Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің сайлау күнін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңына, Орал қаласы әкімінің  2021 жылғы 04 ақпандағы №03-10/221 хатына сәйкес Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылдың 18 наурызында Орал қаласының  Круглоозерный кенті  әкімінің  сайлауы  тағайындалсын.
  2. Мерзімін тағайындау:
    • Әкімдікке кандидаттарды ұсыну – 2021 жылдың 16 ақпанынан 20 ақпанына дейін.
    • Әкімдікке кандидаттарды тіркеу – 2021 жылдың 16 ақпанынан 02 наурызына дейін.
  3. 2021 жылдың 18 наурызында белгіленген Орал қаласының Круглоозерный кенті  әкімінің  сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс - шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының  2001 жылғы  23  қаңтардағы «Қазақстан   Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңына  сәйкес өткізілсін.
  5. Осы қаулы  Орал қаласы әкіміне, Орал қалалық мәслихат хатшысына жолдансын.
  6. Круглоозерный кенті әкімінің сайлау күні туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Дата публикации
09 февраля 2021