Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен (7 бөлім, 1 селолық округі және 3 кенттерімен) 2021 жылда 21 017 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген болатын. Оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы - 3 498.
Қағаз нысанда - 19,
Қызмет түрі баламалы жолмен көрсетуге мүмкіндігі болса да қағаз нысанда көрсетілген - 215,
Электронды түрде - 17 285 қызмет.
2021 жылдың есептік кезеңінде 1 мемлекттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылу факті спорт және дене шынықтыру бөлімі. Қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылды.
Тұрақты түрде бақылау іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 7 бөлім, 1 селолық округі және 3 кенттерінде мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетудің заңдылығы тексерілді. Бекітілген жоспарға жыл соңына дейін құрылымдық бөлімдерде тексеріс жүргізіледі.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу: Мемлекеттік қызмет көрсетуде ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 5 маусым күні Орал қаласы әкімі аппаратының ғимаратында «Ашық әкімдік» ұйымдастырылды. Бұл алаңның ерекшелігі – қызмет алушылар кезектерін күтіп отырған аралықта ресепшн және қызметкерлер үстелдерінде үлестірме материалдармен танысып, видеороликтерді көре алады. Қызмет алу кезінде осы және басқа да мемлекеттік қызметтерді алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ашылғаннан бері бұл операциялық залда 100 мыннан адам болған.
- Президентінің «Құлак асатың мекемесі» жолдау қамтамасыз ету мақсатында, және селолық, кентік алыста тұратын адамдарға арналған 2020 жылдың 15 қантарда Зачаганск кентінде «Ашық әкімдік» ұйымдастырылды. Ашылғаннан бері бұл операциялық залда 392 адам болған.
2020 жылдың 31 желтоқсанда Деркул кентінің әкімдігі ғимаратта «Ашық әкімдік» ұйымдастырылды.
Сервистік әкімдік, өзінің өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылуы жұмыстары 2021 жылда жалғастыратыңдығын хабарлайды.
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жұмыстың ажырамас бөлігі бұл – қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет туралы ақпараты бар жадынамалар тарату. Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
2020 жылдың 05 ақпанында Зачаган кенті әкімінің №27 өкімі және 2018 жылдың 31 қантарында Желаев селолық округі әкімінің №14 өкімі негізінде аталған әкімдіктерде «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» құрылды.