Орал қаласының әкімі мен қаланың селолық округі мен кенттер әкімдерінің 2020 жылғы халыққа есеп беру барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

     №

АЙТЫЛҒАН ЕСКЕРТУЛЕР/ ҰСЫНЫСТАР

ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

1.      

№ 51 маршруттағы автобустар жұмысының сапасын жақсарту және жүріп тұру кестесінің сақталуын қатаң бақылауға алу мәселесі

№51 маршрут автобусының тасымалдаушысы «Ақжол авто» ЖШС болып өзгерді. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін график өзгеріп, жүріс жолы Круглоозерный кенті ішіне дейін созылды.

2.      

Круглоозерный кенті, Астана көшесінің бойына тротуар салу мәселесі

Оқушылардың мектепке бару кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы Астана көшесінің бойымен Круглоозерный ЖОББМ-не дейінгі аралықта жалпы ұзындығы 350 м болатын жаяу жүргінші жолы төселді. 2020 жылы 478 м болатын жаяу жүргінші жолы салынды.

3.      

Круглоозерный кенті, Атамекен шағынауданында орналасқан  көшелердің атауларын орнату мәселесі

Атамекен шағынауданында көше атаулары көше қиылыстарында толық орнатылған. 

4.      

Круглоозерный кенті, Атамекен шағынауданында кабельдік интернет желісін өткізу мәселесі

Круглоозерный кентінің Атамекен ш/а-ны тұрғындарының кабельдік интернет желісін өткізу мүмкіндігі бойынша «Қазақтелеком» АҚ хат жолданып, жауап хатында   кабельдік интернет желісін өткізуге болатындығын  хабарлады. Тұрғындарға өз қажеттілігіне байланысты кабельдік интернет желісін өткізе алатындығы туралы түсінік жұмыстар жүргізілді.

5.      

Круглоозерный кенті, Атамекен шағынауданындағы көшелерде жарықдиодты шамдарын орнату

Қазіргі таңда Атамекен шағынауданына жарықдиодты шамдар толық орнатылды.

6.      

Серебряков  ауылының жас мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету  мәселесі

Круглоозерный кентіндегі жас мамандарға Шағала 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерін тиімді бағада алу жолдары бойынша аталған тұрғын үй мердігері  «ОралЗемТрубСервис» ЖШС директоры Кубеев Алек Тынымгереевичпен конференция өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

7.      

Круглоозерный кентінде балабақша ашу мәселесі

«ОралЗемТрубСервис» ЖШС мекемесі өз қаражаты есебінен жеке балабақша құрылысы жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі танда астынғы қабатын салу жүргізілуде. 2021 жылдың аяғында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Круглоозерное кентінде  жеке балабақша ашу мәселесі бойынша білім беру бөліміне «Қамқор Құрылыс» ЖШС-ның  басшысы Т.Т.Нұрғазиев 160 балаға мемлекеттік білім тапсырысына өтініш берілді.

8.      

Круглоозерный кенті бойынша қоқыс шығару жұмыстарын күшейту мәселесі

Кентіміздің санитариялық тазалығын бақылау «ЖайықТазаҚала» ЖШС мекемесімен келісім шарт бойынша 2 бригададан құралған 10 жұмысшы (6-Круглоозерныйда, 4 Серебряковода) жұмыстануда және  ҚТҚ жинау «ОралТазаСервис» ЖШС мекемесі апта сайын контейнерлерді тазалау, ҚТҚ шығару жұмыстарын жүргізуде.

9.      

Круглоозерный кентінде  балаларға арналған демалыс орталығын ашу мәселесі

Кентімізде жастар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» саябағы мен «Оқушылар» тынымбағы бар. Аталмыш саябақпен тынымбақта балаларға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.

10.  

Круглоозерный кенті, Атамекен шағынауданында жол жөндеу мәселесі

«Атамекен» шағынауданының Марқасқа, Қабанбай батыр және Аламан көшелерінде жалпы ұзындығы 1815 метр құм қиыршықтас  қоспасын төсеу жұмыстары жүргізілді.

11.  

Орал қаласы, Зашаған кенті, М.Мөңкеұлы көшесі, «Азиза» аялдамасы маңына («Көктем» дүкені мен М.Мөңкеұлы көшесі №77 үй аралығы) жаяу жүргіншілер белгісін орнату мәселесі

Аталған мекенжай бойынша жаяу жүргіншілер белгісі орнатылды.

 

12.  

Зашаған кенті, Сарытау шағынауданында  спорт алаңын салу мәселесі

Сарытау ш/а бойынша М.Мөңкеұлы көшесі бойына кешенді спорт және балалар ойын алаңы салынды.

13.  

Зашаған  кенті, Сарытау шағынауданындағы жол жөндеу мәселесі

Сарытау ш/а жолын жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Ұзындығы – 6572 м болатын 7 көше және 3300 метрді құрайтын 4 көше аяқталды. Қалған 3 көше 2021 жылы аяқталады.   Нысан ауыспалы.

14.  

Зашаған кенті, Болашақ шағынауданы, Бөкен би көшесімен Аманшин көшесі қиылысында орналасқан темір  құбырды темір бетон өнімдеріне ауыстыру мәселесі

Аталған мәселе бойынша 2020  жылы жол кедергісі орнатылып, тұрғындармен көтерілген мәселе шешімін тапты.

15.  

