«Орал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ-нің
2020 жылғы қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебіне түсіндірме жазба
Қала әкімдігінің 29.01.2020 жылғы №180 қаулысымен "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ және "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ "Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ болып қайта құрылды. 2020 жылы "Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-де 3 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды:
001 "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"»,
006 " кәсіпкерлік қызметті қолдау»,
007 " Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» .
Жоспарланған 32066,0 мың теңге соманың нақты шығыстары 32040,9 мың теңгені немесе жоспардың 99,9% - ын құрады.
мың.тенге
|
Бюджет түрі |
Бекітілген жоспар |
Нақтыланған жоспар |
Түзетілген жоспар |
|
Қалалық бюджет |
32066 |
32066 |
32066 |
2020 жылы 001 "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"бағдарламасы бойынша жоспарланған 31501,0 мың теңге соманың кассалық шығыстары 31475,9 мың теңгені немесе жоспардың 99,99% - ын құрады. Орындалмаған сома 25,1 мың теңге болып табылады:1,1 мың теңге орындау бойынша нақты қалдық, сондай-ақ 149 "Өзге қорларды сатып алу" ерекшелігі бойынша 24,0 мың теңге жеткізуші тауарды жеткізбеген. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі бәсекелестікті арттыру, қолайлы жағдайлар жасау, шағын және орта кәсіпкерліктің ұстанымдарын нығайту, кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру, сауданы дамыту болып табылады.
Жоспарланған соманың 31501,0 мың теңгесі 8 мемлекеттік қызметшілерге 11 923,01 мың теңге көлемінде жалақы төленді, сауықтыруға арналған өтемақы төлемдері 2,773,4 мың теңгені құрады, штаттан тыс қызметкерлерге 5 бірлік көлемінде 5 325,0 мың теңге сомасында жалақы төленді. Сондай-ақ 925,6 мың теңге сомасында әлеуметтік салық, 526,1 мың теңге әлеуметтік аударымдар, 341,6 мың теңге сомасында міндетті әлеуметтік медициналық аударымдар аударылды, байланыс қызметтеріне шығыстар 666,7 мың теңгені, ел шегіндегі іссапар шығыстары 384,5 мың теңгені құрады.
Есепті кезеңде 360,0 мың теңге сомасына 2 дана процессор мен монитор сатып алынды, сондай-ақ аппаратты ұстау бойынша ағымдағы шығыстарға қаржыландыру жүргізілді, оның ішінде кеңсе тауарларын, қызметтік автомобильді ұстау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, компьютерлік техникаға және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтер, 1С бухгалтерия бағдарламалық өнімін жаңарту және сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер жүзеге асырылды.
2018 жылы 001 "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бағдарламасына 16 322,0 мың теңге бөлінді, 16 321,3 мың теңге игерілді немесе 99,99%. 2019 жылы қаржыландыру жоспары 17 202,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 17 151,03 мың теңге игерілді, бұл 99,7% - ды құрайды. 2020 жылы 31501,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, 31475,9 мың теңгесі немесе жоспардың 99,99% - игерілуге қалдырылды.
Бағдарлама бойынша жыл басында дебиторлық және кредиторлық берешек анықталған жоқ.
2020 жылдың соңында бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек анықталды. 01.01.2021 жылға кредиторлық берешек 28,1 мың теңгені (152 ерекшелік – 28,1 мың теңге), сондай – ақ 9,9 мың теңге сомасындағы дебиторлық берешек (159 ерекшелік-9,9 мың теңге) құрайды.
2020 жылы 006 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау" бағдарламасы бойынша жоспарланған 115,0 мың теңге соманың кассалық шығыстары 115,0 мың теңгені немесе жоспардың 100% - ын құрады. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі болып:
- бөлімнің веб-сайтына техникалық қызмет көрсету.
2018 жылы 4 352,0 мың теңге бөлінді, нақты шығындар 4 352,0 мың теңгені немесе жоспардың 100% құрады. 2019 жылы игеру 4 775,0 мың теңге сомасында 100% құрады. 2020 жылы бөлінген сома және игеру сомасы 115,0 мың теңгені немесе игерудің 100% - ын құрайды.
007 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша 2020 жылы жоспарланған сомадан 450,0 мың теңге кассалық шығыстар 450,0 мың теңгені немесе жоспардың 100% - ын құрады. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі болып:
- Материалдық емес активтерді сатып алу, Парус Каз Бюджет бағдарламасы.
2018, 2019 жылдары материалдық емес активтерді сатып алуға сомалар бөлінген жоқ.
2020 жылға жоспарланған іс-шаралар толық орындалды, барлық бағдарламалар бойынша нәтижеге қол жеткізілді