталық қызмет алушылар мен қызметкерлерге 9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс жасасын» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында орталық директоры Т.Жүніс құттықтау сөз сөйлеп, балалар өз өнерлерін көрсетті. 23 мамырында орталық заңгері М.Даулетиярова N37 ЖББОМ жалпы мектептік ата-аналар жиналысына қатысты. Кездесу барысында заңгер отбасы құндылықтары, жастар тәрбиесі және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпарат берді. Қатысқан адамнын саны 160 адам. 24 мамырында орталық фельдшері Н.Курметова «Әйел денсаулығы» тақырыбында қызмет алушыларға дәріс оқыды. 25 мамырында орталық фельдшері А.Беркитова «Жедел респираторлық инфекцияның алдын алу, қорғану» тақырыбында қызмет алушыларға дәріс оқыды. 25 мамыр күні орталық заңгері М.Даулетиярова орталық қызметкерлері және қызмет алушыларға 2022 жылғы 5 маусымдағы Референдум туралы ақпарат берді.
Маусым айында: 3 маусымында дағдарыс орталығының психологы А.Жаксымбетова «Бірге көңілді дос болу» тақырыбында қызмет алушылармен ойын тренингін өткізді. Қатысқан адамнын саны 15 адам. 3 маусымында дағдарыс орталығында қызмет алушылармен бірге ҚР ның Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Қатысқан адамнын саны 17 адам. 14 маусымында Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы Орал қаласы , ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы, полиция майоры, аға лейтенант Г.Шариповамен бірлесіп «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жок!» акциясы аясында көшеде жадынамалар таратылып, сұрақ-жауап арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысқан адамнын саны 50 адам. 15 маусымында Орал қаласы, ЖПҚБ әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторы, полиция майоры, аға лейтенант Г.Шарипованың, Орал қалалық маслихат депутаты А.Губашеваның және дағдарыс орталығы мамандарының қатысуымен орталық «Мирлан» базары маңында ақпарат таратылды. Шараның мақсаты қала тұрғындарына тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға арналған дағдарыс орталығының жұмыс жасайтыны туралы айтып жеткізу, телефон номері, мекен-жайы жазылған жадынамалар таратылды. Қатысқан адамнын саны 60 адам. Жалпы – 110 жадынама таратылды. 15 маусымында Орталық директоры Т.Жүніс «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында ұйымдастырылған онлайн зумға қатысты. 30 маусымында орталықта ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төоайымының орынбасары Е.Тарасенко қызмет алушылармен кездесу өткізді.
Шілде айында: 5 шілдесінде Астана күніне орай, қызмет алушыларға «Жасай бер, жайна-Астанам» тақыбында мерекелік шара ұйыдастырылды. Қатысқаны-15 адам. 7 шілдесінде орталыққы ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы Г.Умбетова келіп, қызмет алушылар мен қызметкерлерге ақпарат берді. Қатысқаны-17 адам. 11 шілдесінде ҚР Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы С.Имашева орталыққа келіп, жұмысымен танысты. 28 шілдесінде орталық директоры Т.Жүніс БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің әлеуметтік кәсіпкерлік комитеті полиция департаментінің бастамасымен ұймдастырылған «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөнгелек үстелге қатысты.
Тамыз айында: 9 тамызында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары С.Темірғалиеваның төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен аз қамтылған көп балалы отбасы балаларымен, мүмкіндігі шектеулі балалармен және өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасындағы балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы мәселелер талқыланып, алдағы жаңа оқу жылында бірлескен жұмыс жоспары нақтыланды. 10 тамызында Ақжайык аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Дағдарыс орталығы мен «Отбасы» орталығының жұмысымен танысты. 10 июня текущего года специалисты Акжаикского районного отдела занятости и социальных программ ознакомились с работой Кризисного центра и Центра «Отбасы». 24 тамызында орталық директоры Т.Жүніс Облыстық тамыз маслихатының «Тәрбие кеңістігі: отбасылық құндылықтар» тақырыбында секция жұмысына қатысып баяндама оқыды. 26 тамызында орталықта әріптестер және қызмет алушылармен бірге Конституция күніне орай «Ата заңым- ардақты!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында ҚР ның Гимні орындалып, орталық директоры Т.Жүніс құттықтау сөз сөйлеп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 27 тамызында дағдарыс орталығының психологы
А. Жаксымбетова қызмет алушылармен «Менің қорқыныштарым, менің эмоцияларым» тақырыбында тренинг өткізді. 31 тамызында орталықтан қызмет алушылармен 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Біздің жарқын болашағымыз - біздің балаларымыз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Қыркүйек айында: 7 қыркүйегінде орталық психологі А.Жаксымбетова «Көңіл күй сүреттері» тақырыбында тренинг өткізді, 22 қыркүйегінде орталық директоры Т.Жүніс «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнінде қалалық комиссия» отырысыны қатысты, 29 қыркүйегінде орталық псмихологі А.Жаксымбетова «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының кызметкерлерімен кездесті. 30 қыркүегінде орталық психологі А.Жаксымбетова «Мен сен туралы не білемін?» тақырыбында тренинг өткізді.