Зашаған кентінде қаңғыбас иттерді аулау мәселесі

Жыл басынан бері Зашаған кенті бойынша 160 ит ауланды.

16.  

Зашаған кенті, Меловые горки  ауылына жүретін  № 3 маршруттағы автобустардың жүріп тұру кестесін сақтамауына байланысты №22 маршруттағы автобустың  сұлбасын  Меловые горки ауылына дейін ұзарту мәселесі

№3 маршрут қоғамдық көліктер саны 20 ға дейін көбейтіліп және сыйымдылығы жағынан үлкен габаритті автобустар жүреді.

№22 маршруттың схемасының ұзақтығына байланысты «Құс фабрикасына» дейін ұзартылды.  

17.  

 Зашаған кенті, Жақсы ауыл шағынауданының көшелеріне асфальт жабынын төсеу мәселесі

(Мұсағалиева, Дәуқара көшесі ЖСҚ дайындалып, экспертизадан өтті. Қажетті қаражат - 146,495 мың.тг)

(Дауылбаева, Буйрин көшесі ЖСҚ дайындалып, экспертизадан өтті. Қажетті қаражат – 137 778 мың.тг) Аққозы батыр, көшесіне ЖСҚ жасақаталып, экспертизадан өтуде. Қажетті қаражат -130,0 мың.тг) Қаражат бөлінгеннен кейін жоба іске асырылатын болады.

18.  

Зашаған кентінде орналасқан Аниськин көлі қоқысқа айналып барады, қажетті шара қабылдау мәселесі

Аталған мекенжай бойынша стихиялық қоқысты шығару жұмыстары жүргізіліп, аталған мекен жайға бейнебақылау камерасы орнатылды.

19.  

Зашаған кенті, Аққозы көшесіндегі трансформаторды  қоршау мәселесі

Аталған мәселе бойынша қоғамдық қауіпсіздікті алдын алу мақсатында, қоршау жұмыстары жүргізілді.

20.  

Зашаған кентіндегі, 25—ші Чапаев дивизиясы көшесі, №3 үйдің төбесін ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы  жөндеу  мәселесі

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы төбені күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

21.  

Зашаған кенті, Мөңкеұлы №77 және №79 үйлерінің жанындағы (жылу құбыры) шұңқырды жабу мәселесі

Мөңкеұлы №77 және №79 үйлерінің жанындағы (жылу құбыры) шұңқырды жабу мәселесі бойынша  қазіргі таңда Орал қаласының құрылыс бөлімімен қосымша жобалау сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қаражат бөлінгеннен кейін жоба іске асырылатын болады.

22.  

Зашаған кенті, Балауса шағынауданында мектеп салу мәселесі

Балауса шағынауданы бойынша №53 мектеп құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамада қаралуда.

23.  

№6, 45 маршруттағы автобустардың жұмыс сапасын жақсарту және жүріп тұру кестесінің сақталуын қатаң бақылауға алу, автобустардың ішкі санитарлық және басқа да талаптарға сай болуын тексеру мәселесі.

Аталған мәселелер бойынша ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімімен бірге Зашаған кенті әкімі аппаратының мамандарымен мониторинг жұмыстары өткізіліп, санитарлық талаптарға сай болуы тексеріліп отырылады.

 

24.  

Зашаған кентінде мәдени –демалыс орталығын салу мәселесі

Зашаған кенті аумағына мәдени демалыс орталығын салу мәселесі бойынша жер телімі қарастырылуда.

Зашаған кенті, Қамбар батыр көшесі,15 мекенжайынан балалар шығармашылық орталығы ашылуда. Бір күнде балаларды қамту көрсеткіші - 500 адам.

Үйірмелердің жалпы саны-14.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Орал қаласынің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен «Бәйтерек» аула клубы жөңдеуден өтті.

25.  

Зашаған кенті, М.Мөңкеұлы көшесін жөндеу мәселесі

Орал қаласының құрылыс бөлімімен Мөңкеұлы көшесінің жолдарының құрылысына ЖСҚ 3 жыл өтуіне байланысты, ЖСҚ қайта түзету жүргізілуде.

26.  

Зашаған кентінде бейнекамералар орнату мәселесі

Кент аумағы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті алдын алу мақсатында және 2020 жылдың абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау үшін, 8 учаскіге бейнекамералар орнату жұмыстары аяқталды.

27.  

Зашаған кенті, Айтқұлов көшесіне (мектептің  алдына) бағдаршам орнату мәселесі

Айтқұлов көшесі бойына 4 дана жаяу жүргіншілер өтуіне «қорғау» жол апатын төмендету белгілері орнатылды.

28.  

Қоқыс полигоның жою бағытында тиісті шаралар қабылдау мәселесі

Қазіргі таңда Орал қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының өртену салдарын жою бағытында аталған полигонның бір бөлігін (28 га) рекультивациялау жобасы жүзеге асырылуда. Жобалаушы мекеме – «УралВодПроект» ЖШС.

29.  

Желаев округі, Вербовая көшесіне  асфальт  жабының төсеу мәселесі

Вербовая көшесінің жолында құм қиыршықтас  қоспасын төсеу жұмыстары жүргізілді.

30.  

Желаев округі, Шоссейная көшесінде тазалық мәселесі

Санитарлық тазалықты сақтау мақсатында Шоссейная көшесіндегі ҚТҚ алаңдарына қосымша қоқыс жәшіктері қойылды. Жаз мезгілінде аталған көшеде шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

31.  

Желаев округінде  дәріхана ашу мәселесі

2016 жылы Отбасылық  дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанынан «Талап» АҚ дәріхана пункті ашылып, сұраныстың төмен болуына байланысты 2018 жылы өз ісін тоқтатуға мәжбүр болды.

2019 жылы отбасылық дәрігерлік амбулаториясында есепте тұрған емделушілерге дәрі-дәрмектерді  кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде  беру қарастырылған, Қазіргі таңда дәріхана ашу мүмкіндігі жоқ. 

32.  

№14,38  маршруттағы автобустардың жұмыс сапасын жақсарту және жүріп тұру кестесінің сақталуын қатаң бақылауға алу мәселесі

2020 жылдың  1 қазаннан бастап «Алый Парус» ЖШС-мен келісімшарт жасақталды. №14,38 қоғамдық көлік қатынасы «Алый Парус» ЖШС-нің диспетчері және Орал қаласының қоғамдық көлік және автомобиль жолдары бөлімімен қатаң бақылауға алынды.

33.  

Желаев  селолық округінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мәселесі

Округ аумағында көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары  жоспарға сай жүргізілетін болады.

34.  

Желаев селолық округі, Көктем көшесі бойындағы ескі шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру мәселесі

Желаев селолық округі, Көктем көшесі бойындағы ескі шамдарды 6 дана жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

35.  

Желаев селолық округі, Көктем көшесі, № 2 үйдің шатырын қайта жөндеу жүргізу мәселесі

Көктем көшесі, №2 үйдің шатыры 2012 жылы жөндеуден өтті. Жобы құны – 7 193 030 тг. Тұрғындармен ақша өтеу келісімшарты 2015 жылға жасақталған. Мердігер – «ТалапКұрылыс» ЖШС. Кепілдік мерзімі – 3 жыл, алайда келісімшарт мерзімі өтіп кетуіне байланысты «Нұрлы Жер» 2020-2025 жж. бағдарламасына қатысып, қайта құжаттарды дайындауы керек.

36.  

Желаев селолық округі, №14 ЖОББ мектебінің кәріз жүйесі құрылысын қалалық кәріз жүйесіне қосу мәселесі

Жобалық-сметалық құжаттамма жасақтау үшін есеп жасатылды. Кезекті маслихат сессиясында ЖСҚ дайындауға қаражат сұратылатын болады.

37.  

Нарықтағы азық-түлік бағасын бақылау  мақсатында үнемі мониторинг жүргізу мәселесі

Нарықтағы азық-түлік бағасына үнемі мониторинг жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің белгіленген бағадан асып кетпеуі бақыланып, реттеліп  тұрады.

38.  

Желаев селолық округінде спорт алаңын салу мәселесі

Спорт кешенінің және балалар ойын алаңының құрылыс нысаны бойынша мердігер анықталды. 2021 жылы қолданысқа беріледі.

39.  

Желаев селолық округі аумағында жаяу жүргінші жолдарын жөндеу және  салу мәселесі

2020 жылдың сәуір айында  Желаев селолық округінің Агрегатная, Шоссейная, Кленовая  көшелерінде орналасқан жаяу жүргінші жолдарын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2020 жылдың қараша айында Агрегатная көшесіне (40 метр) және Көпбергенов көшесіне (260 метр) жаяу жүргінші жолдары салынды.

40.  

Деркөл кентіндегі «Столовая» аялдамасында және Тәуке хан көше бойындағы бағаналарға жарықшамдар орнату мәселесі

Тәуке хан көшесіндегі бағаналар толықтай жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. «Столовая» аялдамасы маңындағы екі бағанаға жарықдиодты шамдар қойылды.

41.  

Деркөл кенті,  Сарыарқа шағынауданының жол жөндеу мәселесі

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 2020-2022 жылдары жалпы ұзындығы 44,2 шақырым болатын 48 көшені жөндеу қарастырылған, тротуарлардың ұзындығы 4931 метрді құрайды. Осы жылы Б..Майлин көшесімен №49 ЖОББМ-не дейінгі жол салу жұмыстары аяқталды.

42.  

№7 маршруттың жүру кестесін (интервалын) сақталуын бақылауға алу  мақсатында жауапты диспетчер тағайындау және  №7 маршрут бойынша жүретін автобустардың ішкі санитарлық жағдайы талаптарға сай болу және бұл маршрут бойынша  қосымша автобус шығару мәселесі

№7 маршруттың жұмысын бақылау үшін «Ақжол-авто» ЖШС-нің тарапынан диспетчер тағайындалды. Деркөл кенті әкімі аппараты мамандарымен №7 маршруттың жүру кестесін (интервалын) сақталуын және жүретін автобустардың ішкі санитарлық жағдайы талаптарға сәйкестігіне тексеріс жұмыстары жүргізілді. Желіден ерте шықпауын қадағалау үшін «Ақжол-авто» ЖШС жолаушы көлігі секторы тарапынан бақылауға алынды.

43.  

 Деркөл кенті, Сарыарқа ш/а дәрігерлік пунктің ашу мәселесі

Деркөл кенті, Сарыарқа шағын ауданындағы «Бірлік» СҮ 2-ші қабатынан дәрігерлік пункті ашылды.

44.  

Деркөл кенті, Бараев және Латышская  көшелерінің ағымдағы жол жөңдеу жұмыстарын жүргізу мәселесі

Орал қаласының ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімімен қала аумағында жолдарды 2021 ағымдағы жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу заңына сүйене отырып, мердігер мекемені анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталып, ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған кезде, аталған жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

45.  

Деркөл кентінің Ғ.Мүсірепов көшесі бойына қоқыс  контейнерлерін орнату, орман белдеуінің қоқыстарын шығару үшін сенбілік ұйымдастыру мәселесі

Деркөл кентінің Ғ.Мүсірепов көшесі бойына қоқыс контейнерлері орнатылды. Деркөл кенті Сарыарқа ш.а. маңында, сонымен қатар Деркөл өзені жағалауында тұрғындардың бастамасымен сенбілік өткізілді. Сенбілікке тұрғындармен қатар, Тәжік-ауған соғыс ардагерлері, Деркөл кенті әкімі аппараты қызметкерлері, жергілікті қоғамдастық өкілдері, «Кеттік.Bro» волонтерлерлік командасы, «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары және «Жайық таза қала» ЖШС жұмысшылары қатысты. Сенбілікте 220 текше метр қоқыс шығарылды.

46.  

Деркөл кентіндегі коммерциялық мақсатқа берілетін жер учаскелерін аукционға шығару мәселесі

2021 жылғы 21 қаңтардағы кезекті әкімдік отырысында коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін аукционға шығару жөнінде қаулы жобасы қабылданып, Деркөл кентінде Хақназар Хан көшесі мен Ағыбай Батыр көшелерінің қиылысында орналасқан көлемі 0,0165 га жер учаскесі аукционға шығару жоспарланды (аукцион өтетін күн 2021 жылғы 17 ақпан).

47.  

Деркөл кентіндегі Үміт ш/а балалар алаңын салу, қоқыс контейнерлерін  орнату мәселесі

Үміт шағынауданы, Хорошкина көшесі бойында балалар ойын алаңы орнатылды. Бүгінгі таңда Хорошкина көшесінде 9 қоқыс контейнерлері  орнатылды.

48.  

Деркөл кентіндегі қаңғыбас иттерді аулау мәселесі

Деркөл кенті бойынша 56 ит ауланды.

49.  

Деркөл кенті, Сарыарқа шағынауданындағы Тәуке хан,Рауан, Абылай хан,Балдаурен,Бердібек Сақпақбаев,Роза Бағланова  көшелеріндегі  жарықшамдарын ауыстыру мәселесі

Деркөл кенті, Сарыарқа шағын ауданы бойынша бағаналар толықтай жарықдиодты шамдарға ауыстырылды.

 

50.  

Деркөл кенті, Абылай хан көшесіне аялдама орнату және аялдамаларға жаңа атаулар беру мәселесі

Абылай хан көшесіне  кент аумағында пайдаланылмай тұрған автобус аялдамасы орнатылды. Сонымен қатар, биылғы жылы Деркөл кентінде жаңа үш аялдама орнату жұмыстары жүргізілуде (Уральск-2, Белая казарма, памятник). Аялдамалар толықтай орнатылған соң, жаңа атаулар беру сұрағы қарастырылатын болады.

51.  

Деркөл кентінде дәріхана  ашу мәселесі

Деркөл кентінде бүгінгі таңда 6  дәріхана жұмыс жасайды. «Сарыарқа» ш/а «Бірлік» СҮ-де дәріхана ашылды.

52.  

Орал қаласы, Короленко көшесін (32 –үй аумағы) қайта құру (переустроиство дороги от жилого дома) мәселесі

«Құрманғазы көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін Короленко көшесін қүрделі жөндеу» жұмыстары 2018 жылы ведомствадан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынған  жобалық-сметалық құжаттама аясында жүргізілді. Бүгінгі таңда Короленко көшесі, 32-үй тұрғындары тарапынан аталмыш жол құрылысына байланысты талап арыз жолданып, сот процессі жүруде.

53.  

Ауыл шаруашылық өнімдерін сататын сатушыларға Орал қаласынан орын бөлу  мәселесін қарастыру 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін қолдау мақсатында Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан келесі іс шаралар жүргізіледі:

-        Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу (2020 жылы 33 жәрмеңке өткізілді);

-        Кондоминиум аумағында сауда павильондарын орнатуға келісім беру ( қала аумағынан 61 дүңгіршек орнатуға келісім берілді);

-        Жаз мезгілінде көше саудасын ұйымдастыру (қала аумағынан 95 сауда орны белгіленді)

Сонымен қатар, «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ «Көше саудасына 100 орын» бағдарламасын жүзеге асырады. Аталған бағдарлама аясында аукцион неізінде сауда дүңгіршегін орналастыру үшін жер телімін алуға мүмкіндік бар.

54.  

 №2 маршруттағы  автобустардың жүріп тұру кестесінің сақталуын қатаң бақылауға алу мәселесі

№2 маршруттың жұмысы жолаушы көлігі мамандары тарапынан бақылауға алынды.

55.  

Зашаған кенті, Свободная көшесіне асфальт жабынын төсеу  мәселесі

Аталған көшенің асфальт жабынын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды.

56.  

Зашаған кенті, Арман шағынауданы Тыныштыбаев көшесінің жолын жөндеу мәселесі

Аталған көшелер бойынша жобалау сметалық құжаттама жоқ, қажетті қаражат бөлінген жағдайда абаттандыру жоспарына енгізілетін болады. Сонымен қатар Аймауытов көшесінен үнемделген қаражат есебінен Байтұрсынов және Аймауытов көшелері аралығында Тынышбаев көшесінің 121 метр қосымша жол жөндеу жұмыстары жасалды.

