«Бала құқығы – адам құқығы»

«Бала құқығы – адам құқығы».

 

2022 жылдың 10-20 қарашасы аралығында 20 қараша – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» өтуде.

1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы08 тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Баланың өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң.

Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Балалардың отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

  • Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
  • Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
  • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
  • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

«Біліпжүрейік!»

1 - маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.

20 - қараша – дүниежүзілік балаларкүні.

Дата публикации
15 ноября 2022