№11, №16, №23 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы
№11, №16, №23 бірмандаттық аумақтық сайлау
округтері бойынша Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №11,№16,№23 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Орал қаласының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Орал қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «Жайық үні», «Пульс» қалалық газеттерінде және Орал қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға М. Давлетжанов
Хатшы А. Жумина