GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
09 октября 2026
2026 жылғы күзгі шақыру

2026 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылушыларды жіберу бойынша салтанатты іс-шара өтті (Астана қ.1112 ә/б). Қоштасу сөздерін Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының бірінші орынбасары айтты. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің атынан әскерге шақырылушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

24 сентября 2026
Есіл ауданындағы тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыра отырып, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 2026 жылғы 14-23 қыркүйек аралығында оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Шақырылған әскери міндеттілер теориялық және практикалық дайындықтан өтті, қажетті дағдыларды пысықтады, бөлімшелердің үйлесімділігін, олардың өзара іс-қимыл деңгейін тексерді, жауынгерлік әзірлікті арттырды. Ең үздік әскери міндеттілер Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Есіл ауданы әкімінің және аумақтық қорғаныс бригадасы командирінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

 

22 сентября 2026
«World Cleanup Day» Дүниежүзілік экологиялық акциясы

2026 жылғы 19 қыркүйек басқарма қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясына жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша қатысты.

Акция аясында қызметкерлер тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосып, саябақ аумағын тазалауға және абаттандыруға қатысты.

Аумақтық қорғаныс, шақыру
17 сентября 2026
Тактикалық-арнайы жаттығулар

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыра отырып, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу туралы» қаулысына сәйкес Есіл ауданында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.

Жиындар барысында жиындарға шақырылғандардың практикалық дағдылары жетілдіріледі, олардың қойылған міндеттерді орындауға дайындық деңгейі артады, әр түрлі жағдайларда жеке құрамның іс-қимылдарының үйлесімділігі пысықталады.  

24 июня 2026
Мемлекеттік қызметшілер күні

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Басқарма басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, адал еңбегі, кәсібилігінің жоғары деңгейі, құзыреттілігі және қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді.

Басқарманың бас маманы Ауғанбаев Нұрлан Өмірзақұлы қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

15 июня 2026
23 маусым - Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметші күні

      Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметші күні жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Бұл дата мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ел дамуына қосқан үлесін тану мақсатында белгіленген.

      Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ-де басқарма қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары болып табылатын кәсібилікке, жауапкершілікке, әдепке және қоғамға қызмет етуге ерекше назар аударылады.

      Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу кезеңінде салтанатты жиын өткізу және ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау жоспарланған.

      Мемлекеттік қызметші күні — бұл қоғам мен мемлекет игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген жандарға алғыс білдіру мүмкіндігі.

01 июня 2026
РКШОЖ "Өрт-2026"

        Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға дайындығын арттыру, сондай-ақ өрт қаупі бар кезеңге дайындық мақсатында 2026 жылғы 28–29 мамырда М. Жұмабаев ауданының Чистовское ауылына жақын маңда «2026 жылғы өрт қаупі бар кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға МАҚЖ басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуға жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері, ҚР Қорғаныс министрлігі 99275 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де қатысты. 

         Оқу-жаттығу барысында өрт қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері пысықталып, азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимыл алгоритмі нақтыланды, құлақтандыру, байланыс жүйелерінің, халықты эвакуациялаудың және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің дайындығы, аудандар мен ТЖ туындаған жерлерде коменданттық қызметті ұйымдастыру, эвакуацияланған халық пен материалдық құндылықтар орналасқан жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері тексерілді. Табиғи және дала өрттерінің алдын алу, елді мекендерді қорғау, өрт қаупі бар жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ күштер мен құралдардың авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша хлоры бар цистернаның шартты түрде аударылу салдарларын жою шаралары жүргізілді. Шараға Ресей Федерациясының Омбы, Қорған және Түмен облыстары өңірлерінің өкілдері қатысты.

         Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің өрт қаупі бар кезең жағдайында ықтимал төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға дайындығы оң бағаланды.

12 мая 2026
Басқарма қызметкерлері Отан қорғаушылардың рухына тағзым етті

2026 жылғы 7 мамырда әскери-патриоттық іс-шаралар аясында Басқарма қызметкерлері облыстық Ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп, Отан қорғаушылар күніне орай Ағынтай және Қарасай батырлар ескерткішіне, сондай-ақ ағымдағы жылдың 9 мамырына орай «Мәңгілік алау» мемориалы мен Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Аумақтық қорғаныс, шақыру
06 мая 2026
СҚО әскерге шақырылушыларды ҚР Қарулы Күштері қатарына аттандыру салтанаты өтті

       2026 жылғы 6 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында біздің Басқарманың, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 97638 ә/б (Серебрянск қ.) команданы аттандыру бойынша салтанатты іс-шара өтті. Басқарма басшысы құттықтау сөз сөйлеп, әскерге шақырылушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Азаматтық қорғаныс
06 мая 2026
Тимирязев ауданында азаматтық қорғаныс және ТЖ саласындағы кешенді оқу-жаттығу жиыны өткізілді

2026 жылғы 30 сәуірде басқарма қызметкерлері Тимирязев ауданында "басқару органдарының, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның ТЖ зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі іс-әрекеттері, сондай-ақ азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы" тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығуларға қатысты.

Оқу-жаттығу шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің және ерікті құралымдардың өзара іс-қимылының практикалық дағдылары пысықталды.

Облыстық және аудандық күштер мен құралдардың әрекет етуге дайындығын бағалауға, сондай-ақ құлақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін тексеруге ерекше назар аударылды.

Жалпы, жаттығулардың мақсаттары мен міндеттері орындалды, басқару органдары және тартылатын күштер қойылған міндеттерді шешуге дайын.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы