2026 жылдың I тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық аңықтама


Орал қаласы әкімдігінің 6 құрылымдық бөлімдерімен 2026 жылдың             1 тоқсанда 16 676 мемлекеттік қызметтер көрсетілген болатын. Оның ішінде:

 «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы – 238;

           Қағаз нысанда - 90

 Қызмет түрі баламалы жолмен көрсетуге мүмкіндігі болса да қағаз нысанда көрсетілген - 174,

 Электронды түрде «E-gov»– 9 553,

          Электронды түрде АЖ «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ- 774

 Электронды түрде «Е-Qazyna» порталы арқылы – 43,

 Электронды түрде «ЖилПом» порталы арқылы – 267

 

           Қағазбен түскен қызметтерді ақпараттық жүйеге тіркеу- 5 537:

                  АЖ «Е-собес» - 5 260

                  АЖ «Е-лицезиялау» - 277

 

2026 жылдың есептік кезеңінде Орал қаласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылаудың 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2026 жылғы 8 желтоқсандағы №138 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 3–16 наурыз аралығында Орал қаласы жұмыспен қамту және әулеметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді.

2026 жылғы 18 наурыздағы актісіне сәйкес, бөлімде жалпы 155 бұзушылық анықталды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу – 4;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзу-5;
  3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап ету – 21;
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу – 125.

Мемлекеттік қызметті онтайландыру мақсатында:

2026 жылдың 1 тоқсанына мекеменің мемлекеттік қызметтер туралы өткізілген іс шаралар бойынша келесіні хабарлайды:

  1. 2026 жылдың 20 қаңтарында Орал қаласы жұмыспен қамту және әулеметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі А.Сисенова «AQJAIYQ» телеарнасының тікелей эфирінде «Ел алдында» бағдарламасында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу жолдары және еңгізілген өзгерістер туралы баяндады.
  2. 2026 жылдың 17 наурызда Орал қаласы жер қатынастар бөлімінін басшысы М. Мухитов «AQJAIYQ» телеарнасының тікелей эфирінде «Ел алдында» бағдарламасында жер мәселесі бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілу жолдары, еңгізілген өзгерістер туралы баяндады. https://www.youtube.com/watch?v=48PbGme3_gk

 

3. Ағымдағы жылғы 10 ақпанда аппарат басшысы Е.Тұрмағамбетовтің төралығымен «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету барысында «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесінде (АРМ ЕКГН) туындалған техникалық проблемалар бойынша отырыс өткізілді.

Дата публикации
09 апреля 2026