Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Орал қаласының АСК

2025жылғы 29 қаңтардағы

№ 4 қаулысына қосымша

 

2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған

Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округі туралы, оның шекарасы мен аумақтық және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жері көрсетілген ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

(22-б. 2-т. 2-1т.)

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

 2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

 

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Орал қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                   (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына (қалалық мәслихат-әрі қарай) кандидаттарды ұсыну және №17 округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

2025 жылғы 29 қаңтарда басталады және 2025  жылғы 28 ақпанда  сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

 

6. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталатын 2025 жылғы 1 қаңтарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

2025 жылғы 29 қаңтарда басталады және 2025  жылғы 5 наурызда  сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                              (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

т

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Орал қаласының әкімдігі және Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 5 наурызға дейін

(28-б. 6-т.)

 

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 5 наурызда  сағат 18.00 -ден кейін басталады және 2025  жылғы 29 наурызда  сағат 00.00-де аяқталады

 

 (27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Орал қаласының әкімдігі және Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Орал қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 9 наурыз

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 14 наурыздан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 наурызға дейін

   (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 наурызға дейін

 (38-б. 3-т.)

 

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

 2025 жылғы 27 наурыздан ерте емес және                                         29 наурыздан кешіктірмей                                   (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 30 наурызда сағат 06:00-де

( 40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  2025 жылғы 30 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде қалалық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, 2025 жылғы 30 наурызда сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды №17 округтік сайлау комиссиясына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 

(108-б. 1-т.)

 

28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№17 округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

 

29. Қалалық мәслихат депутатынының сайлау қорытындыларын анықтау

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей

2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей                                                           

                                                                 

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

 

30. Қалалық мәслихат депутатынының сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

31. Қалалық мәслихатына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

 

32. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы