2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған сайлау бойынша №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округібойынша Орал қаласының шығып қалған мәслихат депутатының орнына кандидаттарға үгіт материалдары мен сайлау алдындағы ақпаратты орналастыру және өндіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалары туралы
ХАБАРЛАМА
- үміткердің жеке басын куәландыратын құжат,
- кандидат ретінде тіркелгенін растайтын құжат,
- сенім білдірілген адамдар үшін - кандидаттан адамның өкілеттіктерін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат.
Төлем келісімшартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шот-фактура бойынша 100% аванстық төлем түрінде жүзеге асырылады.
«Жайық үні» газетінің редакциясы конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және кландық араздықты қоздыру, қатыгездік культі мен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңда көзделмеген әскерилер құру жәйлі баспа кеңістігін ұсынудан және үгіт материалдарын шығарудан бас тартады. «Жайық үні» газетінің редакциясы, егер материалда басқа Үміткерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, үгіт материалдарын жариялаудан және дайындаудан бас тартуға құқылы. Осы материал ұсынылған кандидат редакциялық комиссияның талабы бойынша үгіт материалдарында көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін жеке жауапкершілікте болады. Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдарын жариялау және дайындау жүзеге асырылмайды немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады. Осы хабарламада көрсетілген қызметтерді көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.