Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Круглоозерный кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

              Орал каласы аумақтық

              сайлау  комиссиясының

   2025 жылғы  22 қаңтардағы

  № 2 қаулысымен бекітілді

 

 

2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Круглоозерный кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1.     Круглоозерный кенті әкімінің сайлауын тағайындау.

                                Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

                                2025 жылғы 22 қаңтар  

(14-б. 8-1)-тт, 113-1-б. 1, 2-т.)

2.     Сайлау округінің тізімі  мен шекарасын  және қалалық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей

(22-б.)

3.     Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.                                        

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)                  

4.      Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.                                            

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 6 ақпаннан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)  

5.     Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Қала әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 6 ақпаннан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6.     Әкімдікке кандидаттарды ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

2025 жылғы 23 қаңтардан  басталады жиырма бес күн қалғанда сайлау өткізілетін күнге  2025 жылғы 4 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

                                                                            (113-3-б. 5-т.)

 

7.     Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

                   Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

 ( 113-2-б.)

 

8.     Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктерді беру.

 

 

 

 

 

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14б. 8-1т.т, 31-б.)

 

9.     Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын    беру.

 

 Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген

                                                                               (113-4-б.3.т.)

 

10.  Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Орал  қаласының  аумақтық сайлау комиссиясы паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

                                                                            (113-4-б. 8-т.)

 

11.  Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2025 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

Кандидатты ұсынған саяси партиялар өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және әрбір ұсынылған кандидат үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әр ұсынылған кандидатқа)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                            (113-5б. 2-т.)

12.  Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезеңі басталғаннан айдың бірінші күніне ұсынылады (2025 жылғы 1 қантарға)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                           (113-5-б. 3-т.)

13. Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

                                                                           (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады  және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда 2025 жылғы 9 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.14-т.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Жергiлiктi атқарушы орган және  Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

       17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылғы 9 ақпанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 1 наурызда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады.

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулер кестесін жасау және  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергiлiктi атқарушы орган және Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну.                                                   

 

Қала әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы  10 ақпанда 

(24 б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2025 жылғы 15 ақпаннан  бастап

                                                                                     (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.  

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 20 ақпаннан  кешіктірмей                                                            

  (18-б. 5)-т.т,  38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы.

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы  27 ақпаннан ерте емес және 2025 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Жергілікті уақыт бойынша 2025 жылғы

2 наурызда сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

Басқа уақыт белгіленбесе.

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.                          

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

 

(18-б. 8)-т.т, 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                                   

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Орал қаласы аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну.        

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау.

 

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін үш  күннен кешіктірмей                                                                                        

2025 жылғы 5 наурыздан кешіктірмей

(113-10-б. 1-т)

29.  Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

 Орал қаласының  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 8 наурыздан кешіктірмей

 (44-б.3-тт,4т)

30.  Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру.

 

Орал  қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және әкім мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылғы 8 наурыздан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11б. 1-т.)

     

          

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы