БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫ ЗАЧАГАН КЕНТІ ӘКІМІ БОЛУҒА КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ ОРАЛ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫ
ЗАЧАГАН КЕНТІ ӘКІМІ БОЛУҒА КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ
ОРАЛ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5 - бабына сәйкес Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 8 қараша күні Орал қаласының Зачаган кенті әкімі болуға келесі кандидаттарды тіркеді:
- Сарсенов Алибек Уренович, 1964 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынды;
- Аубекеров Аккали Умбеткалиевич , 1963 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Зачаган кенті әкімі, Орал қаласында тұрады, өзін- өзі ұсынды;
- Сумкина Татьяна Анатольевна, 1967 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Круглоозерный кенті әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Серебряково ауылында тұрады, өзін- өзі ұсынды.
Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы