Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі

Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі,  шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары,  пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі                  басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды           ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  4. Орал қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  5. Орал қалалық мәслихат аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  6. Осы шешім  алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Сессия төрағасы

 

М. Каженов

Орал қалалық мәслихатының хатшысы

 

А. Аубекеров

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 14.08.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6341 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Уральский городской маслихат - Председатель сессии Марат Жаулыбаевич Каженов, 14.08.2020 12:33:38, положительный результат проверки ЭЦП

Уральский городской маслихат - Секретарь маслихата Аккали Умбеткалиевич Аубекеров, 14.08.2020 12:34:23, положительный результат проверки ЭЦП

Уральский городской маслихат - Председатель сессии Марат Жаулыбаевич Каженов, 14.08.2020 12:35:05, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Западно-Казахстанской области - Заместитель руководителя Департамента Естай Елтаевич Рашкалиев, 14.08.2020 17:00:01, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
06 октября 2020