Қазан айында: 7 қазанында орталық заңгері М.Даулетиярова БҚО ПД ПЗЗЖ инспекторы полиция майоры Д.Сатарова ұйымдастырған семинар-тренингке қатысты. 19 қазанында орталық заңгері М.Даулетиярова ZOOM режимінде өткен, Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.Ахмеджановтың төрағалығымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу мәселелер туралы» тақырыбында құқықтық форумға қатысты. 21 қазанында орталықта 25 қазан Республика күніне арналған «Байтақ елім-Қазақстан» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Теледидар және әлеуметтік желілер: 25 қаңтарында орталық психологі А.Жақсымбетова БҚО ПД ЖПҚ ЮПт инспекторы полиция капитаны Д.Сатаровамен бірлесіп «AQJAIYQ» телеарнасының «Время вашего вопроса» бағдарламасында «Проблемы бытового насилия в семье» тақырыбында тікелей эфиріне қатысты. 15 ақпанында орталық заңгері М.Даулетиярова «ТДК-42» телеарнасының «Давайте обсудим» бағдарламасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында тікелей эфиріне қатысты. 6 сәуірінде орталық заңгері М.Даулетиярова «AQJAIYQ» телеарнасының «Своё мнение» бағдарламасында «Насилие в отношении детей» тақырыбында тікелей эфиріне қатысты.
20 маусым күні @aqjaiyqjastary парақшасында Тұрмыстык зорлык зомбылық кұрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Жүніс Талшынай Орынбеккызы «Дағдарыс орталығының отбасы құндылықтарын насихаттаудағы рөлі» атты тікелей эфирге қатысты. 22 маусым күні Дағдарыс орталығының заңгері М.Даулетиярова және психолог А.Жаксымбетова «AQJAIYQ» телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасында «Нет насилию в семье» тақырыбында тікелей эфиріне қатысты. 21 маусым күні дағдарыс орталығының психологы А.З. Жақсымбетова ТДК-42 телеарнасына «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында телебағдарламаға қатысты. 15 шілдесінде орталық директоры Т.Жүніс «Хабар» телеарнасының тілшілеріне сұхбат берді. 14 қыркүегінде орталық заңгері М.Даулетиярова «AQJAIYQ» телеарнасының «Свое мнение» бағдарламасында «Укрепление института семьи» тақырыбында тікелей эфиріне қатысты. 15 қыркүйек күні орталық директоры Т.Жүніс «AQJAIYQ» телеарнасының «Сіз не дейсіз?» тақырыбында тікелей эфиріне қатысты.
БАҚ беттері: 2022 жылдың 3 ақпанында №3 «Жайық үні» газетінде «Тоқпаққа көнгендер көп» тақырыбында мақала жарық көрді, 2022 жылдың 9 ақпанында №3 «Ел және мұғалім» газетінде «Ана мен баланың бақытты баспанасына айналған орталық» тақырыбында мақала жарық көрді. 2022 жылдың 23 маусымында №73 Орал өңірі газетінде орталық директоры Т.Жүністің «Шаңырақ шайқалмаса игі» мақаласы жарық көрді.
2022 жылдың қазан айына «Отбасы» орталығына 1824 кеңес алушы келді. Психологқа 167 адам, әлеуметтік маманға 1481 адам, 176 адамға заңгерлік кеңес берілді.
|
«Отбасы» орталығы |
|
|
Көп балалы |
412 |
|
Аз қамтылған |
98 |
|
Мүмкіндігі шектеулі |
54 |
|
Зейнеткер |
47 |
|
Толық отбасы |
1346 |
|
Толық емес отбасы |
437 |
|
Ер адам |
489 |
|
Әйел адам |
1335 |
|
Барлығы |
1824 |
4 қазан күні «Отбасы» орталығында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті. Қарттарды ардақтау мақсатында өткен шараға БҚО орталық мешітінің имамы Наурыз Ибатұлы, Орал қалалық кітапханалар жүйесінің № 16 кітапхана филиалының жанынан құрылған «Ақ кемешек» әжелер үйірмесінің мүшелері, орталығымыздың белсенді аналары, ата – әжелер, «Alau Media» аула клубының тәрбиеленушілері қатысты.
