|
Атауы |
2016-2020 жылдарға арналған Орал қаласын дамыту бағдарламасы |
|
Зерттеуге арналған негіздер
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. |
|
Қаланың негізгі сипаттамасы
|
Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Қала аумағы 720 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 0,5%-ын құрайды. Қала құрамында Зашаған мен Круглозерный кенттік округтері ,сонымен қатар Желаев ауылдық округтері бар. Халқының саны 284,6 мың адам немесе облыс халқының 45%-ын құрайды, ол Азия мен Европаның арасындағы сауда қақпасы болып табылады. Қала Ақтөбе, Атырау, Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Уфа, Оренбург, Соль-Илецк қалаларымен пайда болған көпбұрыштың ортасында орналасқан. Өнеркәсіптің негізгі салалары машина жасау, металл өңдеу, металлургия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру болып табылады. |
|
Бағыттар
|
Экономика; Әлеуметтік сала; Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп сақтау; Инфрақұрылым; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Экология |
|
Мақсаттар
|
Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсімін қамтамасыз ету Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бәсекелестікті көтеру үшін қолайлы жағдай құру, кіші және орта кәсіпкерлік бағытын нығайту, кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын жүзеге асыру, сауданы дамыту Тікелей инвестицияны тарту және қолайлы жағдай жасау Балалардың заңды мүдделерін қорғау тиімділігін көтеру, білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету Тұрғындардың ден саулығын жақсарту Тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсімі Қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениет пен өерді кеңінен насихаттау. Жаппай спортты дамыту үшін жағдай жасау Азаматтардың бостандығын, құқығын, ден саулығын, өмірін және заңды мүдделерін қорғау деңгейін әлеуметтік-қабылдауды қолдау мен құру. Құрылысты дамыту Көліктік инфрақұрылым жағдайын жақсарту Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тиімділігін арттыру және тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету Қоршаған ортаның сапасының жақсаруы |
|
Нысаналы индикаторлар
|
Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) нақты көлем индексі Ауыл шаруашылығына инвестициялар Шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің саны Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі Шағын және орта бизнес өнім өндірісінің көлемі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобалардың жалпы санынан жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді талап етпейтін жобалар үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі Жұмыс істеп тұрған апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп саны Балаларды (3-6жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту Аналардың өлім-жітімі Нәрестелердің өлім-жітімі Жұмыссыздық деңгейі Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижесіз жүмыспен қамтылғандар үлесі Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі 1000 адамға шаққандағы кітапханаларға келушілердің (келу).1000 адамға арналған халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі.10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі.Көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі.Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі*.Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін кеміту.Халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы.Орталықтандырылған суға қосылған Орал қалалық әкімшілігі бойынша елді мекендердің саны .Халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту.Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі.Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)орналастыру объектілерінің үлесі . |
|
Қажетті ресурстар
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың өз қаражаттары, несие қаражаттар.
Қаржыландыру көлемі: 2016 жыл- 12963,3 млн.теңге 2017 жыл- 11921,8 млн.теңге 2018 жыл- 12069,6 млн.теңге 2019 жыл- 24026,1 млн.теңге 2020 жыл- 27641 млн.теңге
БАРЛЫҒЫ: 88621,9 млн.теңге
|
2.1 Қала ахуалының позитивті және негативті жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы. Негізі 1613 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қала Азия мен Еуропаның арасындағы өзіндік сауда қақпасы болып табылады. Жалпы Сырт ауданы және Төменгі Орал платосындағы Каспий ойпатының солтүстік, Қазақстанның жазықтық құрғақ даласы бөлігін алып, Орал өзені орта ағысының оң жақ жағалауында және Шаған өзені төменгі ағысының сол жақ жағалауында орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен биік. (32÷34 метр). Орал қаласы ҚР-ның батыс аймағындағы негізгі автокөлік, темір жол және әуе транспорттық магистралдарының қиылысында орналасқан. Қала территориясында халықаралық «Орал» әуежайы, Жайық және Шаған өзендері арқылы өтетін екі теміржол және бес автокөлік көпірлері, жолаушы вокзалы мен темір жолға арналған жүк станциялары, Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шығатын өзен порты бар.
Орал қаласының тарихы қаланың рухани бай мұрасы, түрлі заманның тарихи ескерткіштері, мәдени дәстүрлері бар халық пен мәдениеттің тоғысуы негізінде дамығандығымен бірегей болып саналады. Аймақ түрлі кезеңдерде көптеген танымал және тарихи тұлғаларды аңшылық және балық аулау орындары бар өзіндік табиғатымен қызықтырған.
Қазіргі кезде қаланың территориясы 720 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Қала құрамында Зашаған, Круглозерный, Деркөл кенттері, сонымен қатар Желаев ауылдық округі бар.
Экономикалық белсенді халық санының орташа жылдық есебі 134,4 мың адамды құрайды.
Машина жасау, металл өңдеу, металлургиялық, тамақ өнеркәсіптері мен құрылыс материалдарының өндірісі негізгі салалық өнеркәсіп болып табылады. Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі қаланың үлесі 2014 жылы да маңызды, жалпы көлемнің 55% немесе 79,1 млрд.теңгені құрайды.
Қаланың өңдеу өнеркәсібінде ең көп үлес салмағын тамақ өнеркәсібі мен машина жасау өнеркәсібі алады.
Облыстың агроөнеркәсіп кешенінде қаланың агроөнеркәсіп кешенінің үлесі маңызды емес. Қаланың ауыл шаруашылығы облыс бойынша саланың жалпы өнімінің тек қана 4,9%-ға жуығын қамтамасыз етеді.
Негізгі капиталға инвестицияның Орал қаласына 2014 жылы облыс көлемінің 20% (облыста Бөрлі ауданынан кейін 2 орын), ал 2009 жылы негізгі капиталға инвестиция – облыс көлемінің 9,9%.
Экспорт пен импорт құрылымында басымдылық алып отырған машиналар, жабдықтар мен механизмдер; электротехникалық жабдықтар, азық-түлік тауарлары, көлемдері ұлғаятын, арзан металдар және олардан жасалған бұйымдар, минералды өнімдер.
Қалада еңбек нарығында негізгі индикаторлар бойынша аймақтың экономикалық белсенді тұрғындарының көрсеткіш деңгейі орнықты екені анықталған. 2014 жылы білім беру саласындағы жұмыспен қамтылған тұрғындар саны (20%), өнеркәсіпте (18,3%), денсаулық саласында (14%).
Жұмыссыздық деңгейінің кемуінің 2009 жылы 6,3%-дан 2014 жылы 5,0% дейін орнықты үрдісі байқалады, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы мен экономикалық белсенді саны көрсеткішінің орнықтылығы, тұрғындар санының жұмыспен қамтылуының өсуі. Тұрғындардың өз бетімен жұмыспен қамтылуы жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 16%, құрайды, ол облыс көлемінен (37,9%) төмен.
Тұрғындардың табиғи жылжу коэффициенті туудың тұрақты көбеюі және тұрғындар өлімінің кему үрдісімен тұрғындардың табиғи өсу қарқынын көрсетеді.
Қаланың тиімді географиялық орналасуына, қор әлеуетінің жоғарылығына қарамастан, қаланың экономикалық өсіміндегі бар оң үрдістер мен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жақсарғанымен, қала дамуының келесі негізгі мәселелері шешілмей қалып отыр:
1.Қала экономикасының құрылымындағы түбегейлі өзгерістер – экономика үшін салалық теңгерімсіздік, салалық құрылымға бұрынғыша «табатын ерекшелік» пен шикізаттық бағыт сипатты, шағын бизнесті диверсификациялау деңгейі төмен.
Өнеркәсіптегі базалық салалар бір қатар мәселелерге тап болып отырады, олрдың қатарына мыналарды қосуға болады: өнеркәсіп жабдықтарының жоғары деәрежедегі тозуы, өндіріс құралдарының баяу жаңартылуы, өңдеу өнеркәсібінің жекелеген салаларының бәсекеге қабілеттілік дәрежесінің жеткіліксіздігі.
2.Ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылығы машиналарының және технологиялық жабдықтардың тозуы жоғарғы деңгейде анықталып отыр, ол еңбек өнімділігінің төмендеуіне және өндіріс шығындарының өсуіне, дәнді дақылдар өндірісінің ауа-райы жағдайының (егін шаруашылығының қауіпті аймағы), мал шауашылығындағы тұрғындар аулаларындағы малдың төмен өнімділігін алдын-ала анықтайтын ұсақ тауарлық басымдылық, ол жоғары тәуелділікке себепші болады.
білім беру саласында – мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұрушылардың көптігі (2015жылдың 1 қаңтарына – 15,0 мың бала), жоғары білікті педагогикалық мамандардың қажеттілігі;
денсаулық сақтау саласында – дәрігер кадрлармен төмен қамтамасыз етілуі (10 мың тұрғынға 30,2 бірлік);
Бүгінгі күні көкейкесті мәселе болып отырған қалдықтарды іріктеу мен қайта өңдеу кешенінің құрылысы.
Сонымен бірге қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу бойынша сонымен қатар, энергия сақтайтын және экологиялық таза технологияларды енгізу үрдісінің өсуі орын алып отыр. Қазіргі уақытта «Орал қаласының ҚТҚ полигонының құрылысының» 22 204,0 мың теңге сомасында техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Жұмыстарды аяқтау 2016 жылдың ақпан айына жоспарланған. Полигон құрылысы қалдықтарды қайта өңдеу кешенімен қарастырылған.
2.2 Орал қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуын талдау.
Аймақтық жалпы өнім облыс деңгейінде есептелінеді. 2014 жылға аймақтық жалпы өндірілген облыстағы өнім көлемі 1911,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 105,3%. Республиканың ішкі жалпы өніміндегі облыстың үлесі 4,9% тең (Казахстанның аймақтары арасында 9 орын).
Аймақтың жалпы аймақтық өнім құрылымында ең көп үлес салмағын өнеркәсіп алып отыр (57,5%), көлік, байланыс және сауда 5,2%, 0,6% және сәйкесінше 7,0%. Жалпы аймақтық өнім құрылымында облыстың ауыл шаруашылығының үлесі елеусіз 2,8% құрайды.
Облыстағы жалпы аймақтық өнім құрылымы жан басына шаққанда 2012 жылы 2782,5 мың теңге, 2013 жылы – 2793,7 мың теңге, 2014 жылы – 3049,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейге 135,0% құрайды).
2012 жылы жергілікті бюджетке 16,6 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті, ол былтырғы жылға қарағанда 16,9% артық. Түсімдер өсімі ( 2,4 млрд. теңгеге) негізінен жеке табыс салығының түсімдерінің өсімінен қалыптасты 16,9% (0,7 млрд. теңге), әлеуметтік салық 15% (0,7 млрд. теңге) және соттың баж салығы 222,4% (0,4млрд.теңге).
2013 жылы Орал қаласының жергілікті бюджетіне 20 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті, ол былтырғы жылмен қарағанда 21% артық. Түсімдердің өсімі ( 3,4 млрд. теңгеге) негізінен жеке табыс салығы түсімдерінің өсімімен 13,3% (0,9 млрд. тенге), әлеуметтік салық 14,1% (0,8 млрд. теңге) және азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсім 252,7% (1,6 млрд.теңге) байланысты болды.
2014 жылы жергілікті бюджетке 22 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер былтырғы жылға қарағанда 9,9% артық. Түсімдер өсімі (2,0 млрд. теңге) негізінен жеке табыс салығының түсімімен қамтамасыз етіледі 12,3% (0,8 млрд. теңге), әлеуметтік салық 12,4% (0,8 млрд. теңге), жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға салынатын салық 12,5% (0,1 млрд.теңге) және сотқа баж салығы 17,6% (0,1 млрд. теңге).
Жалпы түсімдердің өсіміне жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың және сонымен қатар азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсім және бір жолғы сотқа баж салығы әсер етті. Сонымен бірге, ағымдағы жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бағалауы 22,1 млрд. теңге, былтырғы жылға қарағанда 0,4% артық.
Орал қаласының индустриалды-инновациялық дамуы.
Қала экономикасының ең ірі салаларының бірі өнеркәсіп болып табылады. Қала өнеркәсіп саласының әр түрлі салаларының дамуына мүмкіндік беретін елеулі қор әлеуетіне ие. Қалада 210 өндіріс орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындары бар, ол 2012 жылмен салыстырғанда 16% кем (249 бірлік).
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2012 жылы 89,3 млрд.теңгеден 2014 жылы 112,7 млрд.теңгеге жетті. Облыс өнеркәсібі көлемінде қаланың үлесі –2014 жылы 6,1% құрады.
1 Кесте
Өнеркәсіп құрылымы
млн. теңге
|
Сала атауы |
2012 г. |
2013 г. |
2014 г. |
Нақты көлем индексі 2014ж. 2013 ж., % |
Саланың үлес салмағы, 2014 ж., % |
|
Өнеркәсіп – барлығы, Соның ішінде: |
89321,7 |
106598,7 |
112712,3 |
103,4 |
100,0 |
|
Кен өндіру |
189,6 |
621,7 |
560,9 |
129,3 |
0,6 |
|
Қайта өңдеу |
64915,5 |
75951,5 |
79023,4 |
97,7 |
70,1 |
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
20515,4 |
24953,8 |
29126,5 |
125,5 |
25,8 |
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау |
3701,1 |
5071,7 |
4001,4 |
69,7 |
3,5 |
Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі көлемі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (70,1%). Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 2012 жылдан 2014 жылға 64,9 млрд. теңгеден 79 млрд. теңгеге дейін өсті. Қаланың өңдеу өнеркәсібінің көлемі кәсіпорын қызметінің барлық салалық бағыттарын қамтиды. Облыстағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің үлесі 55,5% құрайды.
