Орал қаласының құрылыс бөлімі "ММ Экологиялық Кодексінің 57-2 талаптарын орындау мақсатында 2021 жылғы 24 наурызда сағат 10:00-де Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1, №116 кабинет мекен-жайы бойынша өтетін "БҚО, Орал қаласы, Зачаганск кентінде 28-дақ, 15-дақ, 29-дақ тұрғын үйлерді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілерді салу" жұмыс жобасы бойынша сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қатысушыны тіркеу қоғамдық тыңдаулар өтетін күні сағат 9:30-да белгіленген орында басталады.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты орган - "Орал қаласының құрылыс бөлімі" ММ, тел.: 8 (7112) 50-54-51.
Мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мына мекенжай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 182/1, тел.: 8 (7112) 50-54-51, e-mail: oks.uralsk00@mail.ru
Жобаны әзірлеуші: "ГипроГаз" ЖШС, тел.: 8 (7112) 50-33-93.
Жоба бойынша құжаттама сайтта орналастырылған http://www.gov.kz/memleket/entitles/uralsk?lang=kk "қоғамдық тыңдау"бөлімінде.
Әзірлеушінің электрондық мекенжайы, онда жұртшылық өкілдері жобалардың материалдарымен қағаз және электрондық түрде таныса алады және ұсыныстар мен ескертулер қабылданады: giprogaz1@yandex.kz .