4 қазан күні «Отбасы» орталығында» сәбилерге арналған жұмсақ аяқ киім тігу»(пинетка) шеберлік сабағы болды. Шеберлік сабақ барысында аналарымыз сәбилерге арналған жұмсақ әрі жылы аяқ киім тігіп үйренді. Шеберлік сабақты жүргізген дизайнер ана Гүлім Жамбылқызы Бимуканова. Шеберлік сабақта ең үздік нәтиже көрсеткені үшін Гүлім Жамбылқызы көп балалы ана Анаргүл ханымға @moms_stars_url дүкенінен сертификат табыс етті.
12 қазан күні «Отбасы» орталығында «өзін-өзі әрлеу» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатты жүргізуші Қасымова Бұлды Сәлімқызы. Б.Қасымова шеберлік сағат барысында аналарымызға күндізгі макияж жасауды және косметика таңдауды үйретті.
14 қазан күні «Отбасы» орталығында заңгерлердің тегін құқықтық кеңес беру іс-шарасы аясында БҚО әділет департаментінің бөлім басшысы А.М.Есенгазиева, БҚО адвокаттар алқасының адвокаты С.С.Сисенова, Орал қаласының нотариусы Г.Е.Аблукатаеваның қатысуымен ашық есік күні өтті.
15 қазан күні «Отбасы» орталығының ұйымдастыруымен «Тең Қоғам» орталығында жартылай фабрикаттар жасаудан шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабақ барысында қатысушылар тефтель, тұшпара, котлеттер жасап үйренді.
21 қазан күні «Отбасы орталығында 25 қазан -Республика күніне орай «Шарықтай бер – Отаным» атты мерекелік шара оздырылды. Шараға Орал гуманитарлық колледж студенттері қатысты. Мерекелік шара Мемлекеттік Гимн орындаумен басталды. Іс-шара барысында орталық меңгерушісі М.Жанбузова құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шарада «Әйгерім» балалар аула клубының тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Шараның өтуіне атсалысқан «Әйгерім» балалар аула клубы және Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №7 кітапхана филиалы қызметкерлері алғысхатпен марапатталды.
Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №7 кітапхана филиалының кітапханашылары Мейрамгүл Амангелдіқызы мен Нурсулу Насипқызы қонақтарды кітап көрмесімен таныстырып, шараны қорытындылады.
Қазіргі таңда орталық мамандары egov сайты арқылы 1140 адамға түрлі қызмет түрін көрсеті. Жалпы жыл басынан 205 адамға материалдық көмек көрсетілді, 28 шеберлік сағаты ұйымдастырылды, оған 202 ана қатысты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, қалыпты өмірге қайта алып келетін медициналық, психологиялық, құқықтық және өзге де іс шаралар жүргізіледі.
Әлеуметтік бейімделу орталығының қызметі: құжаттарын рәсімдеу, әлеуметтік қолдау, медициналық, психологиялық көмек көрсету, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алуға жәрдемдесу, денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындау, уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру.
2022 жылдың 1 қаңтарында тұрып жатырғаны 50 адам болды ( 2021 жылдың 1 қаңтарында тұрып жатырғаны 57 адам)
2022 жылдың 31 қазанына дейін 92 адам қабылданды, ( 26 %-ға артық) (2021 жылдың 31 қазанына дейін қабылданғаны 73 адам).
2022 жылдың 31 қазанына дейін 142 қызмет алушының 27-і әйел адам ( 19%), 115 і ер адам ( 81 %), (2021 жылдың 31 қазанына дейін 130қызмет алушының 25-і әйел адам ( 19,2 %), 105-ы ер адам (80,8 %).
2022 жылдың 31қазанына дейін барлығы 142 қызмет алушының – 42-нің ( 29.6 %) соттылығы бар, оның 9-уі пробация қызметінің есебінде (21,4 %). (2021 жылы 31 қазанына дейін 130 қызмет алушының 43-нің (33 %) соттылығы бар, оның 2-уі пробация қызметінің есебінде (4,7 %).
2022 жылдың 31 қазанына дейін құжаттары қалпына келтірілді–22 қызмет алушыға ( 18,5 % кем, 2021 жылы-27 адам).
