Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және 2021 жылғы 7 маусымдағы Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 01-001-03/29 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
- Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
- «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.
- «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.