АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 30 наурызға белгіленген шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауға қатысатын кандидаттар үшін «Мой город» газетінде, сайтында және әлеуметтік желілерінде ақпарат жариялау үшін «Медиастарт 2012» ЖШС ұсынатын жалпы шарттар.
Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру осы Ақпараттық хабарламада және Шарт талаптарында айқындалған құнға сәйкес жүзеге асырылады.
«Медиастарт 2012» ЖШС өзінің интернет-алаңын жазбаша өтінішке және желілік басылымның меншік иесі мен Кандидат арасында немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын шартқа сәйкес ұсынады.
Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, соңынан шартта тіркеледі.
Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру осы Ақпараттық хабарламада және Шарт талаптарында айқындалған құнға сәйкес жүзеге асырылады. «Медиастарт 2012» ЖШС Кандидаттың немесе сенім білдірілген/уәкілетті тұлғаның қолы қойылған жазбаша өтінішіне (түпнұсқа) сәйкес Кандидаттарға сайттан, әлеуметтік желілердегі редакциялық пабликтерден интернет алаңды шарттық негізде ұсынады.
Өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:
1. кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі
2. сенім білдірілген /уәкілетті тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі
Қажет болған жағдайда, «Медиастарт 2012» ЖШС салыстыру үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын сұрата алады.
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кезегі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай, ал өтініштер бір мезгілде келіп түскен болса, жеребе бойынша белгіленеді. Кандидаттардың жазбаша өтініштеріндегі деректерге (күні, уақыты және т.б.) сүйеніп, редакция сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру кестесін белгілейді.
Орналастырылатын сайлау алдындағы үгіт материалдарына «Сайлау-2025» белгісі басылады (бұл белгі жарияланатын материалдың кеңістігінде болуы тиіс). Сайлау алдындағы үгітке қатысты барлық жарияланымдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетіледі.
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру 2025 жылғы 5 наурызда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де басталады және 2025 жылғы 29 наурызда жергілікті уақытпен нөл сағатта аяқталады.
Дайын материалдарды кандидаттардың өкілдері тараптардың қолдары қойылған «Медиа-жоспар» кестесіне сәйкес Сайт пен Газеттің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сүйене отырып Редакцияға ұсынады.
Үгіт материалдары қолданыстағы жарнама алаңдардың аясында орналастырылуы мүмкін.
Төлем жасаудың 2 нұсқасы белгіленеді:
Үгіт материалдарының мазмұны үшін оларды ұсынған кандидаттар ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда Редакция бұзушылықтар жойылғанға дейін материалдарды жариялауды тоқтата тұруға құқылы.
Егер мазмұнында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құру идеялары, басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Редакция үгіт материалдарын шығарудан бас тартуға құқылы.
Кандидаттардан немесе олардың уәкілетті өкілдерінен үгіт материалдары жазбаша түрде 2025 жылғы 5 наурыздан бастап жұмыс күндері (дс-жм) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен) Орал қ., Д.Нұрпейісова көшесі, 12/1, 102-кеңсе мекенжайында, сондай-ақ mg_500678@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
Материалдарды Редакцияға кандидаттардың өкілдері Редакцияның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жариялардан 3 (үш) сағат бұрын дайын күйінде ұсынады.
Сайттағы үгіт материалының көлемі 2500 таңбадан (бос орындарды қосқанда), 5 (бес) суреттен, 1 (бір) бейнежазбадан аспауы тиіс. Материалдар қайта шықпайды, яғни сайтта жария етілген материал газетте немесе редакцияның әлеуметтік желідегі пабликтерінде басылмайды.
Кандидаттар өздерінің сұрақтарымен сату бөлімінің басшысы Рукавишникова Еленаға жүгіне алады (+7 777 478 000 4)
«Мой Город» ақпараттық-саяси газетінің (бұдан әрі – «Газет»), ақпараттық агенттік ретінде есепке қойылған mgorod.kz мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының (бұдан әрі – «Сайт»), сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аккаунттар тобының меншік иесі «Медиастарт 2012» ЖШС (бұдан әрі – «редакция») «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға белгіленген шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауға қатысу үшін тіркелген кандидаттарға (бұдан әрі – «кандидаттар) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – «Үгіт материалдары») орналастыратын баспасөз және интернет-алаңдарын ұсыну ақысының мөлшері, шарттары және тәртібі туралы ақпарат жолдайды.
Материалдарды «Мой город» газетінде, сайтта және әлеуметтік желілерде жариялау қызметтерінің ақысы мен шарттары біздің сайтымызда, газетте және инстаграмм-аккаунтымызда жарияланды.
1. Кандидаттардың үгіт материалдарын «Мой город» газетінде жариялау құны:
1. түрлі-түсті – 1 модуль үшін 600 тг
2. қара-ақ түсті – 1 модуль үшін 500 тг
3. PR-мақала орналастыруға үстеме ақы – 50%
- бейнежазба дайындау – 50 000 тг