ХАБАРЛАНДЫРУ

Орал қалалық мәслихаты қалалық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 7 адам, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері – 2 адам және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері - 5 адам болуы тиіс. Конкурсқа жұмыс тобы мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған,  Орал қаласында тұратын және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңның 10- бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде  мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайына жібереді:

         1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

      2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның  жазбаша ұсынысы;

         3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

         4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Аталған құжаттарды мына мекенжайға жолдау қажет: Орал қалалық мәслихаты, Орал қаласы Н.Назарбаев данғылы 182/1 №306 кабинет, телефон 510444,  электрондық пошта: zko_ugm@mail.ru

                                                                                       Орал  қалалық  мәслихаты

 

 

 

         ХАБАРЛАНДЫРУ

 

         Орал қалалық мәслихаты қалалық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурсқа байқаушылар іріктеу жариялайды. Байқаушы болуға ниет білдірген тұлға Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті мемлекеттік органға ұсынады немесе электрондық поштаға жібереді.

         Өтінішті хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде Орал қалалық мәслихатына мына мекенжай бойынша жолдау қажет: Орал қаласы Н.Назарбаев данғылы 182/1 №306 кабинет, телефон 510444, электрондық пошта: zko_ugm@mail.ru

 

Орал  қалалық  мәслихаты

Дата публикации
04 января 2022