Есепті жылдың 1-ші тоқсанының қортындысы бойынша қала бюджетінің шығыстары (жергілікті өзін-өзі басқару органдарды қосқанда) 99,5% орындалды, игерілмегені 29,5 млн. теңге, соның ішінде:
республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 19,0 млн.теңге,
облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 4,8 млн. теңге,
қалалық бюджет есебінен 4,8 млн.теңге,
кент, ауылдық округ бюджеттері есебінен 0,9 млн.теңге.
Орал қаласы бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуіріне бюджеттің жоспары (жергілікті өзін-өзі басқару органдарды қосқанда) 5 596,6 млн. теңгені құрады.
Түсімдер бойынша жоспар 127,6% орындалды немесе 7 139,3 млн. теңге;
Шығыстар бойынша (жергілікті өзін-өзі басқару органдарды қосқанда) 99,5% орындалды.