Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген) бұйрығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды (кондоминиум объектісінің құрамына кіретін) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
  2. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Мүлкәйға жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
16 сентября 2021