2024 жылдың 1 желтоқсан күні Орал қаласы Зачаган кентінің әкімі сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармағы, 44 бабының 4 тармағы және 113-10 бабына сәйкес, Орал қаласы Зачаган кенті әкімінің сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын анықтады:
Зачаган сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 44289 сайлаушы енгізілгді, олардың 5118 дауыс беруге қатысты. Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны – 3, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылар жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 200.
«Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны - 248.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердың саны – 263.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Аубекеров Аккали Умбеткалиевичқа – 3190, Сарсенов Алибек Уреновичқа – 1068, Сумкина Татьяна Анатольевнаға – 349.
Аубекеров Аккали Умбеткалиевич, 1963 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Зачаган кенті әкімі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады Зачаган кентінің әкімі болып сайланды. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы