GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Қызметі
Қызметі
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
17 октября 2026
Анонс!

Ұлытау облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді.

 

Республика күні қарсаңында Ұлытау облысында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Ұлытау облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

 

Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

«Republic Day» республикалық акциясы

1

Ұлытау облысы

Балалар ойын-сауық орталығы

"Kinder Land"

Жезқазған қ., Абай көшесі, 101

2

Ұлытау облысы

Ойыншықтар дүкені

"Мир игрушек"

Жезқазған қ., Сейфуллин көшесі, 69

3

Ұлытау облысы

Қыш жасау қызметтері

"Академия исскуств"

Жезқазған қ., Абай көшесі, 47

4

Ұлытау облысы

СҮ

"Шаруа"

Жезқазған қ., Сейфуллин көшесі, 59А

5

Ұлытау облысы

СҮ

"Технодом"

Жезқазған қ., Ғарышкерлер көшесі, 25а

6

Ұлытау облысы

СО

"YRYS – QUT"

Жаңаарқа ауданы, Дәулетбеков көшесі, 78

7

Ұлытау облысы

СО

"Нур Кидс"

Сәтбаев қ., Абай көшесі, 50

8

Ұлытау облысы

СҮ

"Арзан"

Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 120

9

Ұлытау облысы

СҮ

"Арзан Сатпаев Микс"

Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 108А

10

Ұлытау облысы

СҮ

«Астана»

Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 120А

«Bereke Fest» республикалық акциясы

1

Ұлытау облысы

СЖ

"Samadi Mart"

Жезқазған қ., Абай көшесі, 140

2

Ұлытау облысы

СЖ

"Акцент"

Жезқазған қ., Алаша хан даңғылы, 27

3

Ұлытау облысы

СЖ

"Самади"

Жезқазған қ., Мир даңғылы, 45

4

Ұлытау облысы

СЖ

"Самаз"

Жезқазған қ., Сейфуллин көшесі, 23

5

Ұлытау облысы

СЖ

"Юникс"

Жезқазған қ., Ғарышкерлер көшесі, 32

6

Ұлытау облысы

СЖ

"Самади"

Сәтбаев қ., Сәтбаев даңғылы, 122а

7

Ұлытау облысы

Дүкен

"Алия"

Жаңаарқа ауданы, Сейфуллин даңғылы, 15

8

Ұлытау облысы

Дүкен

"Жандос"

Жаңаарқа ауданы, Дәулетбеков көшесі, 76/1

9

Ұлытау облысы

Дүкен

"Сымбат"

Ұлытау ауданы, Абай көшесі, 28

 

16 октября 2026
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Назар аударыңыздар! Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің 21 қазанға жоспарланған Сәтбаев қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі 28 қазанға ауыстырылды.

Кездесу сағат 11:00-де өтеді.

Кездесуден кейін облыс әкімі, басқармалар мен орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Өтетін орны: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 106, «Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы».

Күні: 2026 жылғы 28 қазан
Уақыты: 11:00

15 октября 2026
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Есет Байкен Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді.

Алдымен қала әкімі Айқын Қылышев 2026 жылғы даму көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарды баяндады. Одан кейін облыс әкімі өңірдегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

«Қаражал – өңіріміз үшін маңызды қалалардың бірі. Қаланың әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз», – деді Есет Байкен.

Қаражал мен Жәйремде қандай жұмыстар атқарылады?

Облыс әкімі Жәйремдегі аурухананы жаңғырту, қосымша ғимарат салу және екі жедел жәрдем көлігін беру жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар, «Өркен-Атасу» АҚ-мен келіссөздер нәтижесінде 2027–2028 жылдары 150 орындық балабақша салу көзделіп отыр. Жәйремге газ тарту жұмыстарын биыл бастау жоспарланған.

Қаражал қаласының кіреберісі абаттандырылып, Qarmet және ERG компаниялары өндіріс көлемін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді.

