Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
Қоса беріліп отырған материалдардың тізбесі:
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «ГРАДО» жобалау фирмасы» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты орган: «Орал қаласы әкімінің аппараты» ММ.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: есептік кезең – 2040 жылға дейін.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 02 маусымнан 2026 жылғы 02 шілдеге дейін.
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 74-08-90
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрліктің Кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Құжаттарыңыздың Министрліктің Кеңсесінде қабылданғанын міндетті түрде келесі телефон арқылы нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44.
Бас жоспар және СЭБ материалдары келесі ресурстарда орналастырылған:
Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);