2022 жылдың 1 наурызына
бюджеттi атқару сатысындағы азаматтық бюджет
2022 жылдың қала бюджетінің жоспары (жергілікті өзін-өзі басқару органдарды қосқанда) 38 230,9 млн. теңгені құрайды, соның ішінде:
-қалалық бюджет есебінен – 23 291,3 млн. теңге;
-кент, ауылдық округ бюджеттері есебінен-124,8 млн. теңге;
-республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер–9 005,1 млн. теңге;
-облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен– 5 809,7 млн. теңге.
Орал қаласы бойынша ағымдағы жылдың 1 наурызына бюджеттің жоспары (жергілікті өзін-өзі басқару органдарды қосқанда) 3 458,5 млн. теңгені құрады.
Түсімдер бойынша жоспар 116,3% орындалды немесе 4 021,6 млн. теңге;
Шығыстар бойынша (жергілікті өзін-өзі басқару органдарды қосқанда) 95,1% орындалды.