Орталықтың тіркеуіне алынды – 47, Электрондық Сандық Қолтаңба – 36 адамға, Оңалтудың жеке бағдарламасы - 11 адамға. Зейнеткерлік пен мүгедектік алу куәлігі жасалынды - 18 адамға.
2022 жылдың 31 қазанына дейін жасына байланысты зейнеткерлік тағайындалғаны – 4 адам, 55,5% кем (2021 жылы –9 адам ).
2022 жылдың 31 қазанына дейін мүгедектік тағайындалғаны – 4. (33,3 % артық 2021 жылы мүгедектік тағайындалғаны–3.
2022 жылдың 31 қазанына дейін қарттар үйіне орналасқаны – 23 (77% артық, 2021 жылы– 13 адам ).
2022 жылдың 31 қазанына дейін 3 адам жұмысқа орналасып, жалдамалы пәтерге орналасты.
2022 жылдың 31 қазанына дейін жұмысқа орналасқаны - 43 адам (72% -ға артык (2021 жылы жұмысқа орналасқаны-25 адам), соның ішінде 2022 жылы тұрақты –20 адам, (2021 жылытұрақты - 9 адам (122% артық), уақытша - 23 адам (43,7% (2021жылы уақытша - 16 адам).
2022 жылдың 31 қазанына дейін тұрып жатырғаны 50 адам. (28,2% артық), (2021 жылы 31 қазанына дейін - 39 адам).
Түнектегі адамдар тәуліктің түнгі уақытында жазғы мезгілінде сағат 21 - ден 9 - ға дейін, қысқы мезгілінде сағат 18 - ден 10 - ға дейін бола алады. 10 ай ішінде218адамға қызмет көрсетті. 4,8 % артық, (2021 жылдың 31 қазанына дейін тәуліктің түнгі уақытында уақытша болу ұйымында 208адамға қызмет көрсетті).
Ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында арнаулы әлеуметтік қызмет және медициналық қызметтер көрсетеді:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін көмек көрсету.
2022 жылдың 31 қазанына дейін ұтқыр әлеуметтік патруль 226адамға қызмет көрсетті. 1,8% артык, 2021 жылы 222адамға қызмет көрсетті).
|
|
Ұтқыр әлеуметтік патруль қызметі |
Уақытша болу бөлімі (тәуліктің түнгі бөлігі) |
|
31.10.2021жыл |
222 адам |
208 адам |
|
31.10.2022 жыл |
226 адам |
218адам |
|
|
1,8 % ға артық |
4,8% ға артық |
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ
Жыл басынан бастап денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып 144 адамға жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде арнайы әлеуметтік қызметтер тағайындалды. Олардың ішінде жалғызбасты қариялар мен I-II топ мүгедектері бөлімшесіндегі қызмет алушылар саны - 129, мүмкіндігі шектеулі балалар - 13, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар– 2.
Жыл басынан бері әр түрлі себептермен (өз өтініші бойынша, басқа елді мекенге көшуіне, қайтыс болуына байланысты т.б.) бөлімшенің есебінен 127 адам шығарылды. Жалғызбасты қариялар мен I-II топ мүгедектері - 115, мүмкіндігі шектеулі балалар-12, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар-0.
Қазіргі таңда 2022 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мекемеде үйде қызмет алушылардың жалпы саны – 882 адам.
- Жалғызбасты қариялар - 760 (соның ішінде қариялар – 730, мүгедектер - 30); (Осыдан әртүрлі санаттағы адамдар: Ұлы Отан соғысының ардагері – 2, Ұлы Отан соғысының мүгедегі – 0, Ұлы Отан соғысына қатысушының жесірі – 8, тыл қызметкерлері – 128, зейнеткерлер- 592).
- Мүмкіндігі шектеулі балалар - 81; (соның ішінде сал ауруына шалдыққан балалар – 42, психоневрологиялық ауруы бар балалар- 39)
- Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар – 41.
Жыл басынан бастап денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе отырып күндізгі жартылай стационарлық бөлімшесінде 24 адамға жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде арнайы әлеуметтік қызметтер тағайындалды..
Жыл басынан бері әртүрлі себептермен (өз өтініші бойынша, басқа елді мекенге көшуіне, қайтыс болуына байланысты т.б.) күндізгі жартылай стационарлық бөлімшесі есебінен 20 адам шығарылды.
Қазіргі таңда 2022 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мекемеде күндізгі жартылай стационарлық бөлімде 45 адам қызмет алады.