57.  

Орал қаласы, М.Жүнісов көшесіне жаяу жүргіншілер белгісін орнату мәселесі

 

 

Т.Масин көшесінен Пугачев көшесіне дейінгі Жүнісов көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталып, 2020 жылға өтпелі кезеңмен аяқталды. Жоба аясында Жүнісов көшісіне жаяу жүргіншілер белгілері орнатылды. 

58.  

Орал қаласы, №1 ЖОББМ айналасына тротуар салу мәселесі

Орал қаласындағы Сарайшық көшесінен Ақмурзин көшесіне дейін Самарская көшесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Жоба бойынша №1 ЖОББМ мектептің Самара көшесі жағынан тротуар салынды. Сонымен қатар, Абай алаңын жөндеу кезінде шыққан қолданыстағы брусчаткалар  №1 ЖОББМ ауласына төселінді.

59.  

Орал қаласы, Старый Собор (Курени) ауданында кәріз жүйесін  құрылысын жүргізу  мәселесі

Аталған мекенжайда магистральды кәріз құбырларының болмауына байланысты кәріз жүйесінің құрылысын жүргізу мүмкін емес.

60.  

Орал қаласы, Старый Собор (Курени) ауданында ағаш бағаналарына тексеріс жүргізіліп, алып тастау мәселесі

Аталған аумақтағы электр желілері «Бат.Қаз.ЭЖТК» АҚ теңгерімінде. Ағымдағы жылы ағаш бағаналарды ауыстыру жоспарда жоқ.

61.  

Орал қаласы, Старый Собор (Курени) ауданында балабақша ашу мәселесі.

Старый собор (Курени) аумағына жақын орналасқан (мектепке дейінгі ұйымдар - №1мектеп жанындағы шағын орталық - 50 орындық, №6 мектеп жанындағы шағын орталық 50 орындық, №6 «Шолпан» балабақшасы - 100 орындық, №16 «Лесная сказка» -100 орындық, және жеке балабақшалар: ИП Айдарова «Балбобек» - 50 орындық, «Шанырақ» - 100 орындық, «Айлин» - 160 орындық). Сондықтан балабақша ашу қажеттілігі жоқ.

62.  

Орал қаласы, мемлекеттің иелігіндегі жер телімдерін жеке тұлғалар заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында, заң шеңберінде шара қолдану мәселесі

Қала аумағын заңсыз орнатылған сауда дүңгіршектері анықталып, иелеріне өз тараптарынан дүңгіршекті алып тастау жөнінде хабарлама таратылады. 2019-2020 жылдар аралығында заңсыз орнатылған барлығы 14 дүңгіршек қала аумағынан алып тасталынды. 

63.  

Орал қаласы, № 38 ЖОББМ мен облыстық білім беру басқармасының көлік тұрағы Некрасов көшесінің бойымен өтететін жолдарда орналасқан. Қажетті  шара қолдану мәселесі

Орал қаласы №38 ЖББОМ мен облыстық білім беру басқармасының көлік тұрағы Некрасов көшесінің бойымен өтетін жолдарда орналасқаны туралы көрсетілген, Орал қ.ПБ патрульдік полиция батальоны  қызметкерлерімен  тексеріліп,  белгіленген  автотұрақтың  бар екені анықталды.

Облыстық білім басқармасында және №38 ЖББОМ–де белгілі бір жиындар болатын уақытта,  жиналысқа келушілердің  машиналарын  дұрыс қоймауларының салдарынан көліктерін көше бойына қойылатыны расталды.  

  Патрульдік полиция батальоны  қызметкерлері тарапынан Облыстық білім басқармасы мен  №38 ЖББОМ–тің басшылығымен кездесіп, түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

64.  

Орал қаласы, Некрасов көшесіне балалар алаңын салу мәселесі

2021 жылы Некрасов көшесіндегі тынымбаққа жобалық-сметалық құжаттама жасақтауда.

65.  

Орал қаласы, 2-ші Молодежная көшесіндегі,1/1,1/2,1/3,1/4 үйлерін абаттандыру мәселесі

Деркөл кентіндегі 2-ші Молодежная көшесіндегі №1/1,1/2,1/3,1/4-үйлерін абаттандыру жұмыстары толықтай аяқталды.

66.  

Орал қаласы № 10 маршрут жұмысының сапасын жақсарту және жүріп тұру кестесінің сақталуын, қатаң бақылауға алу және ішкі санитарлық талаптарға сай болуын тексеру мәселесі

Аталған маршрутта  1 орта класты және 1 шағын классты автобус тұрғындарға қызмет көрсету үшін күн сайын желіге шығады. Сонымен қатар барлық қоғамдық көліктер күнделікті кешкі мезгілде толықтай жуылып, таңертеңгі уақытта  «Ақжол авто» ЖШС-нің  механик маманымен автобустардың желіге шығуы алдында санитарлық-техникалық жағдайы тексеріп, желіге жіберіледі. №10 маршруттың жұмысы жолаушы көлігі мамандары тарапынан бақылауға алынды.

67.  