2 Кесте
Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері
млн. теңге
|
Саланың атауы |
2012 г. |
2013 г. |
2014 г. |
Нақты көлем индексі 2014ж. 2013 ж., % |
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі үлес салмағы 2014 ж., % |
|
Өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде |
64915,5 |
75951,5 |
79023,4 |
97,7 |
100,0 |
|
Тамақ өнімдерін өндіру |
20297,1 |
23123,6 |
27024,2 |
95,9 |
34,2 |
|
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру |
4651,9 |
6956,3 |
4646,1 |
51,1 |
5,8 |
|
машинажасау |
14518,4 |
16714 |
16751,5 |
107,4 |
21,2 |
|
металлургия |
7738,2 |
8680 |
10065,7 |
103,7 |
12,6 |
|
Құрылыс материалдарын өндіру |
5549,5 |
9496,8 |
9836,9 |
132,1 |
12,4 |
|
Дайын бұйымдарды өндіру |
5212,8 |
4715,6 |
4040,4 |
84,1 |
5 |
Таблица 3
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнімдердің өндірісі
|
Көрсеткіштер |
2012 г. |
2013 г. |
2014 г. |
|
Тамақ өнімдерін өндіру |
|
|
|
|
Ет және тағамдық қосымша, тонн |
596 |
466 |
165 |
|
Еттен жасалынған консервілер, тонн |
7089 |
7186 |
7108 |
|
Сары май, тонна |
675 |
606 |
623 |
|
Еттен,етті қосымша өнімдерден немесе жануарлар қанынан жасалған шұжықтар және ұқсас өнімдер, тонна |
6280 |
8575 |
8134 |
|
Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна |
1079 |
894 |
1001 |
|
Ірімшік және сүзбе, тонна |
91 |
73 |
87 |
|
Дәнді дақылдардан және өсімдіктен жасалған ұн:олардың майда тартылған қоспасы,тонна |
67,1 |
60,5 |
65,2 |
|
Жарма, ірі тартылған ұн және дәнді дақылдардан жасалған түйіршіктер мен өзге де өнімдер, тонна |
83 |
149 |
95 |
|
Жаңа піскен нан, тонна |
18963 |
29228 |
28752 |
|
Кепкен нан және печенье, ұзақ уақыт сақтауға арналған кондитерлік өнімдер және тәтті тоқаштар, тонна |
1801 |
3189 |
2592 |
|
Макарондар, кеспелер, кускус және ұннан жасалған ұқсас өнімдер, тонна |
16794 |
16935 |
15389 |
|
Сусындарды өндіру |
|
|
|
|
Сыра,сыра қайнатудың шөгінділері мен қалдықтарынан басқа, мың литр |
5230,1 |
4334,9 |
2752,1 |
|
Минералды және газдалған тәттілендірілмеген сулар, мың литр |
12700 |
16155,3 |
24842,9 |
|
Өзге де алкоголсіз сусындар, мың литр |
1175,1 |
1237,4 |
787,1 |
|
Киім және тоқыма бұйымдарын өндіру |
|
|
|
|
Төсек жаймалары, мың дана |
133,9 |
120 |
140 |
|
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған киімдер, өзге де киімдер және киімнің өзге де аксессуарлары, трикотаждан басқа, мың теңге |
12178 |
156 |
114 |
|
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған киімдер, трикотаждан басқа өзге де сырт киімдер,дана |
5685 |
7945 |
8440 |
|
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру |
|
|
|
|
Пластмасса құбырлар,түтіктер,жеңдер мен шлангілер және олардың фитингтері,кг |
6660,4 |
15396,6 |
7256,6 |
|
Пластмассалардан жасалған есіктер,терезелер,есік қораптары және терезе рамалары,есік босағалары,терезе қақпақтары, жалюзилер және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері, кг |
957,5 |
971,9 |
705,0 |
|
Өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру |
|
|
|
|
Отқа төзімсіз құрылыс кірпіштері, кремнеземдік тасты ұннан немесе диатомитті топырақтан жасалған бұйымдардан басқа, мың. текше. м |
- |
- |
- |
|
Бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар, тонна |
416310 |
303289 |
374049 |
|
Силикат және қож кірпіштер, тонн |
233191 |
171872 |
209623 |
|
Тауарлы бетон, тонн |
289062 |
458496 |
336943 |
|
Металлургия өнеркәсібі |
|
|
|
|
түрлі диаметрдегі тұрбалар, болаттан жасалған тігіссіз профилдер, тонн |
17517 |
19787 |
25105 |
|
Легірленбеген (көміртекті)болаттан жасалған қырланған табақтар, тонн |
12400 |
12443 |
12572 |
|
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру |
|
|
|
|
Құрама құрылыс металл конструкциялары, тонн |
556 |
277 |
573 |
|
Ұнтайтын шарлар және диірмен үшін сол тәрізді бұйымдар тонн |
17180 |
16701 |
11716 |
|
Машинажасау |
|
|
|
|
Арнайы және мамандандырылған автокөліктер, дана |
85 |
100 |
110 |
Машинажасау
Қаланың машинажасау кешені саланың дамуы үшін айрықша басымды әлеуетке ие, атап айтқанда мұнайгаз, ауылшаруашылығы,энергетикалық машинажасау, кеме жасау, прибор құрастыру.
Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан машинажасау компаниясы» АҚ, «Орал» Зенит заводы» АҚ, «НИИ «Гидроприбор» АҚ, «Омега «Приборқұрастыру заводы АҚ», «Уральскагрореммаш» АҚ, «Орал механикалық заводы» ЖШС және басқалары.
Өнім мен қызметтердің негізгі түрлері: жоғары технологиялық мұнайгаз жабдықтарын өндіру, оған қоса бұрғылаушы сорғылар мен оларға қосалқы бөлшектерін қоса шығару, кесме құрылысы және жөндеу,газ жабдықтарын жөндеу, арнайы техникалар, транформаторлар және басқа да бұйым түрлерін шығару.
2014 жылдың қорытындысы бойынша машинажасау саласы кәсіпорындарымен 16,7 млрд. тенгенің өнімі өндірілді, ал 2012 жылы – на 14,5 млрд. теңге болды. Нақты көлем индексі 107,4% құрады.. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда арнайы және мамандандырылған автокөліктер шығару 10% өсті.
Соңғы жылдары машинажасау саласында жаңа өндірістер игерілуде. «Батыс Қазақстан машна жасау компаниясы» АҚ жылдамдығы 400-550 км/сағ. көмірсутегі материалынан «LANCAIR» отандық тәжірибе ұшақ құрылысы аяқталды. Кәсіпорын General Electric компанииясының газ тұрбаларын өндіру, сорғы және компрессор технологиялары бойынша Cameron құбыр арматуралары өндірісі бойынша стратегиялық әріптесі болып табылады. Кәсіпорынмен газтұрба қондырғыларын орнату бойынша сервистік қызмет көрсету, General Electric компаниясының лицензиялық технологиясы негізінде автоматтандыру мен басқару жүйесін жөндеу орталығы құрылды.
«Орал трасформатор зауыты» ЖШС қуаты жылына 10000 бірлікті қуатты трансформаторлар шығару бойынша жоба енгізілді год. Өндіріс Германия, Италия, Швейцария елдерінің жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Шекара күзеті үшін «Орал» Зенит заводы» АҚ 2012-2015 жылдары кеме катерлердің 8 бірлігін суға жіберілді.Заводпен құны 458,8 млн.тенге болатын 600 тоннаға дейін су ысырғыш кеме өндіретін жобаны жүзеге асыру қолға алынып, 2016 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Болашақта көп функционалды 720 тоннаға дейін су ысырғыш кемені игеру жоспарланып отыр («Бұлан» жобасы).
«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ 2016 жылы «ECA ROBOTICS» француз компаниясымен бірлесіп су асты робот техникаларының базалық моделін игеру және кіші катерлер өндірісі бойынша шығарылатын өнімдердің номенклатурасын кеңейту мен модернизациялау жоспарлануда. «Уральскагрореммаш» АҚ базасында жолаушылар автобусын игеру бойынша EVOРRО венгер команиясымен келісім бар. Ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Машина жасау компаниясындағы негізгі мәселе кәсіпорынның мемлекеттік тапсырысына, сонымен қатар мұнайгаз компаниясының тапсырыстарына сәйкес жасалады, ол өз кезегінде әлемдегі мұнай бағасының болжамымен байланысты болып келеді.
Металлургия
Саланың негізгі кәсіпорындары: «КазТрубпром» ЖШС, «Уральский литейно-механический завод» ӨК.
Металлургия өнеркәсібінде 2014 жылы өндіріс көлемі 10,1 млрд. тенгені құрап, нақты көлем индексі – 103,7%, 2012 жылы 7,7 млрд. тенгенің өнімі өндірілді. Түрлі диаметрлі тұрбаларды өндіру 1,4 есе, құрылыс металлконструкцияларын өндіру – 3% өсті.
«КазТрубпром» ЖШС өнімі мұнайгаз саласына болжанып, және құрылыста, мұнай және газ скважиналарын пайдалану мен жөндеуде бұрғылауға қолдану үшін арналған. Сорғы-компрессорлық және шегендеу құбырлардың өнімділігі 60 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорын өнімінің басым бөлігін Ресей федерациясының сыртқы саудаларына шығарады. Сала кәсіпорындарының негізгі қызметі мұнай жобалары үшін өнімді жеткізуге бағытталады. «Уральский литейно-механический завод» АҚ мен «ЭмбаМунайГаз» ӨК арасында Атырау облысына 37,5 млн.теңгенің шойын бұйымдарын жеткізіп беру жөнінде ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі күні сала кәсіпорындарында ресей сомасының құлдырауына байланысты, негізгі өнім ресей нарығына шығарылуы себебінен кәсіпорын жұмысының көптілігі жөнінде мәселе туындап отыр.
Құрылыс материалдарын шығару.
Саланың негізгі кәсіпорындары: «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ, «Гидромаш-Орион-МЖБК ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС; «Стекло Сервис» ЖШС, «СВ-плюс ЖШС, «Алим» ЖШС, «Алтимстройдеталь» ЖШС.
Қаланың құрылыс индустриясы кәсіпорындармен керамикалық және силикат кірпіштерін, темір бетон бұйымдарын, тауарлы бетон, пенобетон, ағаш ұстасы бұйымдарын, құмды-қиыршық тас қоспаларын, металлконструкциялары, сэндвич-панелдер, профлист, металлчерепица, терезе мен есіктер және т.б. шығарумен айналысады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарымен 9,8 млрд. тенгенің өнімі өндіріліп, аталған саланың нақты көлем индексі 132,1% құрады. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда бетон бұйымдарын шығару 23,3% өсіп (374 мың тонна), керамикалық кірпіштер –21,9% (209,6 мың тонна) құрады.
«Стекло Сервис» ЖШС әйнектен жасалған көпқабатты оқшаулау және күшейтілген термобекіндірілген әйнек бұйымдарын шығару қолға алынып, «Стройкомбинат» ЖШС керамзит өндірісі модернизацияланды, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» ЖШС қуаты жылына 25 мың. куб.м. ұяшықты бетон өндіретін завод іске қосылды. Жоба неміс технологиясы бойынша табиғи жағдайларда қайталау жолымен (пенобетон) дайындау жобасы жүзеге асырылды. Үй құрылысы комбинаттары «СВ-плюс» және «Болашак-Т» ЖШС базасында жылына қуаты 40 и 50 тыс.шаршы.м. сәйкес ірі панелді тұрғын-үй объектілері құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын «Elimatic» (фин компаниясы), «Elcon» (турік компаниясы), «Weiler», «Vollert» и МАР (неміс және итальян компаниялары) сияқты шетелдік белгілі компаниялардың технологияларын қолданады.
Мәселелер: ресей нарығы тарпынан өнімнің маусымды болуы мен баға бәскелестігінің жоғары болуы.
Тамақ өнеркәсібі барлық өңдеу секторының 34,2% қамтамасыз етеді.Тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2012 жыл мен 2014 жылдар аралығы 20,3 млрд. теңгеден 27 млрд. теңгеге дейін өсті. Нақты көлем индекі 2014 жылы 95,9% құрады.
Сала кәсіпорындары: «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «Кублей» АҚ, «Попков» ЖШС, «Фирма Родник» ЖШС , «Казкон» ЖШС, «Свит» ЖШС және басқалары.
2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру 29,5%, жармалар – 14,4%, жаңа піскен нан –51,6% өсті.
2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда сүзбе мен ірімшік өнімдері 19,2%, өңделген сұйық сүт және кілегей - 12%, сары май – 2,8% өсті. Консервіленген балық өндіру - 26,4%, еттен жасалынған консерві – 1,1%, шұжық өндіру - 4,8%, өсті, оған РФ өңделген тасып әкелінген арзан өнім себепші болады. (сомның бағасының өзгеруіне байланысты).
Тоқыма және тігін бұйымдарын өндіру.
Тоқыма бұйымдарын өндіру саласында орта кәсіпорын қатарлары қызмет етеді. Олар «Надежда» ТТФ» ЖШС, «Аяз» ЖШС, және арнайы киім, төсек жайма, мектеп формасы, байпақ өндірісіне, мамандандырылған басқалары. Тоқыма және тігін бұйымдарын өндіру өндірісі 2012 жылы 699,4 млн. тенгені құрады, 2014 жылы – 695,1 млн. теңге немесе 99,3%. төсек жайма өндіру - 4,6%, әйелдер киімі – 48,5%. Жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі саланың үлесі 0,9% құрайды.
Жеңіл өнеркәсібінің мәселелерімен бетпе-бет келетін жеңіл өнеркәсіп кәсіпорнының тұрақты тұтыну нарығының болмауы. Отандық кәсіпорын тауарларына Қытайдан келіп түскен сапасы төмен, арзан өніммен бәсекеге түсу қиын. Аталған мәселені шешу үшін және жеңіл өнеркәсіптің одан әрі дамуына, соның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру объектілерінің, қорғаныс құрылымдарының мұқтаждары үшін 3 жыл мерзімге дейін кепілденендірілген мемлекеттік тапсырыс қажет.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау; Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау.
Қалада электр энергиясын өндіруді газтурбиналық электростанция қамтамсыз етеді (қуаты 30 МВт) Орал ЖЭО, «Жайықжылуқуат» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28 МВт.), ТОО «Орал газотурбиналық электростанциясы» (54 МВт.). Барлық өндірілген электроэнергия кәсіпорын мен тұтынушылардың жекелеген мұқтаждары үшін пайдаланылады.
2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда электроэнергия өндіру көлемі 10,4% өсті, жылу энергиясы на 2,4% өсті.
4 Кесте
Электрқуатын, жылу қуатын, табиғи су өндіру
|
|
2012 г. |
2013 г. |
2014 г. |
2014 г. в % к 2012 г. |
|
Электрқуаты, млн. кВт. с |
316,7 |
371,7 |
349,6 |
110,4 |
|
Жылу қуаты, мың Гкал |
1713 |
1653,9 |
1755 |
102,4 |
|
Табиғи су, млн. куб.м |
34,4 |
34,4 |
31,3 |
90,9 |
Индустриалдық-инновациялық даму
Қала бойынша 2010-2014 жылдары Индустрияландыру картасы аясында 10,9 млрд.теңгеге 966 тұрақты жұмыс орнын ашу арқылы 22 жоба жүзеге асырылды.
Жобалар мына салаларда жүзеге асырылды: құрылыс индустриясы 10 жоба 4,5 млрд.теңге сомасында), агроөнеркәсіп кешені (1,3 млрд.теңгеге 6 жоба), машина жасау ( 4 млрд.теңгеге 3 жоба) металлаургия (1,1 млрд.теңгеге 2 жоба), химия өнеркәсібі саласында (51,5 млн.теңгеге 1 жоба).
2-ші бесжылдықта 248 жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 6,8 млрд.тенгенің 5 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Оның ішінде 2016 жылы 193 жұмыс орнын құру арқылы 4 жоба жалпы сомасы 6,5 млрд.теңге:
- бекіре балығы мен қара уылдырық өндіретін создание аквамәдени кешен («Аквамәдени тәжірибе-өнеркәсіптік өндірісінің ғылыми-оқыту кешені» ЖШС ).
- ("Родник фирмасы" ЖШС) ішуге арналған бөтелкедегі таза су өндірісі;
- («Орал Зенит заводы» АҚ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа классты құрғақ кемелерді игеру үшін теңіз кеме құрылысын дамытуға).
-ұсақ бетон бұйымдар өндіру зауытының құрылысы («СпейстройСервис» ЖШС).
2019 жылы 55 жұмыс орнын құру арқылы құны 300,0 млн. тенге болатын 1 жоба жүзеге асырылады («Гидроприбор» ҒЗИ АҚ).
SWOT-өнеркәсіп бойынша талдау
Күшейтілген тұстары:
тамақ өнеркәсібінде, құрылыс өндірісінде, металлургияда, машина жасауда жоғары индустриалды әлеует;
жұмысшы мамандықтары бойынша сапалы кадрлар дайындау үшін техникалық және өндірістік қалыптасу ұйымдары
жүйесінің болуы;
Әлсіз тұстары:
көмірсутегі шикізатының әлемдік баға болжамына аймақ экономикасы дамуының жоғары тәуелділігі;
қолда бар өндірістік қуаттарды толық пайдаланбау, айналым қаражаты мен тапсырыстардың жеткіліксіздігі, жабдықтар тозуының жоғары деңгейі (60-70%),.
Мүмкіндіктері:
отандық тауар өндірушілерді сыртқы экономикалық қолдау (кедендік жеңілдіктер);
ГПИИР аясында мемлекеттік қолдау шаралары («Бизнестің Жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын ивестицияларды тарту бойынша);
Қауіпі:
Әлемдік экономикадағы интеграцияға байланысты аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін кеміту.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында кездесетін негізгі мәселелерге жабдықтар тозуының жоғары деңгейі (60-70%), өндіріс тиімділігінің көтерілуіне бөгет жасайтын, айналым қаражаты мен тапсырыстардың жеткіліксіздігі, қолда бар өндіріс қуаттарды толық пайдаланбау.
Инвестициялар
Қала экономикасын дамытуға бағытталған негізгі капиталға инвестициялар тұрақсыз серпінді көрсетіп отыр.
5-кесте
Негізгі капиталға инвестициялар
млн. теңге
|
Көрсеткіштер |
2012 ж |
2013 ж |
2014 ж |
|
Негізгі капиталға инвестициялар |
42761,5 |
34491,2 |
57601,6 |
|
Нақты көлем индексі алдыңғы жылға, % |
102,6 |
80,7 |
167 |
|
соның ішінде |
|
|
|
|
шетел инвестициялары |
2568,8 |
- |
- |
|
республикалық бюджет қаражаты |
11041,7 |
11496 |
17120 |
|
жергілікті бюджет қаражаты |
2566 |
1243,8 |
5816,7 |
|
өз қаражаттары |
21281,1 |
16791,5 |
29900,4 |
|
несиелік қаражаттар |
5303,9 |
4959,9 |
4764,5 |
* - кәсіпорындардың өз қаржысы, шетелдік кәсіпорындардың өз қаражатын қоса
Негізгі түсім немесе инвестициялардың көлемі 57,6 млрд.теңгені құрайды, ол 2013 жылға қарағанда 2014 жылы инвестициялардың 67%-ға жоғары. Негізгі капиталға инвестиция құйылуының негізгі көздері кәсіпорынның өз қаражаттары болып табылады (шетел кәсіпорындарының өз қаражаттарын қоса алғанда) 29,9 млрд.теңге немесе 52%. Инвестицияның жалпы көлемінде несиелік қаражаттың үлесі 8,3% (4,8 млрд.теңге), республикалық бюджет қаражаты -30% (17,1млрд.теңге), жергілікті бюджеттен - 10% (5,8млрд.теңге).
6- кесте
Пайдаланудың негізгі бағыттары бойынша
негізгі капиталға инвестициялар
млн. теңге
|
Көрсеткіштер |
2012 ж |
2013 ж |
2014 ж |
|
Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы |
42761,5 |
34491,2 |
57601,6 |
|
соның ішінде |
|||
|
Өнеркәсіп |
9920,2 |
11095,7 |
17278,9 |
|
соның ішінде |
|||
|
Инвестицияның жалпы көлемінде өнеркәсіптің үлес салмағы, % |
23,2 |
32,1 |
30 |
|
соның ішінде |
|
|
|
|
тау-кен өнеркәсібі |
428,4 |
324,7 |
2808,2 |
|
өңдеу өнеркәсібі |
5220,3 |
5668,4 |
8776,2 |
|
электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау |
2394 |
3014 |
3693,7 |
|
сумен жабдықтаукәріз жүйесіқалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау |
1877,5 |
2088,6 |
2000,8 |
|
Құрылыс |
1740,5 |
511,3 |
1679,7 |
|
Ауылорман және балық шаруашылығы |
72,9 |
151,7 |
189,5 |
|
Көлік және қоймалау |
3807,9 |
3596,4 |
4461,5 |
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу |
2467,6 |
1556,3 |
3190,8 |
|
Білім беру |
3235,9 |
1531,9 |
2368,8 |
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
2056,7 |
3078,7 |
4576,5 |
|
Қызметтердің басқа түрлерін көрсету |
28,8 |
57,6 |
42 |
Инвестицияның негізгі құйылуы немесе 30% өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады. Сондықтан 2014 жылы инвестицияның өсімі 2013 жылға қарағанда 56% өсуі қаланың өңдеу өнеркәсібінің белсенді дамуымен байланысты болып отыр.
Қолайлы бизнес ахуалға, аймақтың инвестициялық тартымдылығына, табиғи және минералдық бай ресурстардың болуына, өңірдің қолайлы географиялық орналасуы мен қолайлы инвестициялық жағдайдың болуына қарамастан, инвестициялар құрылымы өзгеріссіз қалпында қалып отыр, яғни ауыл шаруашылық, құрылыс, қызмет көрсету және басқа салаларда қарқынды өсім байқалмайды.
Инвестицияның негізгі құйылуы немесе 30% өңдеу өнеркәсібін дамытуға кетіп отыр. Сондықтан, инвестицияның 2014 жылы 56% өсімі, 2013 жылмен салыстырғанда қаланың өңдеу өнеркәсібінің белсенді дамуымен байланысты.
Қолайлы бизнес-климатқа қарамастан қаланың инвестициялық тартымдылығы табиғи және минералдық бай қорлары болғандықтан, инвестициялаудың қолайлылығы мен тиімді географиялық жағдайы, инвестиция құрылымының елеулі өзгеруі өтіп жатқан жоқ, яғни ауыл шаруашылығында, құрылыста, қызмет көрсету саласында және т.б. инвестицияның қарқынды өсімі байқалмайды.
Орал қаласының инвестициялық тартымдылығы
Орал қаласы облыстың бірден бір ірі тұтыну аймағына және Батыс Қазақстан қалаларының жүйесінде тұру үшін оның жоғары тартымдылығы (қолайлы табиғи-климаттық жағдайы) мен мұнайгаз саласындағы өндірістік әлеуетін өсірудің жедел қарқыны себепші болады. Аталған аймақтың бәсекелестік факторы қаланы халықты таратып қоныстандырудың тіреу қаңқасының стратегиялық элементі ретінде айқындауға және Батыс Қазақстаннның өндірістік күштері схемасының орналасуына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, бүгінгі күні Орал қаласының маңындағы аумақтардың демографиялық және аграрлық-индустриалдық әлеуетінің өсуінің қолайлы үрдісі байқалады. Радиусы 50-60 км. дейін аумақ халқының саны бойынша бірден бір ірі аудандар болып табылатын демографиялық ахуалдың даму динамикасы оң сипатталады.Қаланың агломерациялық ықпалы бірінші қалыптасқан Теректі мен Зеленов аудандарында облыс халқының 15,6% жуығы тұрып жатыр. Сондықтан Орал қаласының тұтыну нарығының жақындығы инвестиция үшін аумақ тартымдылығын анықтайтын негізгі факторлар болып табылады, оның инвестициялық әлеуетінің пайдалану мүмкіндігі – өндірістік, көліктік, энергетикалық және кадрлық ресурстардың, сонымен қатар қала шетіндегі жер қорының бағасы төмен болуы.
Облыс орталығының мәртебесі бар Орал қаласы қазірдің өзінде оны Қазақстан Республикасын Ресеймен және ТМД елдерімен және Қытаймен көп жақты сауда-экономикалық қатынастардың дамуын қамтамасыз ететін аймақаралық сервистік-сауда-өнеркәсіп орталығына айналдыру үшін нақты әлеует қалыптастыруға қабілетті қалалар қатарына шығаруға мүмкіндік берді. Қала Еуропа-Қытай және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық автокөлік және теміржол дәліздерінің жүйесінде стратегиялық көлік торабы болып табылады.
Ресей федерациясының шекаралас аумақтарымен Орал қаласының экономикалық және сауда қатынастарын ынталандырудың аймақтық жүйесін иеленуші дамыту бәсекелестігі үшін ерекше маңызды, ол ең жоғарғы инвестициялық әлеует, бірінші кезекте Самар қаласы мен (ірі мегаполис қосылатын Самар қаласының - халқы 3 млн.астам) және Саратов облысымен, сонымен қатар, ҚР облыстарымен темір жол мен автокөлік транзиттік темір жол маңында орналасқан Ортаазиялық көлік-өнеркәсіптік дәліз-Ақтөбе- Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысы мен Алматы қаласы.
Аймақтың өнеркәсіптік мамандануын диверсификациялауда маңызды роль атқаратын Қытай халық республикасы мен Европа елдерінің инвестицияларын тарту мүмкіндігін кеңейту болып отыр.
Қазақстан Республикасы мен Кедендік одақтың басқа елдері жүйесінде ұлттық және шетелдік инвестицияларды орналастыру үшін көптеген бәсекелестікті қалыптастыру әлеуеті есебімен тартымды бағыттар:
2) Орал қаласы дамуының айрықша бәсекелестік шеңберінде стратегиялық бағыттарының
бірі болып қалада туризм және онымен бірге жүретін қызметтерді дамыту болып табылады.
Батыс Қазақстан қалалары жүйесіндегі айрықша негізгі бәсекелестері болып қолайлы
климат пен экологиялық ахуал (Батыс Қазақстан қалалары жүйесінде), су қорларының, бай
ландшафты-рекреациялық аймақтың, тарихи-мәдени мұра мен теңдессіз мұражай
кешендерінің, төтенше тиімді геополитикалық орналасуы болып табылады.
Туристік секторды дамыту қонақ үй қызметтер жүйесі мен қоғамдық тамақтану жүйесін
дамыту және сапасын арттыруды ұсынады; халықаралық қызмет көрсетудің толық үлгісімен
қонақ үйлерді қалыптастырып, туристің жүру жолдарымен көрсетілетін қызметтерді,сонымен
қатар, қаланың абаттандырылуы мен бірегей сыртқы сәулет келбетін қалыптастыру және
көлік жүйесін жетілдіруді болжайды.
Орал қаласы және оның агломерациясы туризмді ұйымдастырудың орталығы болуы мүмкін, соның ішінде даму негізінде облыстың басқа аумағында:
3) Орал қаласы – қоныстанудың стратегиялық аймағы (тұрғын-үй құрылысы). Батыс Қазақстан қалаларының арасында «Орал қаласының 2015 жылға дейін даму стратегиясы» Жобасы аясында өткізілген тұрмыс сапасын интегралды бағалау бойынша Орал қаласы 1 орынды иеленді. Осыған орай, Орал қаласындағы тұрмыс жағдайының жақсаруы экологиялық ахуалдың қолайлылығы, тұрғын үй мен әлеуметтік қызметтердің қамтамасыз етілуімен байланысты.
Осыны ескере отырып, қаладағы тұрмыс сапасын одан әрі көтерудің маңызды бағыттары, қаланың экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысы, медицина, білім беру, мәдениет, спорт пен ойын-сауық секторлары мен қызмет көрсету саласына инвестиция тарту қажеттілігі айқындалады.
Сондықтан, Орал қаласы – қандай да болмасын инвестиция тартудың дайын нарығы деп айтуға болады.
Инновациялар және инвестициялар бойынша SWOT-талдау
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· қолайлы географиялық орналасуы; · машина жасау және прибор жасау кәсіпорындарындағы жоғары білікті кадрлар; · қорғаныс кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті.
|
· инвестицияларды тарту бойынша (кедендік және валюталық режим) әлсіз бәсекелестік жағдайлар; · инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін (арнайы аймақтар, қаржылық, банктік, ақпараттық-талдау, консалтингтік, көліктік және өзгелері) инфрақұрылымдардың дамымағандығы; · инвестицияларды тартумен байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы. |
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымдарды қалыптастыру; · экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
|
· инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау; · негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлемінен өңірді дамытудың қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін жоғалту; · инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы. |
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, бизнес және ғылымның өзара әрекеттесуінің әлсіздігі инновациялық дамудың негізгі мәселесі болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми қызметкерлердің технологиялық кәсіпкерлік тәжірибесінің болмауы, технологиялар трансферті мен инновацияларды енгізудің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігі, ал бизнес құрылымдарда озық ғылыми жетістіктері мен перспективалары, оларды коммерцияландыру туралы ақпарат проблемасы бар.
Отандық зерттеулер мен әзірлемелер нақты нарықтық талаптар мен шарттарға әлсіз бағытталған және импорттық ғылымды қажетсінетін өнімдермен және қызметтермен бәсекелестікті сақтамайды. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің тәртібі жоқ.
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезінде теріс рөлді көрсететін проблемаларға инфрақұрылымның дамымауы, инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау, инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы және т. б. жатады.
Агроөнеркәсіптік кешен
Агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігін және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі облыс экономикасының маңызды секторы болып табылады. Оның негізін ауыл шаруашылық саласы құрайды. Облыстағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінде облыстың үлесі 2012 жылы – 4,8%-ды, 2013 жылы – 4,8%-ды, 2014 жылы 4,9%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2012 жылы 3,5 млрд.теңгеден 2014 жылы 4,1 млрд.теңгеге өсті. Агроклиматтық жағдайлардың салдарынан ауыл шаруашылығының даму қарқыны 2012 жылы-89%, 2013 жылы-103,4%, 2014 жылы- 104,7% құрады.
7-кесте
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі
млн.теңге
|
Көрсеткіштер |
2012 ж |
НКИ 2011 ж. %-бен |
2013 ж |
НКИ 2012 ж. %-бен |
2014 ж |
НКИ 2013 ж. %-бен |
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі |
3535,1 |
89 |
3825,2 |
103,4 |
4131 |
104,7 |
|
соның ішінде өсімдік шаруашылығы |
1901,3 |
90,4 |
2131 |
105,9 |
2369,6 |
105,1 |
|
мал шаруашылығы |
1503,7 |
91,1 |
1538 |
100,6 |
1575 |
105,5 |
|
қызметтер |
131 |
102 |
157,1 |
100. |
186,4 |
100 |
Қаланың ауыл шаруашылық алқаптары – 42,3 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 21,9млн. га, тыңайған жерлер – 6,8 млн. га, шабындық – 2,2 млн. га, жайылым – 9,6 млн. га, көпжылдық екпелер – 1,8 мың га құрайды..
Мал шаруашылығы
Қаланың аграрлық секторында 35 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде – 1 мемлекеттік кәсіпорын, 5 –жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 25 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 20,6%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.
Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ірі қара малын сату 62,4%, сүт өнімдерін – 98,2% құрап отыр.
Ет пен сүт өндірісінің негізгі үлесі тұрғындардың жеке шаруашылығына тиесілі, бұл өндірістің ұсақ тауарлық екені туралы мәлімдейді және осы саланың дамуын тежейтін басты факторы болып табылады.
Негізгі жұмыс мал шаруашылығын дамытуға мал басын көбейту, өнімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.
8- кесте
Мал және құс басы
бас
|
Көрсеткіштер атауы |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014/ 2012, % |
облыстағы үлесі 2014 ж., % |
|
Мүйізді ірі қара малы |
3510 |
3455 |
3532 |
100,6 |
0,8 |
|
Қой мен ешкі |
3126 |
3524 |
3699 |
118,3 |
0,3 |
|
Жылқы |
187 |
217 |
214 |
114,4 |
0,2 |
|
Құс (мың бас) |
377,6 |
387,9 |
369,1 |
97,7 |
40 |
2015 жылдың 1 қаңтарына шаруашылықтың барлық санаттарында ірі қара мал басы 3,5 мың басты құрайды, ол 2012 жылмен салыстырғанда 0,6%, қой мен ешкі -3,7 мың бас (18,3%), жылқы-214 бас (14,4%), құстар -369,1 мың бас (2,3% кеміді).
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында саланы мемлекеттік қолдау шешуші рөл атқарады. 2012-2014 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен мал шаруашылығын дамытуға 417,3 млн.теңге аударылды (мал өнімдерін өндіру мен сатуға, ірі және құнарлы мал азығын дайындауға, асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға және тұқымды асылдандыру жұмыстарын жүргізуге).
Өсімдік шаруашылығы облыста дәнді, майлы, азықтық дақылдар, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын өсірумен ұсынылған.
Облыс климаты шұғыл континенталды болып ерекшеленеді, ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай артады. Ол күн мен түннің, қыс пен жаздың күрт температуралық қарама-қарсылығынан, қыстан жазға тез ауысуынан көрінеді. Бүкіл облыс үшін ауа райының тұрақсыздылығы және атмосфералық жауын-шашынның жетіспеушілігі тән, қардың аздығы және күшті желмен қарды алқаптардан айдауы, ауа мен топырақтың өте құрғақтылығы, бүкіл вегетациялық кезең бойы тікелей күн сәулесі жарығының көптігі және булану процестердің қарқындылығы. Қысы суық, көбінесе бұлтты, бірақ ұзақ емес, ал жазы ыстық және өте ұзақ.
Сонымен қатар облыстың солтүстік бөлігінде күн сәулесінің көп сағатын және құнарлы топырақты ұштастыра отырып жоғары сапалы астық қалыптасуына ықпал етеді: протеин мазмұны және ұн күшімен ол басқа елдердегі (және республиканың басқа да облыстарындағы) бидай дәнінен асып түседі.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша әртараптандыру өткізілуде. 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі мен облыс Әкімдігі арасында Меморандум жасалды, осыған сәйкес дәнді және майлы дақылдардың ауданы тұрақтандырылады, жемшөп, картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының алқаптары кеңейеді.
Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты себу алаңы 2014 жылы 23,7 мың га құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 16,6%-ға артық, (20,3 мың га).
Егістік құрылымында астық алқаптары 12,1 мың га құрайды, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 7,5%-ға аз (13 мың га).
Қала халқын картоп және бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жыл сайын меншікті өндіріс алаңы артып келеді. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының алаңы 2014 жылы 1,9 мың га құрады немесе 2012 жылдың деңгейінен (1,7 мың га) 10,5 %-ға көп.
9-кесте
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары
га
|
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014 ж. 2012 ж. %-бен |
|
Барлық егіс алқабы |
20326 |
23277 |
23710 |
116,6 |
|
Дәнді дақылдар |
13034 |
13299 |
12058 |
92,5 |
|
соның ішінде бидай |
6580 |
5630 |
5517 |
83,8 |
|
Майлы дақылдар |
150 |
1389 |
2345 |
1563 |
|
соның ішінде күнбағыс |
150 |
1388 |
2345 |
1563 |
|
картоп |
1030 |
1053 |
1150 |
111,6 |
|
көкөніс дақылдары |
715 |
745 |
761 |
106,4 |
|
бақша дақылдары |
40 |
43 |
45 |
112,5 |
|
мал азықтық дақылдар |
5357 |
6748 |
7351 |
137,2 |
Тұрғындарды қыс мезгілінде көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 10,0 мың шаршы метр болатын 5 жылы-жай шаруашылығы жұмыс істейді.
Күрт континенттік ауа-райы жағдайлары, яғни жиі қайталанатын құрғақшылық, ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық кезеңінде жауын-шашынның болмауы өсімдік шаруашылығы саласы өнімдерін өндіруді кеңейтуін шектейді.
10- кесте
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімі
мың тонна
|
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014 ж. 2012 ж. % бен |
|
Дәнді дақылдар |
4652 |
5016 |
5820 |
125,1 |
|
соның ішінде бидай |
1288 |
2321 |
2178 |
169 |
|
Майлы дақылдар |
- |
474 |
95 |
950 |
|
соның ішінде күнбағыс |
- |
474 |
95 |
950 |
|
Картоп |
16088 |
16427 |
8627 |
53,6 |
|
Көкөніс |
11002 |
12292 |
16949 |
154 |
|
Бақша дақылдары |
757 |
774 |
667 |
88,2 |
Соңғы үш жылда қайта өңдеу саласында тұтынушылар сұранысының өсуі, сектордың инвестициялық тартымдылығы, шикізат базасының дамуы және экспорттау мүмкіндіктерінің кеңеюі, өсім динамикасын тұрақтандырып келеді.
2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда шұжық және еттен жасалған ұқсас өнімдер өндірісі -32,1%-ға, еттен жасалған консервілер – 0,1%-ға, өңделген сүт – 8,6%-ға, ұн – 13,5%-ға, жаңа піскен нан - 33,9%-ға ұлғайды.
11- кесте
Өңдеу өнімдерінің динамикасы
|
Өнім атауы |
2012ж. |
2013ж. |
2014ж. |
2014 ж. 2012 ж. % бен |
|
Еттен, етті қосымша өнімдерден жасалған шұжықтар және ұқсас өнімдер |
6619 |
8575 |
8166 |
123,4 |
|
Еттен жасалған консервілер |
7974 |
7186 |
7108 |
89,1 |
|
Ет және тағамдық қосымша |
543 |
465 |
178 |
32,8 |
|
Басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық |
4171 |
2348 |
1729 |
41,4 |
|
Өңделген сұйық сүт |
1081 |
894 |
942 |
87,1 |
|
Сары май |
471 |
606 |
214 |
45,4 |
|
Ұн |
69017 |
60459 |
69486 |
100,7 |
|
Жарма |
62 |
149 |
106 |
170,9 |
|
Жаңа піскен нан |
19168 |
29228 |
29118 |
151,9 |
|
Макарон өнімдері |
17248 |
16934 |
16575 |
96,1 |
2014 жылы жалпы сыйымдылығы 4,8 мың тонна 2 заманауи көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы бойынша жобалар Орал қ. («ОралАгроСервис» ШҚ ЖШС) іске асырылды.
АӨК бойынша SWOT-талдау
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша саланы дамытуды қолдау үшін бюджеттерден жыл сайын қажетті қаражаттар бөлу; · ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуды инвестициялайтын қаржы институттарының жеткілікті болуы; · жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс және салыстырмалы түрде төмен өткізу бағасы. |
· саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі; · өндірістің ұсақ тауарлығы; · білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
|
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу желісін ұйымдастыру және дамыту; · өнімдік және бейімделу қасиеттері бар (белгілері) зауыттық типтегі жануарлардың ғылыми негізделген селекциялық-асыл тұқымдық мақсатты бағытталған жұмыстар арқылы ерекшеленетін асыл тұқымды малдың жаңа желілер мен тұқымдастығын шығару. |
· мал басы санының азаюы, және тиісінше шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің азаюы; · шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі; · шекаралас елдерден әкелінетін өткір жұқпалы аурулардың жоғары ықтималдығы; · ауыл шаруашылығы өнімдері импортының өсуі; · өсімдік шаруашылығында құрғақшылықтың жиі қайталануы. |
Саланың негізгі мәселелері:
өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының болмауы;
балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қаржылық қолдаудың шарттарының тартымды еместігі;
ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы.
білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Қала экономикасы дамуының басымды бағыты шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы (әрі қарай - ШОК) болып табылады.
2015 жылдың 1 қаңтарына қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28017 бірлікті құрап, 2013 жылғы (28900 бірлік) 3%-ға, ал 2012 жылғы деңгейден (24041 бірлік) 16,5%-ға өсті.
2014 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің азаю себебі:
-2012 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР-ң №61-V Заңына сәйкес сот шешімімен мәжбүрлеп істен шығару;
-Заңды және жеке тұлғалардың тұрғын жайларының ауысуына орай басқа салық органдарына ауысулары;
-Шағын бизнес субъектілеріне түгендеу жүргізу.
Белсенді субъектілер саны 25 848 бірлікті құрап барлық тіркелген ШОК субъектілерінің 92,3%-н құрап отыр. Аталған көрсеткіш 2013 жылдың (25065 бірлік) осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 %-ға, 2012 жылдың (20 990 бірлік) осы кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсті.
ШОК саласында жұмыс жасайтындар саны 2012 жылы 36357 адамды құраса, 2013 жылы 38037 адамды құрап 2012 жылғы деңгейден 4,6%-ға жоғары болып тұр. 2014 жылы жұмыс жасайтындардың саны 40 102 адамды құрап, 2012 жылғы деңгейден 10,3%-ға немесе 3745 адамға, 2013 жылғы деңгейден 5,4%-ға немесе 2065 адамға өскен.
2014 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі (жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет) 2013 жылдың осы кезеңіне сәйкес 3,4%-ға өсіп, 60843,8 млрд.теңгені құрады.
Ұйымдық-құқықтық кескін бөлінісіне сәйкес ШОК субъектілерімен өндірілген өнім (жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемінің негізгі бөлігі заңды тұлғалар үлесіне тиесілі (орта есеппен 2012-2014 жылдары – 65,1%). ШОК субъектілерімен өндірілген өндіріс көлемінің орташа 34,9% жеке кәсіпкерлерге тиесілі.
2014 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке төленген салық көлемі 15 521,2 млн.теңге (2013 жылы аталған көрсеткіш 12 057,2 млн.теңгені құрап, 2014 жылға өсім 27,7%), соның ішінде жергілікті бюджетке төленген салық көлемі 6 641,3 млн.теңге (2013 жыл – 3 232,8 млн.теңге, өсім 205 %).
12- кесте
ШОК даму көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
өлшем бірлік |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
||
|
Тіркелген ШОК субъектілері |
бірлік |
24 041 |
28 900 |
28 017 |
||
|
Жұмыс жасап тұрған ШОК субъектілері |
бірлік |
20 900 |
25 065 |
25 848 |
||
|
Тіркелген ШОК субъектілерінің ішінде жұмыс жасап тұрғандарының үлесі |
% |
87,3 |
86,7 |
92,3 |
||
|
ШОК саласында жұмыс жасайтындар саны |
адам |
36 357 |
38 037 |
40 102 |
||
|
ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі (жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет) |
млн.теңге |
58 830,3 |
58 860,0 |
60 843,8 |
||
«Бизнестің жол картасы 2020»
2010 жылдан бастап ШОК қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда (әрі қарай – БЖК - 2020).
БЖК - 2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен облыс бойынша 2012-2014 жылдарға 5,3 млрд.теңге қаржы қарастырылған.
Орал қаласы бойынша 2012-2014 жылдары 194 жоба субсидияланса, 18 жобаға ішінара кепілдік берілді және 18 грант бөлінді.
БЖК 2020 бағдарламасы аясында қаржылай
қолдау алған жобалар саны
13- кесте
|
Қолдау инструменттері |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
|
Субсидиялау соның ішінде: барлық бағыттар бойынша |
81 |
58 |
55 |
|
кепілдендіру |
1 |
2 |
15 |
|
гранттар |
4 |
13 |
1 |
|
өндірістік инфрақұрылымды дамыту |
2 |
13 |
3 |
БЖК 2020 бағдарламасын жүзеге асыру барысында 3 жыл ішінде 5,5 мыңнан астам жұмыс орындары сақталды және 1,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
2011 жылдан бастап БЖК 2020 бағдарламасы аясында 4-бағыт «Кәсіпкерле рді қаржылай емес мемлекеттік қолдау» бағыты жүзеге асырылуда.
14- кесте
«Бизнестің Жол Картасы- 2020» бағдарламасы аясында
компонеттер бөлінісінде оқытылған қатысушылар саны
|
Қолдау инструменттері |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
|
Бизнес кеңесші 1 |
201 |
279 |
157 |
|
Бизнес кеңесші 2 |
- |
64 |
169 |
|
Топ-менеджментін оқыту |
4 |
17 |
12 |
|
Іскерлік байланыс |
14 |
14 |
11 |
|
Аға сеньорлар |
|
2 |
1 |
|
Жас кәсіпкерлер мектебі |
|
|
60 |
ШОБ субъектілерін қаржылай емес қолдау аясында «Бизнес кеңесші» бағыты бойынша 2012-2014 жылдары 870 кәсіпкер оқыту курсынан өтті, «Топ менеджментін оқыту» бағыты бойынша 33 басшы, «Іскерлік байланыс» бағыты бойынша 39 кәсіпкер оқытылып, шет елден 10 кәсіпкер тағылымдамадан өтті. «Аға сеньорлар» компоненті аясында 3 кәсіпкер тәжірибеден өтсе, «Жас кәсіпкерлер мектебі» аясында 60 кәсіпкер оқытылды.
Жұмыспен қамту 2020
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 «Кәсіпкерлікті ынталандыру және өз ісін ұйымдастыру мен кеңейту арқылы экономикалық белсенділікті арттыру» қаулысымен бекітілген. Жалпы бағдарлама 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда, ал Орал қаласында 2013 жылдан бастап жүзеге асырылуда.
|
Аймақ |
жылдар |
Бөлінген қаржы, млн.теңге |
Несие алушылар, адам |
Бағдарлама аясында құрылған жаңа жұмыс орындары |
|
Орал қаласы |
2011 |
- |
- |
- |
|
2012 |
- |
- |
- |
|
|
2013 |
28,0 |
12 |
28 |
|
|
2014 |
80,0 |
30 |
80 |
|
|
2015 |
65,7 |
24 |
45 (жоспар) |
Бағдарламаның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті ынталандыру және өз ісін ұйымдастыру мен кеңейту арқылы экономикалық белсенділікті арттыру, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту.
Бағдарламаның үйлестірушісі «Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады және қажетті құжаттарды жинап барлық жобаларды Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Сатыбалдиевтың төрағалығымен өтетін отырысқа шығарады.
Комиссия отырысында қаралған жобалар бағдарламаның қаржылық агенті болып табылатын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына ұсынылады.
2014 жылы «Кәсіпкерлікті қолдау және ауылдық елді мекендерді дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру» екінші бағыты бойынша 80 млн.теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі күні 30 адам аталған бағдарлама аясында несие алды және 80 жаңа жұмыс орны құрылды. 40 адам оқыту курсынан өтті.
Несие мал шаруашылығын дамытуға, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы, автокөлік жөндеу қызметі, ағаш өндірісі, шаштараз қызметі және қоғамдық тамақтандыру қызметі бағыттарына берілді.
2013-2014 жылдары алынған несиелер бойынша берешектер жоқ.
«Даму-Өндіріс-2» бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен 2014 жылы Ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға 100 млрд.теңге қаржы бөлінді (1 транш).
Екінші деңгейдегі банктер өз кезегінде ШОБ субъектілерін 6% жылдық мөшерлемемен қаржыландырды. Аталған бағдарлама аясында БҚО бойынша 28 жоба 3,6 млрд.теңге сомасында қаржыландырылды (ҚР бойынша бөлінген соманың 3% құрап отыр), соның ішінде сомасы 2,6 млрд теңге болатын 22 жоба қалаға тиесілі (БҚО бойынша алынған соманың 72% құрап отыр).
Индустрияландыру картасы бойынша
Индустрияландыру картасы шеңберінде Орал қаласы бойынша 11 688 млн.теңге болатын 1051 жұмыс орындарын құрумен сомасы 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
2010-2014 жылдардың қорытындысы бойынша Орал қаласында 966 жұмыс орындарын құрумен сомасы 10 929 млн.теңге болатын 22 жоба жүзеге асты.
Соның ішінде 2014 жылы 360 жұмыс орындарын құрумен сомасы 4 200,0 млн.теңге болатын 2 жоба жүзеге асты («Орал трансформатор зауыты» «қуаты күшті, 6-10 кВт болатын трансформаторлар өндірісі» және «Квант» ЖШС «Жиһаз өндірісі»).
2016 жылы 30 жұмыс орындарын құрумен сомасы 458,8 млн.теңге болатын 1 жобаны (Орал «Зенит» зауыты», құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа класты кемелер өндірісін игеру және ірі габаритті өнімдер шығару) жүзеге асыру жоспарлануда.
2019 жылы 55 жұмыс орындарын құрумен сомасы 300 млн.теңге болатын 1 жоба ( «НИИ «Гидроприбор» АҚ, шағын кемелер өндірісін кеңейту және жаңарту) жүзеге асыру жоспарлануда.
22 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 5 198 682,3 мың теңге көлемінде салық түссе, оның ішінде 1 444 966 мың теңге салық жергілікті бюджетке түсті. Жалпы түскен салық көлемінің ішінде 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығына мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі 734 424,3 мың теңге, ал жергілікті бюджетке түскен салық көлемі 246 846,9 мың теңгені құрап отыр.
Жобалар негізінен құрылыс, өндіріс,тамақ өнімдерін өндіру мен жиһаз өндіруге бағытталған.
Базарлар мен сауда үйлері
Орал қаласында ресми 28 сауда базары тіркелген, соның ішінде 27 сауда базары жұмыс жасайды (қазіргі таңда «Самал» базары жұмыс жасамайды).
Тауарлық мамандануы бойынша 27 базардың ішінде
- 12 азық-түлік сауда базарлары
- 15 азық-түлік емес сауда базарлары болып табылады.
Аумағының көлеміне қарай
- 11 ірі сауда базарлары (жер көлемі 1 гектар немесе одан да жоғары)
- 6 орташа сауда базарлары
10 шағын сауда базарлары болып табылады.
Барлық базарлар 3 категорияға (жабық, аралас және шағын базар) бөлінеді.
Базарларда сауда саттықпен айналасатын 8 000-ға жуық жеке кәсіпкерлер бар. Негізінен саудагерлер «Мирлан» (2,6 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер) және «Алтын-Алма» (800-ге жуық жеке кәсіпкерлер) базарларына шоғырланған.
Қала басшылығымен қала аумағының орталығында орналасқан 8 сауда базарларының басшыларымен («Мирлан», «Тұлпар», «Қайнар», «Орталық-киім», «На Алмазов», «Жигули», «Ақ жол» және «Қалау») кездесулер жүргізілді, нәтижесінде олар 2015 жылдан бастап өздерінің аумағында қазіргі заманға сай ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерін салу жоспарларының бар екендігіне сендірді.
Қазіргі уақытта қала әкімшілігінің кеңесі бойынша ескі базарлардың орнына қазіргі заманға сай базарлар мен сауда үйлерді салуға төменднгідей базар басшылары кірісті.
«На Алмазова» базары (2 қабатты ғимарат көтерілді және шатырды жабу жұмыстары жүргізілді, жылу жүйелері жүргізіліп, желдеткіш орнатылды, ішкі өңдеу жұмыстары жасалуда. Нысанды іске қосу 2016 жылдың ақпан айына жоспарлануда).
«Орталық-киім базары» (Московский базары) – іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде, қаңқасы көтерілуде, базар 2 этапта салынатын болады. Сауда үйінің жалпы ауданы 13 000 шаршы. 2015 жылдың желтоқсан айында 6 000 шаршы, яғни 1-ші этап аяқталады деп күтілуде. 2016 жылдың көктемінде толықтай 2-ші этап аяқталып, іске қосылатын болады.
«Жигули» базары, «Жигули» аялдамасы ауданында Әбілқайыр хан көшесі бойында орналасқан, нысаналы пайдаланымы сауда базарынан сауда үйіне толықтай ауысты. Қазіргі таңда 3 қабатты ғимарат бой көтеріп шатыры ішінара жабылды, әрі қарай жұмыстар жүргізілуде)
«Бақыт жол» базары, Матросов көшесі 2/7 мекенжайында орналасқан, бүгінгі күні алдыңғы беті қайта жабдықталды.
Сонымен қоса, «Тұлпар» және «Мирлан» базарларының орнына салынатын сауда үйлерінің жобасының сметалық құжаттамалары әзірленуде (Мұхит-Досмухамбетов көшелері бойынан 3 қабатты сауда үйін салу жоспарлануда).
«Ақ жол» және «Қалау» базарлары электр қуаты тартылған, бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған санитарлық талаптарға сай сауда павильондары болып толықтай қайта құрылымданды.
ШОК БОЙЫНША SWOT- талдау
Қуатты (күшті) жақтары
кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
ШОК субъектілеріне мемлекеттік қолдау.
Әлсіз жақтары
өздерінің айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі, ШОК субъектілерінің кепілдік мүліктерінің болмауы;
кәсіпкерлердің жеткіліксіз деңгейде ақпараттандырылуы, білікті мамандардың жеткіліксіздігі.
Мүмкіндіктер
рұқсат беру тетіктерін жетілдіру және әкімшілік кедергілерді жою;
ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қауіп
индустриалды инфрақұрылымның дамымауы;
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.
Дамудың жағымды динамикасымен қатар бірқатар кәсіпкерлікті дамытуға қайшы келетін факторлар да бар. Оның ішінде атап өтетіні салық деңгейінің жоғарылығы, материалды-техникалық құралдардың қымбатшылығы, кредиттік ресурстарға шағын бизнестің төмен қол жетімділігі, кепілдік заттың болмауы, ШОК субъектілерінің жаңашылдық тұрғыдан төмендігі, жалға алу құны мен құрылғылардың бағасының жоғарылығы, кәсіпкерлір мен жалдамалы қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі.
ШОК аймақта дамытға кедергі болатын нақты факторлар мыналар:
негізгі топ болып табылатын жергілікті тұрғындардың азық-түлікке сұранысының төмендігі;
кәсіпкерлікті жаңадан бастаушылардың біліктілігінің төмендігі.
Сауда
2014 жылы қаланың бөлшек тауар айналымының көлемі 161,4 млрд.теңге құрады, нақты көлемінің индексі – 12,8%. Тауар айналымынан алынған барлық көлем мемлекеттік емес секторларға тиесілі.
Өңірдің көтерме тауар айналымы 2014 жылы 257,7 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6% өсті.
15-кесте
Бөлшек және көтерме тауар айналымының көлемі
млрд. теңге
|
|
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі
|
Көтерме тауар айналымының көлемі |
||||||
|
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014 % 2013 ж. |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014-2013ж.ж. % |
|
|
Орал қ. |
103,5 |
135,2 |
161,4 |
112,8 |
179,9 |
226,1 |
257,7 |
106,1 |
|
БҚО |
136,4 |
173,9 |
201,8 |
109,7 |
210,8 |
221,6 |
238,9 |
100,3 |
Сауда көлемінің даму динамикасында тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі – 41,3%, саудамен айналысатын кәсіпорындар 58,7% құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 2014 жылы ең үлкен көрсеткіш 77,2% Орал қаласында байқалды, облыстың аудандарына 22,8% тиесілі.
2015 жылдың 1 қаңтарына қалада 45 ірі сауда үйі, 1546 дүкен мен киоскілер, 31 базар жұмыс істейді.
Сауда дамуының SWOT-талдауы
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· ішкі сауданы дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздің болуы; · жылдық тауар айналымының өсуі; · бөлшек сауда базарында құрылған мықты қазақстандық ойыншылардың болуы.
|
· әкімшілік барьерлер; · инженерлік-техникалық инфрақұрылымды салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы; · отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің ауқымсыздығы, оның импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің әлсіздігі; · кәсіптік-техникалық, оның ішінде сауда мамандықтары бойынша білім беру жүйесінің әлсіздігі. |
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· қайта өңдеуші өнеркәсібін дамыту; · отандық өнім өндірісін өсіру; · әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу; · көлік-логистикалық орталықтары желісін дамыту; · бәсекелестікті, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру; · орта тапты қалыптастыру, халықтың төлем қабілетінің үлесін ұлғайту. |
· шетел сауда желілері тарапынан отандық ойыншыларды ығыстыру және сіңіру; · шағын бизнес кәсіпорындарын қазіргі заманғы сауда пішімдерімен ығыстыру.
|
Бөлшек сауда саласы әлі ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың пәрменді институты бола алған жоқ. Сауданың дамуындағы оң серпінге қарамастан, ішкі сауда инфрақұрылымы деңгейінің жеткіліксіз дамуы сияқты салада проблемалық мәселелер атап өтілуде;
көп уақыт сақталатын тауарлар (жарма, қант, өсімдік майы, ұн-жарма өнімдері) үшін тауар өндірушілердің өздерінен дистрибьютерлік жүйесі басым көтерме-бөлшек сауда желілері қалыптасқан және жұмыс жасауда, ал жылдам бұзылатын азық-түлік тауарлары саласында нәтижесіз делдалдар (алып-сатарлар) болуда, ол келесі себептермен түсіндіріледі:
өндірушілерден тауарларды «ауладан» көтерме сатып алатын, нәтижесіз делдалдар үшін қолайлы жағдай туғызатын, жылдам бұзылатын өнімдердің ұсақ тауарлы өндірісі;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және сауда желілерімен интегралданған ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме буынының болмауы;
бөлшек сауда форматының заманауи дамымауы бөлшек секторын едәуір операциялық шығындарына әкеп соқтырады.
Ірі жабдықтаушылар мен өнімді өндірушілер арасында негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын 10 пайыздық үстемеден асырмай сату жөнінде 2 меморандумға қол қойылып, тығыз жұмыс жасалуда.
Бөлшек сауданы жаңғыртудың төмен мөлшерлемесінің негізгі себебі кәсіпкерлердің бизнес-құзыреті үшін ынталандырулардың жоқтығы болып табылады.
Алайда, қазіргі заманғы сауда объектілері мен нарықтарының қайта құру құрылысы үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасы есебімен қаржы шараларының болуы, осы құралдардың пайдалану қаладағы бөлшек және көтерме сауданы дамытуға ықпал етеді.
Қаладағы бөлшек сауданы одан әрі дамыту Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға дейінгі қызметтер саласын дамыту бойынша Бағдарламасы есебімен сауда базарларын жаңғырту бағытында; қазіргі заманғы сауда форматтары мен электрондық сауданы дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады.
2.2.2 Қаланың әлеуметтік саласын талдау
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Қаладағы еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің 2012 жылы 5,0%-дан 2014 жылы 4,9%-ға дейін тұрақты төмендеуімен сипатталады.
Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық саны 2012 жылдан 2014 жылға дейін бір деңгейде 2009 жылы 134,4мың адамды құрайды.
16-кесте
Еңбек нарығының негізгі индикаторлары
|
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014 жыл 2013 жылға, %-бен |
|
Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық, мың адам |
134,3 |
134,6 |
134,4 |
99,8 |
|
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам |
128,3 |
128,2 |
127,7 |
99,6 |
|
жалдамалы қызметкерлер |
116,7 |
116,8 |
107,1 |
91,7 |
|
өз бетінше жұмыспен қамтылғандар |
11,3 |
11,5 |
20,6 |
180 |
|
Жұмыссыз халық, мың адам |
5,5 |
6,5 |
6,8 |
105 |
|
Қоғамдық жұмыстар есебінен жұмыспен қамтылғандар |
5568 |
4263 |
4183 |
98,1 |
|
Құрылған жұмыс орны |
5291 |
5136 |
9,2 |
96,4 |
|
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,0 |
5,1 |
4,9 |
х |
2012-2014 жылдары қала экономикасының барлық салаларында 15379 жұмыс орны құрылды, соның ішінде маусымдық-2448.
Соңғы үш жылда еңбекпен қамту мәселесі бойынша жолыққан азаматтардың жалпы санынан жұмыспен қамтылғандар үлесі 2012 жылы 71,3%-дан (5568 адам) 2014 жылы (4183 адам жолыққан) 56,3%-ға дейін азайды. Халықтың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға үш жыл аралығында 4475 адам жіберілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жыл сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. 2014 жылы 7 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған 10181 адам қатынасты. Өткізілген жәрмеңке барысында тұрақты жұмысқа 309 адам орналастырылып, 13 адам кәсіптік оқытуға, 19 жұмыс орындарына, 24 адам қоғамдық жұмыстарға, 35 адам жастар тәжірибесіне жолданды.
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар біреудің асырауында болуды жоятын, арнаулы және тиімді көмекке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.
Негізгі әлеуметтік басымдықтардың біріне жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларды жетілдіру мен одан әрі дамыту жатады, себебі ол халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адами әлеуетті жүзеге асыру мен дамыту болып табылады.
«Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында оқыту, қайта даярлау, жұмысқа орналастыруға ықпал ету, шағын несиелер беру мен кәсіпкерлікке дағдылануды оқыту арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сонымен қатар ауылдық елді мекендерде әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы әлеуетімен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етубойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады
Орал қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің жанында 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 30 мүгедекке арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс жасайды.
Әлеуметтік қызмет көрсету формаларының кеңеюіне байланысты әлеуметтік қызметті алуға мұқтаж адамдардың саны артуда. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінің желісін, соның ішінде психоневрологиялық ауруы бар адамдарға арналған МӘМ арттыру қажет. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кезекте 179 адам тұр.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандары дамып келеді. Үкіметтік емес секторда жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 2014 жылы жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі 1,3 %-ды құрады (2012 жылы – 1,1%), яғни 2015 жылдың 1 қаңтарына 63 адам қамтамасыз етілді. Алайда үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға жергілікті бюджеттен қаржы жеткіліксіз.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2850 инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жасау міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 477 объектіге түгендеу жүргізілді, оның ішінде 410 нысан (85%) «бейімдеуге мұқтаж» деп айқындалды. 2014 жылдан объектілерді бейімдеу басталды және 25 объекті бейімделді. Негізгі мәселе объектілерді бейімдеуге жергілікті бюджеттен қаржының бөлінбеуі болып табылады.
Халықтың өмір сүру деңгейі
Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі, олардың әл-ауқаты мен жай-күйінің шамасы мемлекет пен аймақтың экономикалық және әлеуметтік саясатының бағыттары мен басымдықтарын таңдау кезінде маңызды әлеуметтік-экономикалық критерий болып табылады.
Еңбекақы халықтың басым бөлігінің негізгі табыс көзі болып табылады, ал нақты еңбекақы көлемі көбіне адамдардың материалдық жағдайын айқындайды.
2014 жылғы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 95143 теңгені құрады және 2013 жылға қарағанда 7,9%-ға көп, нақты еңбекақы индексі 102,4% құрады.
Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде халықты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, арнайы әлеуметтік көмек алатындар ішінен еңбекке жарамдыларын қоғамдық жұмысқа бағыттау 27% құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,2% аз (26,8%), ал 2012 жылмен 0,3% аз (27,1%).
2015 жылдың 1 қаңтарына кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасылар саны 293 отбасыны құрады, бұл 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 20 отбасыға көп (2013 жылдың 1 қаңтарына – 273 отбасы).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша SWOT- талдауы
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық пунктке төмендеді және 4,9 %-ды құрады; · «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда; · жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар қаржыларының жеткіліктілігі. · әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын қамту; · медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектер, қарттар, мүгедек балалар санының артуы;
|
· еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, еңбек нарығында дәрігерлер, мұнайшылар, электргаз дәнекерлеушілердің үлкен сұранысқа ие болуы; · мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар алу белгілі бір азаматтар санаттары үшін ақша алудың жалғыз көзі болып; · арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін ҮЕҰ-дың материалдық-техникалық базасының болмауы; · мүгедектерді жеке оңалту бағдарламалары мүгедектердің өтініштері негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен дайындалады, ал келесі жылға бюджетті қалыптастыру ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қалыптастырылады, сәйкесінше бюджетті қалыптастырғаннан кейінгі ЖОБ уақытылы орындалмайды. |
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал жасау; · жұмыс орындарын құру, соның ішінде уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы; · жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау; · бос жұмыс орындары және бос қызметтер жәрмеңкесін өткізу. · мүгедектерді әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі шектеулі адамдарға максималды тәуелсіздікті, толық физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік және кәсіби мүмкіндіктерді сақтау мен қол жеткізуге және олардың өмірінің барлық салаларына толық араласуына мүкіндіктер береді; · арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ-дың қызмет ету аясын кеңейту. |
· кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулілігі; · жасырын жұмыссыздық; · жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азамат мәртебесін және табыстар туралы анықтаманы ұсынуды талап етеді). · арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ҮЕҰ-дың белсенділігінің төмендігі. · бөгде адамдардың тұрақты күтіміне мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдар санының артуы; · психоневрологиялық үй-интернаттардағы кезектілік.
|
Қала бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр:
халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, 50 жастан үлкен адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі;
білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді;
мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіле бермейді;
қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді;
мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларда нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыру мардымсыз деңгейде қамтамасыз етілуде;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде медицина мамандарының жетіспеуі болып табылады, соның ішінде психиатр дәрігерлер, невропотологтар, терапевтер;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға, сонымен қатар инфрақұрылымдарды бейімдеуге қаржының жеткіліксіздігі;
қозғалыс кезінде қиындықтар бар мүгедектер үшін бейімделген қоғамдық көліктің болмауы;
әлеуметтік маңызы бар объектілерді ішінара бейімдеу, нысандарға қолжетімділік пандустарды орнатумен ғана шектеледі.
Денсаулық сақтау
2012-2014 жылдар кезеңінде мемлекеттік нормативке келтіру мақсатында жалпы тәжірибе дәрігерлерінің емханадағы, қалалық және ауылдық дәрігерлік амбулаториялардағы қызметтерін ұсынатын профилактикалық және психоәлеуметтік көмек бөлімшелері бар аралас типтегі құрылымдарды құрумен, амбулаторлық-емханалық көмекті қайта құрылымдау жүргізілді.
17- кесте
Орал қаласының денсаулық сақтау жүйесі
бірлік
|
|
2012 ж. |
2014 ж. |
Ауытқу +/- |
|
Барлық медициналық ұйымдар |
39 |
38 |
-1 |
|
Стационарлар |
13 |
13 |
0 |
|
Қалалық емханалар |
5 |
6 |
+1 |
|
ДА |
6 |
4 |
-2 |
|
ФАП |
- |
- |
0 |
|
МП |
4 |
4 |
0 |
|
Санаторийлер |
1 |
1 |
0 |
|
Орал қаласындағы басқа медициналық ұйымдар |
10 |
10 |
0 |
Денсаулық сақтау саласының қаржыландыру көлемі жылдан жылға көбейіп келеді:
(2012 ж. – 5512,6 мың теңге, 2013 ж. – 7067,7 мың теңге, 2014 ж. – 9123,9 мың теңге, яғни 16,5%).
2014 жылдан бастап амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар мен ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландырудың жаңа түрі енгізілді. Төлем 1 тұрғынға есептегенде кешенді жан басына шаққандағы тарифпен жүзеге асырылады.
2014 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге қосқан үлестері үшін МСАК ұйымдарының қызметкерлерін ынталандыруға республикалық бюджет қаражатынан 759,8 млн. теңге бөлінді, яғни 1 тұрғынға айына 100 теңгені құрайды.
Медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыруға 2014 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 791 757,0 мың теңге қарастырылған, игерілгені 100%. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 023 518,0 мың теңге, игерілгені 100%. 2014 жылы медициналық жарақтандыру 76,2% құрады. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы үшін компьютер томографы, облыстық онкологиялық диспансер үшін телепотология үшін жабдықтар, Батыс Қазақстан медициналық колледж үшін аймақтық симуляциялық орталық үшін кешен, 2014 жылы 15 бірлік санитарлық автокөлік сатылып алынды.
Медициналық-демографиялық, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады, бұл жалпы өлім көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығының артуы көрсеткішінде көрінеді.
Күтілетін өмір ұзақтығы 1жасқа көбейді және 2012 жылғы 69,5 жастан 2014 жылы 70,
46 жасқа дейін.
Туу көрсеткіші 2014 жылы -22,23 (2012 ж.- 22,82), халықтың жалпы өлімінің көрсеткіші 2014 ж. – 9,6 ( 2012 ж. – 10,34) құрады.
2012-2014 жылдары 2 денсаулық сақтау объектісі салынды: Зашаған кентінде 1 емхана, Мичурин және Деркөл кенттерінде 2 емхана. Қалалық 300 кереуеттік көпбейінді аурухананың құрылысы жалғастырылуда.
2-сурет
2012-2014ж.ж. аралығындағы жетістік нәтижелері
-2012-2014 жылдар аралығында қала бойынша ана өлімі тіркелген жоқ;
-Нәресте өлімі көрсеткіші 3 жылда 9,3%-ға өскені байқалады, 8,6 (2012ж.) 9,4-ға дейін (2014ж.).
Облыста ана, сәби және бала өлімінің деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен ана және сәби өлімін төмендету жөніндегі Облыстық штаб өз жұмысын жалғастыруда. 2014 жылы Облыстық штабтың 3 мәжілісі өткізілді.
Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БЖАЫЖ) стратегиясын одан әрі енгізу мақсатында мультимедиялық аппаратуралармен, компьютерлермен, оқыту аппараттарымен, фантомдармен, үлестіру материалдарымен, тақырыптық стенділерімен жарақтандырылған Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы базасында оқыту-тренингтік орталығы жұмыс жасайды.
-ҚАЖА-дан (қан айналымы жүйесі аурулары) өлім көрсеткіші 13,81%-ға 316,7 (2012ж.) дан 367,8 (2014ж.) өсіп және ҚАЖА-нен өлім 16,1-ға, 273,6-ден 229,6-ға дейін кеміп отыр. Қан айналымы жүйесі ауруларын скрининг шеңберінде ерте анықтау бойынша 2014 жылы 35319 адам қаралды, 10,2% анықталды, диспансерлік есепке 99,86% алынды. Қанайналым жүйесі ауруларымен ауырған науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасын көтеру үшін Инсульт орталығы ашылды, мұнда ми қанайналымының жіті бұзылуларымен 800 науқас емделді. «Алтын сағат» кезеңінде нейровизуализация көмегін 70% науқас алды.
Туберкулезбен ауру көрсеткіші 19,9%-ға 97,5 (2012ж.) 78,1 (2014ж.) және туберкулезден өлім 100 мың адамға 17,3%-ға (2012ж.)12,6-дан (2014 ж.) 8,6-ға төмендеді. Аурудың асқынған түрлері жоқ.
Қайтыс болған науқастар құрылымында IVсанатты көптеген дәрілерге төзімді туберкулез түрімен ауыратын науқастар саны басым. Туберкулездің созылмалы мультирезистенттік түрінің асқынған формасы туберкулезден өлімнің негізгі себебі болып табылады.
Туберкулезге күдікті адамдардан туберкулезбен аурушаңдықты анықтау үшін микроскопия және диагностикалық алгоритмді өткізу барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді мұқият таңдау және туберкулездің жұқпалы формасын анықтауды жақсарту бойынша қолданылатын шаралар жұмыстары жүргізіледі. 2012 жылдан бастап облыстық туберкулезге қарсы диспансер базасында экспресс-тексеру жүргізіледі, тексеруді өткізу үшін HAINTEST және GEINXpert заманауи зертханалық жабдықтары сатып алдынды.
2014 жылы әлеуметтік көмек 77037,1 мың теңге көлемінде 2814 туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетілді.
- Онкологиялық науқастарды 23,4%-ға төмендету 503,1-ден (2012ж.) 385,6-ға дейін (2014ж.) және қатерлі жаңа пайдаболулардан өлім тұрғындардың 100 мың адамға шаққанда 9,1%-ға азайды, (2012ж.) 127,65-тен (2014ж.) 115,94.;
Онкологиялық науқастарды ерте 1-2 сатыларында анықтау есебінен, аурудың асқынған түрлерін (3-4 саты) төмендету және бес жылдық өмір сүру қабілеттілігін арттыру есебінен көрсеткіш 50%-ға төмендеді. 2014 жылы қалпына келтіру және паллиативтік көмекпен 916 науқас қамтылды, онкологиялық сақтық қағидалары бойынша 341 дәрігер, 425 орта медицина қызметкері оқытылды. 2014 жылы ерте диагностикалау 54,0-ден 54,4-ке дейін ұлғайды.
Жедел медициналық көмек жұмысын жетілдіру және автоматтандыру шеңберінде қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында қашықтан басқару және бақылау көмегімен барлық аудандық медициналық ұйымдардың жұмысын бақылайтын АДИС-бағдарламасы орнатылды. Жедел жәрдем жұмысында жаңартулардың енгізілуі пациентке жету уақытының 40%-ға қысқаруына әкелді және «алтын сағат» кезеңінде уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік туғызды.
Кадрлармен қамтамасыз ету.
Қала бойынша дәрігерлер саны 1146-дан 1188-ге дейін 3,6-ға өсті. (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді, 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамтамасыз етілу 42,3 құрайды. Орта медицина қызметкерінің саны -3401,және 10 мың тұрғынға қамтамасыз етілу – 121,1.
2014 жылы 427 дәрігер, 2697 орта медицина қызметкері ел ішінде кәсіби біліктіліктерін арттырады. 14 дәрігер шет елде оқытылды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытылғандар – 5. Қалаға 2014 жылы 32 жас маман келді. Олардың барлығы да жұмысқа орналастырылған.
2014 жылы 1 шілдеден Батыс Қазақстан медициналық колледжі базасында дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіру үшін аймақтық симуляциялық орталық ашылды. Симуляциялық орталық оқыту-жаттығу құралдарымен, манекен және нақпішіндермен жарақтандырылған.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету
Қазіргі уақытта қалада алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 7 ұйым көрсетеді, олардың ішінде 6-уы мемлекеттік, 1-уі жеке «Медициналық орталық» ЖШС-і.
2014 жылдан бастап электрондық денсаулық сақтау шеңберінде облыстың МСАК ұйымдарында «Кешенді-жанбасылық нормативке арналған амбулаторлы-емханалық көмек» (АЕК) ақпараттық жүйесі енгізілді.
Облыс емханаларында «Кезексіз емхана» ұранымен әлеуметтік –бағдарланған көмек, соның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталында, халықты бекіту тіркелімі, дәрігерді үйге шақырту, дәрігердің қабылдауына жазылу т.б. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұйымдастырылды.
ЖММК дамуы
2014 жылдың ағымдағы кезеңінде 673 ЖММК көрсетілді: облыстық клиникалық аурухана – 307 жағдай, облыстық кардиологиялық орталықта - 194 жағдай, облыстық онкологиялық диспансерде - 80 жағдай, облыстық перинаталдық орталықта – 50 жағдай, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында - 7 жағдай, «Медициналық орталық» ЖШС-де - 35 жағдай.
Жалпы облыс бойынша травматология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология және балалар хирургиясы салаларына жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (ЖММК) 90 түрі енгізілді.
Қалада дәрімен қамтамасыз ету 216 дәріхана ұйымы арқылы жүзеге асырылады, дәріхана желісінің жалпы санынан – 4-уі мемлекеттік болып табылады.
Халықты амбулаторлық және стационарлық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету 100 % құрады.
Дәрімен қамтамасыз ету және препараттарды тағайындаудың негізділігі мәселелері, қолданыстағы нормативтік актілердің талаптарын сақтау Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының үнемі бақылауында тұр.
Профилактикалық медицинаны және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын едәуір күшейту денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдыққа айналады. Осы мақсаттарда қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі арттырылады, профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және сауықтыру жетілдіріледі.
Денсаулық сақтауды азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі тетігінің енгізілуін ескеріп дамыту басымды бағыт болып табылады. Азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидасы денсаулық сақтау саласында да, сонымен бірге күнделікті өмірде де мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болуы тиіс. Бұл шылым шегудің, алкогольды шамадан тыс тұтынудың, күйзелістің, дене қимылының төмендігінен және дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туындайтын ауруларды қысқартуға мүмкіндік береді.
Қойылған нысаналы индикаторларға қол жеткізу, жаңа инновациялық технологияларды дамыту, медициналық ақпараттық жүйені дамыту, кадрлық әлеуетті дамыту бойынша іс-шаралар одан әрі жалғастырылады.
Денсаулық сақтау бойынша SWOT- талдама
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· иммунизациямен жоғары қамтумен көптеген жұқпалы аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай; · стационарлық көмек көрсететін ұйымдармен қамтамасыз етілу; · заманауи медициналық технологиялар мен жоғары мамандандырылған медициналық көмек трансфертінің (бұдан әрі -ЖММК) тәжірибесі; · көліктік медицинаның дамуы; · аккредиттеу жүйесінің енгізілуі. |
· МСАК-ты қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі; · денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілік тетіктерінің болмауы; · еңбек ынтасының және медицина қызметкерлерінің кәсіби төмендігі. |
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· енгізілген нарықтық механизмдер негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу; · денсаулық сақтау нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және денсаулық сақтаудағы мүмкіншілікті тікелей инвестициялар. |
· жұқпалы емес инфекциялық аурулардың артуы; · облыс аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы; · контрафактілік дәрілік өнім. |
Облыстың денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалар: нәресте өлім-жітімі көрсеткішінің төмендемеуі; халықтың әлеуметтік елеулі аурулармен: қатерлі ісік ауруларымен, қан айналым жүйесі ауруларымен сырқаттануының деңгейі; кадр мәселелері; халықтың тарапынан өз денсаулығы үшін жауапкершіліктің жеткіліксіздігі болып қалуда.
Білім беру
Мектепке дейінгі оқыту.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 90 бірлікті құрайды, соның ішінде 50 мектепке дейінгі ұйымдар, 1 мектеп-балабақша, 26 жалпы білім беру мектептерінің шағын орталықтары, 7 жеке шағын орталықтары, 6 жеке балабақша. Соларда 13232 бала тәрбиеленеді, соның ішінде 1001 бала шағын орталықтарда, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың саны 10397 құрайды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалардың саны 11117, бала бақшаға баратын бала саны 10913 баланы құрайды. Кезекте ұйымдастырылған және тіркелген балалардың жалпы саны 15149 құрайды. Балалардың мектепке дейнігі тәрбие мен оқытумен қамтылуы 1-6 жастар аралығында – 58,1 %, 3-6 жастар аралығында – 98,1 % құрайды.
Барлық балаларды балабақшамен қамту үшін 280 орындық 41 балабақшалар салу қажет.
Қалада 3648 бала 27 балабақша қазақ тілінде оқыту және 4725 бала 23 балабақша аралас тілде оқытады.12 арнайы топ 122 баладан 4 балабақша мұмкіндігі шектеулі балалармен жүмыс жасаса, туберкулез ауруымен ауыратын баламен де шипажай балабақшасы жұмыс жасайды.
Соңғы 9 жылдықта 22 балабақша жанадан ашылды.
2006 жылы жобалау қуаттылығы 150 орындық 3 балабақша ашылды: Круглоозерный ауылында 25 орындық балабақша, 2-ші завокзальный тупик мекенжайында орналасқан 100 орындық балабақша, Серебряков ауылында 25 орындық балабақша.
2007 жылы жергілікті бюджеттен Ремзавод ауданында 250 орындық №29 «Балауса» балабақшасы және Механикалық завод ауданында «Чебурашка» балабақшасы сатып алынып, 78,7 млн тенге соммасына ғимаратқа жөндеу жүргізілді.
2008 жылы барлық жобалық қуаттылығы 920 орындық 4 бала бақша ашылды: 7 шағын ауданында №34 «Балбұлақ» және №37 «Жұлдыз ай» шет елдік инвесторлар есебінен салынды, облыстық трансферттер есебінен №35 «Шұғыла» 270 орындық, №45 мектеп интернат ғимаратын №36 «Балақай» 90орындық балабақшаға берілді.
2009 жылы жалпы жобалық қуаттылығы 735 орындық 3 бала бақша ашылды: облыстық трансферттер есебінен №38 «Жазира» 170 орындық Зашаған кентінде сатып алынды, шетелдік инвестиция есебінен Зашаған кентінде №40 «Болашақ» 280 орындық бала бақша салынды, шетелдік инвестиция есебінен 9 шағын ауданында №39 «Салтанат» 280 орындық бала бақша ашылды.
2010 жылы барлық жобалық қуаттылығы 700 орындық 4 бала бақша салынды: №2 балалар үйін жөндеп 4 емханада №41 «Ақтілек» 140 орындық ашылды, медициналық колледж жатақханасын жөндеу жүргізіп №42 «Алтын сақа» 240 орындық бала бақша ащылды, Вальдорф бағытындығы гимназияны №3 ЖОББМ ауыстырып №43 «Өркен» 120 орындық бала бақша ашылды, 4 емхана ауданынды №44 «Мерей» 280 орындық бала бақша салынды.
2011 жылы 580 орынға 5 мкр.-да 2 балабақша және 2012 жылы Самал көшесі бойында 360 орынға № 47 «Байтерек» балабақшасы ашылды. 2013 жылдың қыркүйек айында 350 орынға № 48 «Мурагер» балабақшасы ашылды.
2014 жылы бұрынғы №42 мектеп гимназиясы орнына 360 орындық №49 «Ақниет» бала бақшасы және 360 орындық №50 «Заңғар» бала бақшасы ашылды.
Соңғы жылдары мектепке дейінгі оқытуға қаржы бөлу 50% өсті және 5 бала бақша жөнделді, 3 бала бақша қайтадан сатып алынды. Сонымен қатар 36% 18 бала бақшаға күрделі жөндеу жүргізу қажет етеді.
Жалпы білім беру.
Қалада жалпы блім беретін 48 мектеп бар, бала саны 37579 оқушы және 320 оқушы 4 жеке мектептерде тәрбиеленуде.
Қала бойынша сыныптардың орташа толымдылығы орташа 22,3 оқушыны құрайды. Ана тілінде қазақ ұлты балаларының жалпы санынан 80 % оқиды. Екі ауысымдық тәртібінде 43 мектеп (90%), №38, 35 мектептері, ВБМГ, ЭБМ – бір ауысымда оқиды. Қаланың 5 мкр.-да №42 мектеп-гимназиясының жаңа ғимаратын пайдалануға берілісімен №44 мектепке жүктеліс азайды.
Қала бойынша оқушылардың білімінің сапасы 84,74%, өткен жыл нәтижелерімен салыстырғанда қалыпты. 2014-2015 оқу жылында орта мектеп курсын 1430 түлек және кешкі мектеп курсын 294 түлек аяқтады. Олардың ішінде 945 түлек ҰБТ-не қатысты. Қала бойынша 889 оқушы өте жақсы (жақсы) түлек аяқтады.
2014 жылы Жанаорда ауданында 600 орындық №46 ЖОББМ және 2015 жылы Сарытау ауданында 1200 орындық №47 ЖОББМ ашылды.
Барлық 48 мектептерде 56% ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, алыс аймақтардағы 2050 оқушыларды мектептен автобуспен тасымалдау қарастырылған.
Қаланың 48 мектебі интернет желісіне қол жетімділігі бар. Қалада Merits Pythagoras и Байтерек сияқты бағдарламалық пакеттер орнатылған 46 мультимедиалық лингафондық бөлмелер (қажеттіліктен 86,6%) жұмыс істейді.
Қаланың барлық мектептерінде медициналық бөлмелер бар, бөлмелердің жабдықталуы 100% құрайды.
Барлық 2471 мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде инклюзивтік оқитын 1475 бала.
Соңғы бесжылдықта 10 мектептер жөнделді. 42% пайызда, яғни 20 мектеп күрделі жөндеуді талап етіп отыр.
Мақсат 2.1. – Балалардың қорғау мен заңдық құқықтарын қорғауды өсіру , қолжетімді және арнайы білім беру.
18 кесте
|
№ |
Мақсатты көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
|
11 |
Апаттық жағдайдағы мектептер саны |
өлшем |
0 |
0 |
00 |
00 |
0 |
ОО |
|
|
22 |
Мектептердегі жаратылыстану-матиматикалық бағытты (өте жаксы/жаксы) игерген тұлектер пайызы |
% |
62,5 |
62,8 |
63 |
63,5 |
63,8 |
ОО |
|
|
33 |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивтік оқытумен қамтылғаноқушылар пайызы |
% |
59,8 |
59,9 |
60 |
60,1 |
60,2 |
ОО |
|
|
44 |
(3-6 жыл) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту |
% |
98,2 |
98,4 |
100 |
100 |
100 |
ОО |
|
|
55 |
Мемлекеттік нормативтік жүйеге сәйкес жалпы орта білім берумен мекемелерді қамту. |
% |
97,9 |
97,9 |
97,9 |
97,9 |
100 |
ОО |
Қосымша білім беру. 2014-2015 оқу жылында қала мектептерінің оқушылары облыстық жәнге республикалық деңгейдегі 95 әр түрлі сайыстарға қатысты. 1020 бала жеңімпаз және жүлдегер болып жарияланды.
2015 жылы «Атамекен» қала сыртындағы лагерінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 2 ауысымда нашар қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар және ата--аналардың қамқорынсыз қалған балалар демалды. 2015 жылы дарынды балалар үшін 50% жеңілдігі бар ауысым - 230 бала.
2013 жылдың мамыр айында ГЦДЮТ және «Атамекен» Э базасында қаланың 230 баланы қамтыған әскерге дейінгі жасқа толмаған жастар үшін әскери-патриоттық жиындар өткізілді.
Білім беру бөлімімен 1700 бала қамтыған «Мирас» және «Рахат» палаталық лагерьлер ұйымдастырылды. Круглоозерное а.-да Круглоозерное ОБМ жанында 30 баланы қамтыған еңбек және демалыс лагері ұйымдастырылды. 2012 жылдың шілде айынан бастап дәстүрлі түрде № 26,17,26,6,3,38,12,24,13,234 ОБМ и Круглоозерное ОБМ-де 600-ден астам бала жалпы қамтуы бар палаталық лагерьлер және девиантты мінез-құлқы бар балалар балалары үшін 230 кәмелет жасына толмаған баланы қамтыған «Кайсар-Мужество» ұйымдастырылды. 20.06.2015 жылға жазғы демалыспен қамтылу 7742 баланы құрады.
Әлеуметтік жетімдікті алдын-алу және балаларды отбасылық жабдықпен қамтамасыз ету.
Қаланың 48 мектебінде өздерінің алдын-алу жұмыстарын ОДН 44 мектеп инспекторы мен ОДН 14 аймақтық инспекторы атқарады. Мектеп ішілік бақылауда (31) және ОДН (149) 180 бала тұрады.
Қаланың 48 мектебінде негізгі міндеті өз құрбыластары арасында құқықтық жалпы оқытуды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды алдын-алу болып табылатын жас полициялардың топтары құрылды.
Қаланың барлық мектептерінде 35759 оқушылар жалпы контингенті бар қамқоршылық Кеңестері құрылды. 13 мектепте төрағалар ретінде мектеп директорлары, ал 8 мектепте төрағалар ретінде ата-аналар қоғамшылдығы болып табылады. Кеңестің негізгі функциясы мектептердің қоғамдық өміріне қатысу, қажеттілік бойынша және әр түрлі акциялар кезінде демеушілік көмек көрсету болып табылады. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республика сының заңдары, мектеп, гимназия, лицей жарғысына, осы ереже және тағы басқа заңнамалық актілеріне сүйенеді.
Қалада 599 жетім балалар, Жалпы балалар саны 0-18 жас аралығындағы 1,2 % ата –анасынан қамқорынсыз қалған балалар, осының ішінде 591 бала асырап алған балалар, 51 бала патронаттық тәрбиеге берілді.
Білім беру бойынша SWOT- талдау
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары; · мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жоғары қамтылуы; · мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы; · Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштер.
|
· білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі; · жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы; · балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз; · білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі толық дамымаған; · білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;
|
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· білім беру нысандары құрылысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту; · электрондық оқытуды енгізу; · жеке балабақшалар ашу; · қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту; · отбасылық үлгідегі үйлерді ашу.
|
· білім беру нысанының пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы; · саланы жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымының материалдық және техникалық базасының айтарлықтай тозуына әкеліп соғады. |
Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың жоғары емес сапалық құрамына, мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық қамту дәрежесінің төмендігіне, мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің көптігіне қатысты мәселелер орын алуда (2015 жылдың 1 қаңтарына – 20532 бала).
Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуi) және көшi-қон жағдайлары балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендеуiне әкелуі мүмкін.
Білім беру объектілерінің пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы оқушы орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюiне әкеліп соғуы мүмкін. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру, апатты жағдайдың алдында тұрған мектеп ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу қажет.
Көптеген азаматтардың жетім балаларды отбасыларға орналастыру мәселесіне немқұрайлы қарауы нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаймай отыр. Жетім балалардың және тәуекел тобындағы балалардың мәселелерін шешудің оң тәжірибесін насихаттау, қолдау, дамыту, тарату бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
12 жылдық білім беруге көшуге байланысты оқушылар контингентінің өсуі күтіледі. Бастауыш мектепке балаларды қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылатын болады. 6 жасар балаларға жағдай жасау, қосымша ойын бөлмелерін ашу қажет.
Білім беру саласындағы негізгі бағыттар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі ұйымдар желілерін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыруға бағытталады.
Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш оқыту сапасын арттыруға және ақыл-ойы, дене бітімі мен жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады.
Мәдениет
Соңғы жылдары аймақтың мәдениет саласының қызметі бірқалыпты дамуда. 2012-2014 жылдары мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 1443 млн. теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 9,3% өскені байқалады.
2014 жылдың 1 қаңтарына қалада мемлекеттік мәдениет мекемелері қызмет ететін желі: 2 драма театры, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, облыстық камералық оркестр, 24 көпшілік кітапхана, 5 автоклуб, 2 кинотеатр, 20 аула клубтары, 4 мәдениет және демалыс саябағы, көрме залы, облыстық тарих және археология орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау мемлекеттік инспекциясы, зағиптар қоғамы, саңыраулар қоғамы клубтарымен қалалық мәдени-ағарту бірлестігі, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен жастар шығармашылығы орталығы.
2014 жылы театрлар 455 спектакль қойды, соның ішінде мемлекеттік тілде - 193 (42%). Театр өнеріндегі жаңа қойылымдардың үлесі 3,0% құрады. Есепті мерзімде қазақ драма театры мен А.Островский атындағы драма театр 15 жаңа қойылым қойды.
2012 жылмен салыстырғанда театрларға келушілер саны 4,7 мың көрерменге немесе 6,1% өскен.
Клуб мекемелері 2014 жылы 16140 мәдени-көпшілік шара (фестивальдар, байқаулар, форумдар, акциялар, айтыс, концерт, шығармашылық есеп және т.б) өткізіп, 336 мың адам қамтылды.
2013 жылмен салыстырғанда (16000 мәдени-көпшілік шара, 335,1 мың адам қамтылған) өткізілген мәдени-көпшілік шаралар – 140-қа (1%-ға), келушілердің 0,9 мың адамға (2%-ға) өскені байқалады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалдары – С.Ғұмаров музейі мен Табиғат және экология музейлерінің экспозициясы 6,2 млн. теңгеге қайта жаңартылып, жалпы сомасы 6,3 млн. теңге құрайтын 302 жәдігер сатып алынды.
Қала кітапханаларының кітап қоры 2235,5 мың дананы (2012 ж. – 2190,4 мың дана) құрайды.
Кітапхананың жалпы оқырмандар саны 95,7 мың, бұл 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,4 мың оқырманға көбейген.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек кездесетін кітап қорынан 372 кітап сандық форматқа аударылды. 2012-2014 жылдарда барлығы 1138 дана кітап сандық форматқа аударылған.
Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2013 жылы мәдениет саласының 7 объектісіне 414,5 млн.теңгеге, оның ішінде облыстың 6 аудандық мәдениет үйі және М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жастар мәдениет үйінің төбесіне жөндеу жүргізілді.
Тарихи ғимараттар мен ескерткіштерге жөндеу-жаңғырту жұмыстары жүргізілді: «Братская могила», «Этих дней не смолкнет слава», Мәңгілік Даңқ Алауымен Жеңістің мемориалдық кешені және М.Гаврилов, Т.Масин мен Г.Жуков мүсіндері.
Мәдениет саласы бойынша SWOT-талдау
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· аймақтың жоғары тарихи-мәдени әлеуеті; · мәдениет саласына, мәдениет нысандарының реконструкциясы мен жөндеуіне бөлінген қаржының көбеюі.
|
· қаланың жаңа шағын аудандарында кітапханалар мен балалар аула клубының, типтік мәдениет үйлерінің ғимараттарының құрылысындағы қажеттілік; · ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, ауылдық жерлерде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;
|
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· ұсынылатын мәдени қызметтің өсуі мен дамуы; · кітапхана процестерін автоматтандыру мен ақпараттандыру.
|
· мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының төмен болуына байланысты, еңбек нарығында мамандандырылған кадрлардың айтарлықтай болмауы;
|
Қаладағы мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштер өскенімен, тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігі, мәдениет нысандарының салынуы, сонымен қатар өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени мұраның тиісті деңгейде насихатталмауы мәселелері шешілмей тұр. Мысалы, қаланың жаңа шағын аудандарында (4,6,9 ш/а), ет комбинаты ауданында, Желаев ауылы, Серебряков ауылы, Круглоозерный, Зачаган кенттерінде аула клубтары жоқ, кітапханалар саны жеткіліксіз. Тұрғындарға заман талабына сай сапалы мәдени қызмет көрсету үшін мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайының төмендігі (музыкалық аспаптардың, заманауи жабдықтар мен сахналық киімдердің жоқтығы) кері әсер беріп отыр.
Мәдениет саласының мекемелерінде реставратор, бутафор, бағдарламашылар, шығармашылық көшбасшылар мен жаңа типтегі басқарушы кадрлар мамандары тапшы.
Мәдениет саласының дамуына алдағы уақытта қарастырылатын басты бағыттар:
еңбекке ынтасын, кәсіби табыстарға жетуін қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы ұлттық мәдениет өнімдерінің үлесін көбейту (кино, кітаптар, театралдық қойылымдар, телебағдарламалар);
мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру;
аймақтағы тұрғындарды қоғамның дамуына үлес қосуына, әлеуеметтік белсенділік танытуға мәдени-көпшілік шаралар өткізу арқылы тарту.
Үштілділікті дамыту
Қаладағы тіл саясаты Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде тілдік ортаны дамытуға, сонымен қатар аумақтың лингвистикалық капиталын дамытуға бағытталған.
Қалада мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Ағартушы» орталығы, мемлекеттік тілдіоқытатын мультимедиялық кабинет қызмет істейді. Еркін және тегін мемлекеттік тілді үйрену үшін жыл сайын тілді оқыту курстары ұйымдастырылады.
Оқыту процесі мемлекеттік стандарттарға, мемлекеттік тұжырымдама мен келісілген оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылды, оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологиялары мен инновациялық әдістері қолданылды.
Сонымен қатар, қалада ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады, ағылшын тілін үйренуге барлық жағдайлар жасалған.
2009 жылдан бастап ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру мақсатында жыл сайын ағылшын тілін оқытудың тегін курстары ұйымдастырылып келеді. 2012-2013 жылдары курсты 1200 адам оқып шықты. Алдағы жылдан бастап оқушылар санын көбейту жоспарлануда.
Қаланың білім беру саласында мемлекеттік тілдің қолданылуында да оң тенденция байқалады. 2014 жылы 49 мектепке дейінгі ұйымдардың 27 (55%) және 22-аралас (45%). 100-ден аса басқа ұлт өкілдерінің балалары қазақ балабақшаларында тәрбиеленуде. 47 мемлекеттік күндізгі мектептердің 20-да оқу қазақ тілінде жүргізіледі,15 мектепте оқыту орыс тілінде және 12 аралас орыс және қазақ тілінде оқыту кластары бар.
БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатын орыс тілінде насихаттау, тіл саясаты жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында жергілікті ТДК-42 телеарнасынан «Язык – зеркало нации» айдарымен 50 орыс тіліндегі, «Ана тілі - бала тілі», «Тіл - парасат көрсеткіші» айдарларымен 24 балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-тағылымдық бағдарламалар жұртшылық назарына ұсынылды.
Облыстық деңгейде мәнерлеп оқу және орыс жастары арасында тіл біліктілігі байқаулары, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында олимпиадалар, мемлекеттік тілді техника тіліне айналдыру мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.
Қалада 2013-2015 жылдары аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді. 2013-2014 жылдары 161 мемлекеттік қызметшілер тестілеуге қатысты. 2015 жылы шілде айында тестілеу сынағына қатысқан 13 мемлекеттік қызметші сертификат алды. Қараша айында 102 мемлекеттік қызметші сертификатқа тест тапсырады. 198 білім саласының қызметкерлері дигностикалық тест тапсырады. Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын таба береді.
Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру және «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдан бері тегін ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді.
Ономастика саласындада бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.Зашаған кенті әкімдігінің шешіміне сәйкес 53 жаңа көшеге, Круглоозерный кентінде 24 көше жаңа атаулары берілді. Бұл көшелерге Қазақстанның белгілі адамдарының аттары берілді.
«Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақстаында жыл сайын тілдер айлығы, мәдени-бұқаралық шаралар өткізіліп келеді.
Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдауы
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымдары: қазақ тілінде білім беретін балабақшалар мен мектептер айтарлықтай кеңейтілген; · іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру үдерісі белсенді жүзеге асырылған; · мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қоры қалыптасуда. |
· қоғамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі біркелкі емес. · мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізілуі жеткіліксіз.
|
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, интернет-порталдарды жасақтау және тұрақты түрде жаңарту; · мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметін нығайту (электронды БАҚ-тағы қазақ тіліндегі көрсетілімін, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі баспа БАҚ-тардың көлемін кеңейту). |
· қазақстандық қоғамдағы тіл мәдениетінің төмендеуі;
|
Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылу төмендігі байқалады. Саланың ағымдағы және перспективадағы мәселелерінің арасында мемлекеттік тілдің қаржы, бизнес, ғылым, қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер ұсыну салаларындағы төмен қолданысы байқалады және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің дамуы тиісті деңгейде емес.
Дене шынықтыру және спорт
Орал қаласында 61 спорт түрі дамытылған, оның ішінде: 28 олимпиадалық, 16 олимпиадалық емес, 6 ұлттық, 5 техникалық, 4 мүгедектер және 2 басқа спорт түрлері.
Қала бойынша спорттық ғимараттардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 25 бірлікке көбейіп, 352 бірлікті құрады.
8 сурет
Қалада 14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, Олимпиада резервтерін даярлау орталығы және 3 кәсіби клуб (волейбол, футбол, спорттық ойындар) жұмыс істейді.
2014 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 77 222 адамды немесе қала халқының 27,3% құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 3% өскен.
9 сурет
2014 жылы балалар спорт ұйымдарында спортпен шұғылданушылардың саны 2012 жылдан бері 252 адамға өсіп, 5241 адамды құрады.
2014 жылы қалалық және қала аралық деңгейдегі 150 жарысқа 30 000 спортшы қатысты.
2015 жылдың 9 ай ішінде қалада теннис орталығы, Деркул шағын ауданында орналасқан «Орал» дене шынықтыру сауықтыру кешені, Зашаған кенттік округінде орналасқан «Арман» дене шынықтыру сауықтыру кешені және Жаңа орда шығын ауданында орналасқан бір көпфункционалды спорт алаңы қолданысқа тапсырылды.
Спортты дамытудағы SWOT-анализі
Күшті жақтары
Қаланың қолайлы географиялық жағдайы;
Спорттың бұқаралық сипат алуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен қамтылуы;
Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралар санының тұрақты өсуі;
Ұлттық спорт түрлерінің серпінді дамуы;
Әлсіз жақтары:
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған арнайы спорт ғимараттарының жоқтығы;
Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері қалыптастырылмаған;
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы;
Нормативтік құжаттық базаның нашар қамтамасыз етілуі.
Мүмкіндіктер:
Дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту;
Материалдық-техникалық базаны нығайту;
Дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданатын адамдардың үлесін арттыру;
Ресей Федерациясының көршілес облыстарының және басқа да шетелдердің спортшыларымен қаларалық турнирлер, біріншіліктер өткізу.
Қауіп-қатерлер:
Компьютерлік ойындар сынды ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;
Спорт кешендерінің жетіспеушілігі және дене шынықтыру мен спорт саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы бұқаралық спортты дамытуда үлкен қиындықтар туғызып отыр.
Бар факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру, оқу орындарындағы оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі, тұрғындар арасындағы дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысы, мүгедектердің дене дайындығы, дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша шаралар алынғанын көрсетіп отыр.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірқатар ішкі факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлар, әсер етеді. Спорттық ғимараттардың тапшылығы мен жеткіліксіз қаржыландыруы спорттың дамуына ықпал ететін ішкі фактор болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп
Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылдап жатқан ішкі істер органдарының шаралары облыстағы криминогендік жағдайды тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, есепке алу-тіркеу тәртібіндегі критерийлердің өзгеруіне байланысты, қылмыстың жалпы санының өсуі жедел ахуалдың күрделенуіне әкелмегенмен, соңғы үш жылда қалада аса ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 127-тен 2014 жылы 50-ге дейін) және ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 732-тен 2014 жылы 599-ға дейін) төмендеді.
19-кесте
Тіркелген қылмыстардың деңгейі
|
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014ж. 2012 ж. % |
|
Тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың барлығы |
6169 |
6985 |
6832 |
110 |
|
олардың |
|
|
|
|
|
аса ауыры |
127 |
67 |
50 |
39 |
|
ауыры |
732 |
658 |
599 |
81,1 |
Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы үш жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың үлес салмағы (2012 ж. 3,0%-дейін төмендеді.
20 кесте
|
Көрсеткіштер |
2012ж. |
2013ж. |
2014ж. |
|
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың саны |
111 |
127 |
90 |
|
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы, % |
6,3 |
6,7 |
3,8 |
Сонымен қатар қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағандардың басым бөлігі оқушылар болып отыр: 2012 жылы – 73,1%, 2013 жылы – 72,3 % және 2014 жылы – 71,6 %.
Қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстың басым бағыттарының бірі есептегі контингентпен, әсіресе бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде бұрын сотталған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2012 жылы 28,9% 2014 жылы 19,7% төмендеді.
21 кесте
|
Көрсеткіштер |
2012ж. |
2013ж. |
2014ж. |
|
бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың саны, бірлік |
512 |
485 |
466 |
|
бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы |
28,9 |
25,7 |
19,7 |
|
көшеде жасалған қылмыстар саны, бірлік |
1818 |
1733 |
1504 |
|
көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы, % |
30,1 |
25,3 |
22,7 |
Бұрын сотталған адамдардың қайталап қылмыс жасауына ықпал ететін басты жағдай – бұл бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалардың әлеуметтік қорғансыз болуы және оларды әлеуметтік бейімдеу механизмінің тиімсіздігі, бұл өз кезегінде бұрын сотталғандар арасында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әкеліп отыр.
Сонымен қатар, криминогендік жағдайдағы оң өзгерістер тұрақты сипатқа ие бола қойған жоқ. 2012-2014 жылдарда көше қылмыстарының саны азайғанымен, олардың үлес салмағы жалпы қылмыс саны бойынша жоғары (2012 жылы – 30,1 %, 2013 жылы – 25,3 % және 2014 жылы – 22,7 %).
Көше және басқа да қоғамдық орындарда криминогендік ахуалдың күрделілігі қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камералары желісін одан әрі дамытуды талап етеді.
2012-2014 жылдар аралығында облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 77 адам қайтыс болып (2012 жылы – 26, 2013 жылы – 34, 2014 жылы –17), 1124 адам әр түрлі дене жарақатын алды (2012 жылы – 363, 2013 жылы –416, 2014 жылы – 345).
22кесте
Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер атауы |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014 ж. 2012 ж. % |
|
Тіркелген ЖКО барлығы |
320 |
369 |
237 |
74 |
|
олардың |
|
|
|
|
|
Қайтыс болған адамдар саны |
26 |
34 |
17 |
65,1 |
|
Жарақат алған адамдар саны |
363 |
416 |
345 |
95,3 |
Аталған теріс көріністердің басты себебі жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайының өте нашарлығы, көшелердің тиісті деңгейде жарықтандырылмауы, жасанды жол бұдыры, жаяу жүргіншілер мен тротуар қоршаулары санының жеткіліксіздігі екендігін атап өту қажет.
Автомобиль парктері санының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынына әсер етуде. Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе көлік құралдарын жүргізушілер тарапынан жол тәртібінің сақталуы төмен болып отыр.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау:
|
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
· азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасалған; · облыстық ішкі істер органдарының техникалық қамтамасыз етілуін жаңарту және күшейту жүргізілді.
|
· «мектеп» полиция инспекторларының штат саны тиісті нормаға сәйкес жасақталмаған; · бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері деңгейінің жеткіліксіздігі; · көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігі; · жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі. |
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
|
· апатты алдын алу субъектілері қызметін үйлестіруді арттыру; · құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын өсуге жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қабылдау; · құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камераларының желісін кеңейту; · жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде жазып алатын техникалық құралдарды қолдана отырып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту. |
· жұмыс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыздықтың артуына орай қылмыстың, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының өсу қаупі; · автомобиль парктерінің күрт өсу қарқынынан жол-көлік оқиғаларының арту қауіпі.
|
Негізгі мәселелер болып табылады:
білім беру ұйымдарына бекітілген ювеналдық полиция қызметкерлері («мектеп» инспекторлары) жетіспейді. Облыс бойынша ювеналдық полиция қызметкерлерінің жалпы саны 17, ал облыс аумағында 58 орта жалпы білім беретін мектеп бар, онда 36,9 мың оқушы, 22 орта-арнаулы оқу орнында 20,9 мыңнан астам оқушы және 3 жоғарғы оқу орнында 28,4 мыңнан астам студент білім алуда;
ІІО-ға есепке қойылғанына қарамастан сотталған тұлғалар тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына жолданады. Олардың ішінде жұмысқа орналастырылғандары санаулы, күн көріс қамы көп жағдайда қайта қылмыс жасауға әкеліп жатады;
көптеген көшелер мен көп қабатты үйлердің аулаларының жарықтандырылмауы ұрлық пен тонау қылмыстарының жасалуына ықпал етеді;
жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.
Аталған мәселенің шешімін табу үшін 2016-2020 жылдар аралығында «мектеп» полиция инспекторлары лауазымдарының штат санын кезең-кезеңмен көбейту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ертерек айналысуға мүмкіндік береді;
балалар мен жасөспірімдердің каникул кезінде бос уақыттарын ұйымдастыру, жаңадан сауықтыру лагерлерін, спорт залдар мен алаңдар құру бойынша белсенді жұмыстану қажет;
бұрын сотталған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум бекіту;
бұрын қылмыс жасаған тұлғаларды бақылауды қатаңдату, түзелу жолына түспегендерге қатысты әкімшілік қадағалау орнату, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарды бас бостандығынан айыру орындарына кері қайтару сияқты заңды түрде ықпал ету шараларын қолдану;
2016-2020 жылдар аралығында облыстағы елді мекендердегі көшелерді кезең-кезеңмен жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
жүргізуші кадрларды даярлау жүйесін жақсарту;
жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жауапкершіліктерді қатаңдату;
техникалық жылдамдық өлшеуіш құралдары және «зияткерлік қиылыстар» желісін ұлғайту.
Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар облыста қылмыстың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етуі тиіс.
2.2.3 Қаланың инфрақұрылым кешенін талдау
Құрылыс
2014 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 32,5 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың деңгейіне 177%.
23- кесте
Құрылыс жұмыстарының көлемі
млн. теңге
|
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
|
Барлық құрылыс жұмыстары, соның ішінде: |
21308,4 |
18307,6 |
28670,7 |
|
құрылыс - монтаждау жұмыстары |
17655,9 |
14595,2 |
25354,1 |
|
ағымдағы жөндеу |
2602,3 |
1458,1 |
2170,8 |
|
күрделі жөндеу |
1050,2 |
2254,3 |
1145,7 |
|
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен |
85 |
86 |
177,5 |
2014 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен келесі негізгі нысандар түрі бойынша қуаттылықтар енгізілді:
65 объект нақты құны 2108,8 млн.теңге,соның ішінде : 5 сауда магазині көлемі 0,291 мың шаршы метр, 8 қойма көлемі 7,0 мың шаршы метр, кондитер цехы көлемі 0,162 шаршы метр, 3 сауда үйі көлемі 4,9 мың шаршы метр, монша 20 орындық, 10 офис көлемі 3,5 мың шаршы метр, 5 автосервис көлемі 0,491 шаршы метр, автокешен жалпы көлемі 450 шаршы метр, спортзал көлемі 0,774 мың шаршы метр, 3 автожуу көлемі 1,698 мың шаршы метр, асхана 200 орындық және кафе, автогараж 2 автокөлікке, ангар көлемі 224 шаршы метр, 2 жабық базар («Трубсервис kz», ЖШС «Таң») 150 сауда орынымен, 18 минимаркет, 2 супермаркет, кукуруз таяқшасын өндіру бойынша цех (14,1 тонна), құрылыс материалдарын өндіру цехы (25 мың куб.м), 2 жолда тамақтандыру кешені, Деркөл кентінде мәдени-сауықтыру кешені, су тасқынына қарсы имарат, автокөлік жолдары (0,31 км.)
Тұрғын үй қоры жыл сайын ұлғаюда. 2012 жылы тұрғын үй қоры 5414,5 мың шаршы м құрады, 2013 жылы –5920,6 мың шаршы м, 2014 жылы – 6097,5 мың шаршы м. Тұрғын үйдің 97,7% жеке болып табылады (2012 ж. – 96,3%).
Тұрғын үй қорын абаттандыру жағдайы жақсаруда. Сумен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы үлес салмағы 2014 жылы 100% құрады. 2012 жылғы 70,3% қарсы, кәрізбен жабдықталғаны – 86,5% (68,8%), орталықтандырылған жылумен 58% (59,1%), газбен жабдықталғаны – 99,5% (99,2%), орталықтандырылған ыстық сумен қамтылғаны – 56,3% (57,8%).
Іске қосылған тұрғын үйлердің басым бөлігі Орал қаласында (жалпы іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы көлемінен 61,9% немесе 159,1 мың шаршы м), Бөрлі (15,7% немесе 40,4 мың шаршы м) және Зеленов аудандарында (7,0% немесе 18,1 мың шаршы м) тұрғызылған.
Тұрғын үйді пайдалануға беру 1000 адам тұрғынға 2012 жылғы 397,1 ш. м-ден 2014 жылы 410,0 ш.м-ге (3,3%) ұлғайды.
24- кесте
Тұрғын үйлерді іске қосу
жалпы ауданының шаршы м
|
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2014 ж. 2013 ж., %-бен |
|
Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы |
169397 |
158005 |
159122 |
100,7 |
|
оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен |
118524 |
89186 |
100,527 |
112,7 |
|
салынған пәтерлер саны |
186259 |
170327 |
179682 |
105,5 |
|
Пәтерлердің орташа мөлшері |
2467 |
2653 |
2429 |