Орал қаласы аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 11 тамыздағы
№8 қаулысымен бекітілген
Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы «Жас сайлаушылар клубының»
ЕРЕЖЕCІ
1.1. Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» (бұдан әрі – Клуб) Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы диалог алаңы болып табылады.
Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1.2. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы, округтік және учаскелік сайлау мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
1.3. Клуб ерікті түрде жұмыс істейді және өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын және осы Ережені басшылыққа алады.
1.4. Клубтың Ережесі Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі.
2.1. Клубтың мақсаты:
- жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын ояту;
- жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, саяси-құқықтық сауаттылықты арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту;
- азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы дамыту;
- болашақ сайлаушылар ретінде жастарды демократиялық құндылықтарға тәрбиелеу.
2.2. Клубтың міндеттері:
- жастарға сайлау жүйесі, олардың сайлау құқығы туралы ақпарат беру;
- сайлауға қатысудың маңыздылығын насихаттау;
- практикалық тренингтер мен кездесулер өткізу;
- әлеуметтік желілерде жастарға арналған ақпараттық контент дайындау;
- ерікті, байқаушы немесе көмекші ретінде жастардың сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ету.
3.1. 18 пен 35 жас аралығындағы облыс аумағында тұратын, осы Ережені басшылыққа алып, клуб жұмысына қатысуға ынталы жастар клубтың мүшелері бола алады.
3.2. Клуб мүшесі:
- клубтың белгіленген қызметін, жоспарлары мен іс-шараларын әзірлеуге, шешімдер қабылдауға және іске асыруға қатысуға;
- клуб қызметін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізуге;
- клуб отырысының күн тәртібіне ұсыныстар, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және талқылауға;
- клубтың басқарушы органдарына сайлауға және сайлануға;
- клуб отырыстарында өз пікірін ашық айтуға құқылы.
3.3. Клуб мүшесінің міндеттері:
- осы Ереженің талаптарын сақтау;
- клубтың тапсырмалары мен шешімдерін орындау;
- клуб қызметіне белсенді қатысу.
4.1. Сайлау жүйесі бойынша ағартушылық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
4.2. Жастарға арналған семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу.
4.3. Сайлаушылардың саяси және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған медиаконтент әзірлеу.
4.4. Сайлау процесіне қатысудың маңыздылығы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру.
4.5. Байқаушы болуға дайындық шараларын өткізу.
5.1. Клубтың қызметі төмендегідей әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады:
- ағартушылық іс-шаралар: тренингтер, құқықтық сауаттылық сабақтары, викториналар;
- «Сайлау мен демократия», «Сайлау және жастар» сияқты тақырыптарда дебат турнирлері;
- пікірталас алаңдары: кандидаттармен, депутаттармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер;
- сайлау ойындары (модельдеу): «Сайлау күні» форматында тренингтер өткізу;
- медиа-жобалар: әлеуметтік желілер арқылы сайлау мәдениетін насихаттау;
- бақылау симуляциясы: байқаушылардың рөліне дайындау.
5.2. Клуб жоғары және орта арнаулы оқу орындары, мектептердің өзін-өзі басқару құрылымдарымен бірге жұмыс істеп, олардың қызметін үйлестіруге атсалысады.
6.1. Клуб кеңесі – Клубтың жоғарғы басқару органы болып табылады.
6.2. «Жас сайлаушылар клубтарының» мүшелері, жоғарғы оқу орындары мен колледждер студенттері, жас сарапшылар мен ғалымдар, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылатын Клуб кеңесінің құрамына мүше бола алады.
Сонымен бірге, қалалық БАҚ өкілдері (жастар редакторлары), сайлау комиссиясының жас мүшелері немесе сайлау процесіне қатысқан тәжірибелі жастар, жас кәсіпкерлер, белсенді блогерлер Клуб ұйымдастыратын диалог алаңына шақырту бойынша қатыса алады.
6.3. Клуб отырыстары тоқсан сайын бір рет, қажет болған жағдайда Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен қосымша өткізіледі. Кеңестің шешімдері кеңес мүшелерінің басым дауысымен қабылданады.
6.4. Клубтың төрағасы Клуб кеңесіне жетекшілік етеді. Клуб кеңесінің кез-келген мүшесі Клуб төрағасы болып 2 жылға сайлануға құқылы.
6.5. Клуб кеңесі Клуб жұмысын үйлестіру барысында тақырыптық секциялар құруы мүмкін.
6.6. Клуб мүшелері Клуб отырысын шақыруға құқылы.
7.1. Осы Ереже Клубтың қызметін реттейтін негізгі құжат болып табылады.
7.2. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Клуб жиналысында қабылданады және облыстың аумақтық сайлау комиссиясы бекітеді.