Раймкулова Алия Болатовна – 1958 жылы БҚО Тасқала ауданында туған. 1979 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педогогика институтын математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Шыңғырлау ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1984 жылы Шыңғырлау ауданының мәдениет бөлімінде меңгеруші, аудандық үгіт-насихат бөлімінде инспектор, Орал педогогикалық колледжінде мұғалім, қалалық білім басқармасында мектеп инспекторы болып жасаған. 2002-2007 жылдары Орал қаласының мәдениет бөлімін басқарған.
Алия Болатқызы мәдениет саласында жаңашыл үрдістер енгізумен қатар, аула клубтарын ашу, кітапхана жүйесін компюьтерлендіру бағытында үлкен жұмыс атқарды.Қала көлемде түрлі шаралардың дәстүрлі ұйымдастырушысы болды. Білімді маман, өзіне де, қызметкерлерге де талапшыл, шебер ұйымдастырушы.