Орал қаласы, Актюбинская көшесінің жол жөндеу құрылысынан кейін қалған  қалдықтарды ( асфальттар мен кірпіштер) жинау мәселесі

Ақтөбе көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарынан кейінгі (асфальттар мен кірпіштер) қалдықтарын мердігер мекемеге тазарту жөнінде тапсырма беріліп, бүгінгі таңда толықтай тазартылды.

68.  

Орал қаласы, Орда көшесі, 1/1 тұрғын үйдің төбесін  ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жөндеу мәселесін қарастыру

Аталған нысанды "Нұрлы Жер" 2020-2025 жж. бағдарламасы аясында шатырды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қаржыландыру қарастырылған жағдайда жүзеге асады.

69.  

Орал қаласы, Гагарин көшесінен

 № 32 ЖОББМ-не дейін тротуар салу мәселесі

Конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталып, ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған кезде, аталған жұмыстар жүргізілетін болады.

70.  

Орал қаласы, Гагарин көшесі, 36/2 тұрғын үйдің  бірінші  қабатында орналасқан  «Алкомаркет» дүкенінің заңдылығын тексеріп, тиісті шара қабылдау  мәселесі

Гагарин көшесі, 36/2 тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан  «Виноводочный» магазині тәулік бойы жұмыс жасайды, тұрғылықты халық тарапынан арыз - шағым түспеген,  әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген жоқ. Алкомаркет ретінде  Орал қаласы мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген. Ешқандай келеңсіздік тудырып отырған жоқ.

71.  

Жайық өзенінің жағалауын тазарту мәселесі

Жүйелі түрде қала әкімдігінің бастауымен сенбіліктер ұйымдастырылып, Жайық өзенінің жағалауы тазартылып отырады.

72.  

№12,13 маршруттағы автобустардың  жүріп тұру кестесінің сақталуын қатаң бақылауға алу мәселесі

№12,13 маршруттың жұмысы жолаушы көлігі мамандары тарапынан бақылауға алынды. №13 маршрутқа қызмет көрсететін «УралТехСервис» ЖШС маршрут жұмысын қадағалау жөнінде нақты тапсырма берілді.

73.  

Орал қаласы, Гагарин көшесі,  №67 тұрғын үйдің  ауласына балалар алаңын салу мәселесі

Гагарин көшесі,  №67 балалар алаңын салу бөлім жоспарында жоқ.

74.  

Орал қаласы, Гагарин  көшесі, №36/4 тұрғын үйіндегі «Олигарх» кафесінің заңдылығын тексеріп, қажетті шара қабылдау  мәселесі

Гагарин көшесі, 36/4 тұрғын үйінде орналасқан «Олигарх» кафесі, қазіргі таңда кафе  «Кому за 30» деп аталады.  Заңдылығы бойынша тексеріс жүргізілді.

        Шілде айында  аталған кафеге қатысты карантин режимін бұзғаны үшін, Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздін бақылау басқармасына материал жинақталып жолданды.  Қазіргі уақытта  кестеге сай жұмысын жалғастыруда.

75.  

№7 ЖОББМ-де автотұрақты кеңейту мәселесін  қарастыру

 

№7 ЖОББМ әлеуметтік нысаны аумағында арнайы Ықсанов және Мұхит №95 үй маңында арнайы автотұрақ орындары қарастырылған, кеңейту мүмкіндігі жоқ.

76.  

 №32 ЖОББМ-тің ауласын қоршау және спорттық алаң салу  мәселесі

№32 ЖОББМ-тің ауласын қоршауға наурыз айында қалалық мәслихат шешімімен тиісті қаражат бөлініп, тамыз айында орындалды.

77.  

Орал қаласы, Евразия даңғылы, 55  үйдің, Құрманғазы көшесі, 150 үйдің және Жәңгір хан көшесі, 50 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі

 

Аталған нысанды «Нұрлы Жер» 2020-2025 жж. бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізу мақсатында Жәңгір хан көшесі,50 үй бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Құрманғазы көшесі,150 үй нысаны бойынша сараптамадан өтуде. Евразия даңғылы,55 үй жобасы сараптаманың оң қорытындысын алды. Сәйкес қаржыландыру болған жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылға жоспарланған.

78.  

Орал қаласы, «Балабақша»  және «Агрореммаш» аудандарында спорт нысандарын салу  мәселесі

Урдинская, Затоно-Чапаев, Попович, Ларин, Гагарин көшелерінде спорттық алаңқайлардың құрылысын салу жоспарға алынды. 2021 жылы жүзеге асырылады.

79.  

Орал қаласы, 2 саяжай аялдамасынан «Урожайный» саяжайының бұрылысына дейін жол жөңдеу мәселесі

№2 саяжай аялдамасынан «Урожайный» саяжайының кірме жолына ескі асфальт қалдықтарын төсеу жұмыстары алдағы уақытта қарастырылатын болады.

80.  

Орал қаласы, Гагарин көшесі (Орда көшесінің бұрышы) бойындағы қоршауларды қалпына келтіру мәселесі

Тірі қоршамдар 2021 жылы көктем айында отырғызылатын болады.

81.  

Орал қаласы, Правдухин және Букетная көшесінен Ел Ырысы аялдамасына дейін тротуар салу мәселесі

Конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатқа жасалатын жұмыстар тізімі бекітіліуіне орай, аталған көшеге жаяу жүргінші жолын салу мүмкін еместігін мәлімдейміз. Сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстарына қосымша қаражат бөлінген жағдайда жаяу жүргінші жолын салу жоспарланатындығын хабарлаймыз.

