Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 23 қарашадағы № 27 қаулысы
Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Зачаган кентінің әкімі сайлауын
2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1)- тармақшасына, 113-1-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 2 тармағына сәйкес, Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Зачаган кентінің әкімі сайлауы 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Орал қаласы Зачаган кентінің әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Орал қаласының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлауды тағайындау туралы хабарлама қалалық «Жайық үні», «Пульс» газеттерінде жариялансын.
Төраға М.Давлетжанов
Хатшы Ә. Жумина