БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметттік бағдарламалар басқармасы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2022» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру  және  әлеуметттік бағдарламалар басқармасы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2022» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

Байқау еліміздің тұңғыш Президентінің бастамасымен 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N523 Жарлығымен «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс өткізу ережесі бекітілді. Конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Өтініш берушілерге:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3)Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Үміткерлерге конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Өтінімдерді қарастыру облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақтық комиссиясының қорытындысы бойынша құжаттар республикалық комиссиясына жолданылады.

Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Үздік ұжымдық шарт".

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

"Экологияға қосқан үлесі үшін".

Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шарларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады;

Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды:

1) өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 25 шілдеге  дейін.

         Материалдар қағаз және электронды тасығыштарда ұсынылады.                       

         Толық мәлімет алу үшін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің  www.enbek.gov.kz сайтынан немесе  БҚО жұмыспен

қамтуды үйлестіру  және  әлеуметттік бағдарламалар басқармасына «Парыз-2022»

конкурсынын  қатысуға құжаттарды қабылдау бойынша жұмыстар басталады, мекен

жайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2, 405-каб, тел. 8(7112) 50-50-99, 51-28-66,

электрондық пошта: u.sobes@bko.gov.kz.

          Анықтама телефондары: 93-35-74,93-35-98.

       

Дата публикации
28 апреля 2022