82.  

Орал қаласы, Правдухин көшесіне қоқыс контейнерін орнату мәселесі

Аталған аудан бойынша қоқыс контейнерлері жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында аула аумақтарына орнатылды. Көше бойына қоқыс контейнерлері орнатылмайды.

83.  

Орал қаласы, Қ. Мырза Әлі  ш/а,  №3 үйдің (5 және 6 подъезд)  жер төлелері судан толуына байланысты қажетті шара қолдану мәселесі

Аталған мәселе қызмет көрсетуші «КазБатысСервис» ЖШС-мен қалыпқа келтірілді.

84.  

Орал қаласы,  Б.Момышұлы көшесінің жолын жөңдеу  мәселесі

Б.Момышұлы көшесінің жолына (769м) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда аталған нысан толықтай аяқталды.

85.  

Желаев промзона, Бәйтерек шағынауданындағы бұралқы иттерді көшеде жүруін шектеу бойынша тиісті шара қабылдау мәселесі

Қала аумағынан 975 итті аулап, 606 ит биозарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді, 369 ит жойылды.

86.  

Айталиев көшесімен Жамбыл көшесінің қиылысындағы көшеге автобус аялдамасын орнату және бұл аялдамаға дейін жаяу жүргінші жолын салу  мәселесі 

Жамбыл көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстары барысында жұмыс жобасына сәйкес Айталиев көшесімен Жамбыл көшесінің қиылысына автобус аялдамасымен жаяу жүргінші жолдары салынды.

87.  

Орал қаласы, Преображенская көшесіне   Е.Токсанов көшесінен Светлая көшесіне дейін  асфальт жабынын төсеу  мәселесі

Орал қаласы, Преображенская көшесінің жолын жөндеу жұмыстары Орал қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің 2021-2022 жылдарға арналған жол жөндеу жоспарында жоқ екендігін хабарлаймыз.

Осыған орай, алдағы жылдары жоспарына қосу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

88.  

Орал қаласы, Е.Тоқсанов көшесі бойына жарықшамдар орнату мәселесі

2021 жылдың 1 тоқсанында ауыстырылатын болады.

89.  

Орал қаласы, Н.Абдиров көшесінде орналасқан аялдаманың орнын  ауыстыру мәселесі

Н.Абдиров көшесінде орналасқан Январцевская аялдамасына бөлім мамандары орынға барып бақылау жұмыстарын жүргізілгендігін, қазіргі таңда аталған аялдаманың орнын ауыстыру сұрағы бөлім мамандарымен қарастырылуда.

90.  

Орал қаласы, № 21 және №25 ЖОББМ күрделі жөндеуден өткізу мәселесі

Орал қаласының №21, 25 жалпы орта білім беретін мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

91.  

Орал қаласының барлық ЖОББМ-не материалдық- техникалық базасымен (компьютер, принтер )қамтамасыз ету мәселесі

Барлық қала мектептеріне компьютерлерді мемлекеттік сатып алу бойынша қашықтан оқыту режимінде оқитын оқушыларға үздіксіз білім берілуін қамтамасыз ету мақсатында 1 576 бірлік көлемінде компьютерлік техника сатып алынды:

- ноутбук 361 дана, - компьютерлер 1 197 дана, планшет - 1 дана, - моноблок 17 дана.

Сондай-ақ білім басқармасы тарапынан қала мектептерін 358 компьютермен, 3254 ноутбукпен, 600 планшетпен  қамтамасыз етті.

92.  

№16 ЖОББМ-тің қасына жасанды жол кедергісін орнату мәселесі

Аталған мекенжай бойынша жасанды жол кедергісі орнатылды.

93.  

Зашаған кенті, Көшім көшесіне жол салу мәселесі 

Көшім көшесінің жолын (1427 м) жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған нысан толықтай аяқталды.

94.  

Орал қаласы, Преображенская көшесін жарықтандыру мәселесі

2021 жылдың 1 тоқсанында ауыстырылатын болады.

95.  

Орал қаласы, Абай даңғылы, №121 (9 қабатты) тұрғын үйге жедел саты (лифт) орнату мәселесі

Аталған мекенжай тұрғындары жиналыс хаттамасын ұсынбағандығын хабарлаймыз.

96.  

Орал қаласында «Отбасын қолдау орталығы» өз бағдарламаларынан бөлек көп балалы аналарға  үйден кәсіппен айналысуы үшін оқыту курстарын ашу мәселесі

Ағымдағы жылдың 23 маусым – 25 желтоқсан аралығында  «Отбасы» орталығына 657 адам жолықты. Атап айтқанда, психолог көмегіне  107 адам, әлеуметтік маманға 415 адам жолықса, 135 адамға заңгерлік кеңес берілді. Орталық тәрбиешісі  ата-аналармен келген 238 баламен  жұмыстанды.

320 адамға түрлі анықтама және электрондық цифрлік қолтаңба  еgov.kz  порталы арқылы алуға көмек көрсетті.

Жалпы 13 шеберлік сабақтар ұйымдастырылды. Оған  70 адам қатысса, соның ішінде 3 адам өз кәсібін бастады.

«Отбасы» орталығында өткізілген дөңгелек үстелдермен шаралардың жалпы саны – 31, оған қатысқандар саны –263 адам.

97.  

