«Орал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есебіне түсіндірме жазба

Қала әкімдігінің 29.01.2020 жылғы №180 қаулысымен "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ және "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ "Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ болып қайта құрылды.         2021 жылға "Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ                 2 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланған:

001 "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер"»,

006 " кәсіпкерлік қызметті қолдау».

мың.тенге

Бюджет түрі

Бекітілген  жоспар

Нақтыланған жоспар

Түзетілген жоспар

Қалалық бюджет

27 475

27 475

27 475

 

001 "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша          23 835,0 мың теңге сомасында лимиттер көзделген.

Осы бағдарлама бойынша шығыстар жұмыс өтілін ескере отырып, 8 мемлекеттік қызметші мен 5 штаттан тыс қызметкердің еңбекақысына, сондай-ақ 6% әлеуметтік салықты, 3,5% әлеуметтік аударымдарды аудару үшін, кеңсе тауарларын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға, ұйымдастыру техникасын, ұйымдастыру техникасына жинақтаушы қосалқы бөлшектерді жөндеу мен қызмет көрсетуге, байланыс қызметтеріне, құқықтық деректер базасын жаңартуға және т.б. инфляция коэффициентін 5% - ға ескере отырып бағытталған.

        006 "кәсіпкерлік қызметті қолдау" бағдарламасы бойынша 3 640,0 мың теңге сомасында қаражат көзделген.

       015 кіші бағдарламасы "бағдарламаны жергілікті бюджет есебінен іске асыру"

      159 ерекшелігі бойынша "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" оның ішінде

       "Сапалы Өнім-2021" көрмесін өткізуге 3 290,0 мың теңге (шығыстар оның ішінде: өткізу, үй-жайларды жалға алу, жүлделер, буклеттер, бейне түсіру, фотосуреттер, алғыс хаттар және т.б.).

       Веб-сайтты сүйемелдеуге 350,0 мың теңге (айына 29,2 мың теңге сайтты жаңарту * 12 ай).

Дата публикации
10 февраля 2021