2022 жылдың 1 маусымына
бюджеттi атқару сатысындағы азаматтық бюджет
Есепті айдың қортындысы бойынша қала бюджетінің шығыстары (жергілікті өзін-өзі басқару органдарды қосқанда) 99,1% орындалды, игерілмегені 125,0 млн. теңге, соның ішінде:
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 0,9 млн.теңге,
облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 90,8 млн. теңге,
қалалық бюджет есебінен 26,5 млн.теңге,
кент, ауылдық округ бюджеттері есебінен 6,8 млн.теңге.
Орал қаласы бойынша ағымдағы жылдың 1 маусымына бюджеттің жоспары (4-ші деңгейлі бюджетті қосқанда) 13 355,0 млн. теңгені құрады.
Түсімдер бойынша жоспар 107,9% орындалды немесе 14 406,5 млн. теңге;
Шығыстар бойынша (4-ші деңгейлі бюджетті қосқанда) 99,1% орындалды.