Орал қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол белгілерін  термопластиктен орнату мәселесі

2020 жылы жол қозғалысының қауіпсіздігін болдырмау мақсатында қаламыздағы 489 жаяу жүргінші өтпелдерінің 401 жаяу жүргінші өткелдері салқын  пластик материалдарымен таңбаланып, 88 жаяу жүргінші өткелдері қанағаттанарлық жағдайда болғандығын мәлімдейміз. 2021 жылы аталған жұмыстарды бекітілген жоспарға сәйкес 200 жаяу жүргінші өткелдерін салқын пластик материалымен таңбалау жұмыстары жүргізілетін болады.

98.  

Орал қаласы, Круглоозерный кентінің көшелеріне жасанды жол кедергісін (ИДН) орнату мәселесі

Орал қаласы, Круглоозерный кентінің көшесіне жасанды жол тегістемесі (ИДН) орнатылатындығын хабарлаймыз.

99.  

Алмазов көшесі бойындағы №19 және №17  ЖОББМ аумағында жарықшамдар орнату мәселесі

Алмазов көшесі бойындағы №19 және №17  ЖОББМ аумағында жарықшамдар орнатылды.

100.                  

Орал қаласы, Саратовская №26,24  тұрғын үйлерінің  аулаларын абаттандыру мәселесі

Аталған аула аумақтары бойынша ЖСҚ дайындалып, экспертизадан өтті. Қажетті қаражат – 53 922 мың.тг

101.                  

 «Нефтебаза» ауданындағы жол өткелі құрылысы аяқталғаннан кейін №4 автобусының жүру кестесін қалпына келтіру мәселесі

Ағымдағы жылдың 3 тамызынан бастап  «Мұнайбазасы» жол өтпесі пайдалануға берілгеннен кейін №4 маршруттың жүру кестесі бұрынғы қалпына келтірілді.

102.                  

Орал қаласы, Чуйкова, Украинская, Партизанская көшелерін жарықтандыру мәселесі

2021 жылдың 3 тоқсанында ауыстырылатын болады.

103.                  

Орал қаласы, 4 ш/а №4 және №7 тұрғын үйлерін абаттандыру бағдарламасына енгізу мәселесі

Абаттандырылмаған аула аумақтарының тізімі жасақталып, ЖСҚ дайындауға аула-аумақтар таңдап алынды. Аталған мекенжайлар тізімде бар.

104.                  

Волонтерлар жылына орай волонтерларды қолдау мақсатында қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі

Қалаішілік жолаушыларды тасымалдайтын барлық тасымалдаушы кәсіпорындар жеке болғандықтан, волонтерларды қоғамдық көлікте тегін жүргізуге мүмкіндік жоқ.

105.                  

Орал қаласы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу

Аталған бағдарлама бойынша  98 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді,  соның ішінде:  44-і көп балалы отбасылар, 33-і толық емес отбасылар,   21-і мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар.

Ақпарат үшін:

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен  бекітілген  «Нұрлы жер»    бағдарламасының «Бақытты отбасы»  бағыты бойынша жергілікті    атқарушы органда тұрғын үйге  мұқтаждар  кезегінде есепте тұрған   көп балалы отбасылар,           толық емес отбасылар;  мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар санатындағы  азаматтар құжаттарын тапсырып,  қатыса  алады. Бағдарлама «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ -ы Батыс Қазақстан облыстық филиалы  арқылы  жүзеге  асады.  «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ -ы  ипотекалық  несиені жылдық  2% үстемемен  береді.            

                Сатып алатын үйдің бағасының    10 %  бастапқы жарнасы  «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінде  болуы шарт.  Максималды сатып алатын пәтердің бағасы 10 миллионнан аспауы керек, несие 20 жыл мерзімге дейін рәсімделеді.

               Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша өтініштер қабылдау  уақытша  тоқтатылды.

     Құжаттар қабылданған уақытта әлеуметтік желілерге  instagram:  uralskakimat (ресми парақшасы)  жарияланатын болады.)

106.                  

Орал қаласының барлық жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыру мәселесі

Бұрын жарықтандырылмаған 80-ге жуық жаяу жүргіншілер жолы жарықтандырылды.

107.                  

№18 негізгі орта мектебіне  дене шынықтыру  спорттық залын  және дәретхана салу  мәселесі

 

№18 негізгі орта мектебіне  дене шынықтыру  спорттық залын  және дәретхана салу  мәселесі бойынша жаңа мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталық мемлекеттік сараптамадан өтті. Қажетті қаражат – 1 236 624 мың теңге.

Сонымен қатар  №18 мектеп ғимаратының ішіне әжетхана орналастырылды  және су құбыры орталықтандырылды.

108.                  

Зашаған кенті, Балауса шағынауданындағы көшелерінің жөндеу мәселесі

Ағымдағы жылы Зашаған кенті, Балауса шағынауданы көшелерінің жолын (3670м, 7-көше) жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

109.                  

Орал қаласы, 8 Март көшесі жолын жөндеу мәселесі

Орал қаласындағы Нұрпейісова көшесінен Пугачев көшесіне дейін 8 Март көшесін күрделі жендеу жұмыстары  толықтай аяқталды.

110.                  

Орал қаласы, Мендалиев көшесінен Абай даңғылына дейін тротуар салу мәселесі

Мендалиев көшесінен Абай даңғылына дейін ағымдағы жөндеу жұмыстары негізінде жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
15 февраля 2021