
АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Аулалар бойынша:
Орал қаласында 2023-2025 жылдарға арналған "аулаларды кешенді абаттандыру" бағдарламасы бойынша анықталған 24 аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 19 ауланың кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды, Шағын архитектуралық пішімдерді 19 аулада және жарықтандыру 24 аулада орнатылды. Аулаларға балалар ойын және стрит воркаут алаңдары орнатылды. Аталмыш аулаларды толықтай абаттандыру бойынша жұмыстар 2025 жылы аяқталатын болады.
2026-2027 жылдарға 30 аулалардың аумағын абаттандыру бойынша СҚ жасақталды. Жобаның жалпы сметалық құны-2 млрд.теңге.
Негізінен жобада кіреберіс жолдарға асфальтбетонды жабынды төсеу, жол жиек тастарды орнату, балалардың ойын алаңдарын орнату, стрит воркаут алаңдарын орнату, сондай-ақ шағын архитектуралық пішімдемелерді (орындықтар және қоқыс жәшіктері түрінде) орнату сияқты жұмыстар қарастырылған.
Қалпына келтіру жұмыстары бойынша:
Аталған жоба бойынша Жеңіс алаңын, Т.Масина тынымбағын, Батыр Қыздар алаңын, Тәжік-Ауған тынымбағын,«Этих дней не смолкнет слава» алаңы, қалпына келтіру, Правдухина көшесіндегі жаяу жүргінші жолға брусчаткаларды төсеу, жол жиек тастарды орнату, архитектуралық мүсіндерді сондай-ақ кіші сәулеттік үлгілер (орындықтар және қоқыс жәшіктері түрінде) орнату сияқты жұмыстар жүргізілді, Д.Нүрпеисова көшесі бойындағы Арбатта, С.Датов алаңында, Амфитеатр отырғыштар сырлау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аманжолоа көшесі 49/1 үй, Т.Масина тыныбағын, Матросова көшесі 56 үй аула аумағындағы балалар ойын алаңын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2 база жол өтпесінің маңындағы билбордты сырлау жұмыстары жүргізілді.
ЖАСЫЛ ҚАЛА
Орал қаласы бойынша барлығы 18825 ағаш отырғызылды. (Оның ішінде: 1585-автомобиль жолдарының бойына ағаштар отырғызылды, 168-і жасыл аймақта, 72-сі мекемелер аумағында. Зачаганск кентінде 500 пирамидалық терек , Круглозерное кентінде 50 пирамидалық терек, 20 татар үйеңкісі, Желаев ауылдық округінде 149 пирамидалық терек, Деркөл кентінде 800 пирамидалық терек ).
Қала аумағына 5000 түп ағаш көшеттері жеке тұрғын үйлері қасына отырғызылды. Қала аумағындағы 4 көшеге (С.Датов көшесі, Гагарин көшесі, Н.Назарбаев даңғылы, Абай көшесіне) 12000 түп жасыл желектер (бұталы қоршау қсақ жапырақты қарағаш), жол бойына және қала көшелеріне 297 түп ағаш (шырша, пирамидиальды терек, қарағаш, шетен, тау қарағайы, талшын, жөке, шетен, ақ қайың) егілді.
«2025-2026 жылдарға Орал қаласы бойынша ағаштарды күту және отырғызу»жұмыстарына конкурс жарияланып, жеңімпаз болып мердігер мекеме «Нұртем»ЖШС анықталып, жұмыстар жүргізілуде.
«2025-2026 жылдарға Орал қаласының көпжылдық және біржылдық жасыл көшеттерін ағымдағы күтіп ұстау» жұмыстарына конкурс жарияланды. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, жеңімпаз болып мердігер мекеме «ДокаСтрой Ком» ЖШС анықталып, жұмыстар жүргізілуде.
Қала аумағында жалпы 44 гүлзар бар. Жалпы аумағы – 28 000 шаршы метрді құрайды.Бір жылдық гүлдерге арналған аумақ - 4 869 шаршы метр болса, көпжылдық гүлдерге арналған аумақ - 23 131 шаршы метр.
Сондай-ақ, 50 000 шаршы метр аумаққа газон төсеу жоспарлануда, соған байланысты автоматты суару жүйесі орнатылатын болады.
1.Гагарин көшесінен С.Датова көшесінің оң бұрылысы;
2.Әбілқайыр көшесімен С.Датова көшесінің оң бұрылысы;
ЖАРЫҚТАНДЫРУ
ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Қала аумағы - 341 км, көше 374, соның ішінде жарықтандырылған 262,2 км., көше саны 262.
2023 жылы 10 көше және 3 аула аумағы жарықтандырылып 236 бірлік жарық шамдары орнатылды.
2024 жылы 4 көше және 2 аула аумағы жарықтандырылып 138 бірлік жарық шамдары орнатылды.
2025 жылы 6 көшені жарықтандыру жоспарда бар.
1.«БҚО, Орал қаласы,С.Датов көшесі Жайық өтпесінен Солнечная көшесіне дейін және ТЭЦ ауданы Жайық өтпесінен Гагарин көшесіне дейін аралықта сыртқы жарық шамдарын орнату».
2.«БҚО, Орал қаласы, Гагарин көшесі 2 база көпірінен Урдинская көшесіне дейін аралықта сыртқы жарық шамдарын орнату».
3.«БҚО, Орал қаласы Исатай Махамбет көшесі Пугачев көшесінен А.Молдагуловаға көшесіне дейін аралықта сыртқы жарық шамдарын орнату».
4.«БҚО, Орал қаласы Жәңгір хан көшесі Азербайжанский көшесінен Пугачев көшесіне дейін, Пугачев көшесі Жәңгір хан көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін және Құрманғазы көшесі Пугачев көшесінен М.Маметова көшесіне дейін аралықта сыртқы жарық шамдарын орнату».
5.«БҚО, Орал қаласы, М.Мәметова көшесі Черекаев көшесінен М.Мәметова көшесі №2/3 үйіне дейін, Айтиев көшесі Д.Нүрпеисова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейін аралықта сыртқы жарық шамдарын орнату».