Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаһандануы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтардың мирасқорлығын сақтау, еңбек адамдары туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі еңбек үлестерін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму Министірінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 610 бұйрығымен «Еңбек жолы» республикалық конкурсы бекітілді.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Жұмыс берушілер тарапынан конкурсты өткізуге белсенді қатысуды сұраймыз.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
таңдалады.
белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
«Еңбек жолы» конкурсына қатысушылардың өтінімдері тиісті материалдармен қоса Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 161, (2-қабат, 13 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылдың 9 сәуіріне дейін ұсынуды сұрайды.
Қосымша мәлімет алу үшін электрондық пошта арқылы soc_uralsk@bko.gov.kz немесе байланыс телефондары: 93-35-74, 93-35-98 хабарласуға болады.