2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 198 млрд теңгеге, негізгі капиталға салынған инвестиция 66 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.

Жалпы құны 212,5 млрд теңге болатын алты инвестициялық жобаны іске асыру және 925 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Әлеуметтік салада мектептерді жөндеу, жаңа білім беру нысандарын салу, медициналық қызмет сапасын арттыру және дәрігерлер тарту жұмыстары жалғасуда.

Инфрақұрылым бағытында жолдарды жөндеу, газдандыру, электр және кәріз желілерін жаңарту шаралары қолға алынған. Жәйремді газдандыру жұмыстары шамамен 90%-ға орындалды. Ақтай шағын ауданында электр желілерінің құрылысы аяқталып, 68 тұрғын үй, мектеп пен мешіт желіге қосылды.

Қаланы абаттандыру аясында ағаш отырғызу және саябақтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаражалда жабық жүзу бассейні мен «Горняк» стадионы пайдалануға берілді. Жаңа спорттық және мәдени нысандардың құрылысы да жалғасуда.

2027 жылы жолдарды жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру жоспарланған. Негізгі мақсат – қаланың дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

Кездесуде тұрғындар жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және әлеуметтік нысандарға қатысты мәселелерді көтерді. Облыс әкімі жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Тұрғындармен кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыстық басқарма басшылары да тұрғындардың өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

06 октября 2026
Аңдатпа!

Құрметті жерлестер!

2026 жылғы 21 қазан сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.

Кездесуден кейін облыс әкімі, басқармалар мен орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Кездесу Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 106 мекенжайында орналасқан «Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында» өтеді.

28 сентября 2026
Аңдатпа!

Құрметті жерлестер!

2026 жылғы 14 қазанда сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Есет Байкеннің Қаражал қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.

Кездесуден кейін облыс әкімі, басқармалар мен орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Кездесу Қаражал қаласы, Абай көшесі, 10 мекенжайында орналасқан «Мәдени-сауық орталығында» өтеді.

Мәдениет
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі
24 сентября 2026
Ұлытауда XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды

Ұлытау төрінде халық шығармашылығының республикалық XXXIV дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі өз шымылдығын ашты.

Ұлттық өнерді ұлықтаған мәдени шараға еліміздің әр өңірінен өнерпаздар, өнер саласының майталмандары, шығармашылық ұжымдар мен қонақтар жиналды.

Фестивальдің ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнерді сақтау мен дамыту, дәстүр сабақтастығын жалғастырудың маңызын атап өтті.

Үш күнге жоспарланған фестиваль аясында дәстүрлі ән, жыр, терме, айтыс, эстрада және аспаптық өнер бағыттары қамтылады. Сонымен қатар жас таланттар мен тәжірибелі өнерпаздардың басын қосатын түрлі байқау ұйымдастырылады.

Фестивальді тарихи іс-шараның бастау алған сәтінен қатысқан өнер майталмандары бастап, бүгінгі буын өнерпаздары жалғады. 

Фестиваль бағдарламасы алдағы үш күн бойы Ұлытау облысының өнер және мәдениет нысандарында жалғасады. Бүгін сағат 11:00-де дәстүрлі ән байқауы өтсе, Жезқазған қаласындағы «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған мультиаспапшылар байқауы ұйымдастырылады.

Облыс әкімінің аппараты
21 сентября 2026
"Ұлытау облысы әкімінің аппараты" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы хабарландыру!

"Ұлытау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) "Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің №4 үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыруды үйлестіру мақсатында 2026 жылдың 24 қыркүйекте сағат 11: 00 Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне  қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.

Жария талқылауға қатысқысы келетіндер +7(7102)600303 телефон арқылы хабарласа алады.

Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Алаша алаңы 1, 8-қабат, 819-кабинет.

21 сентября 2026
Облыс әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Мирас Зікірияұлы Абдрахман тағайындалды.

Мирас Абдрахман 1992 жылы дүниеге келген.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында техник болып бастаған.

2015–2020 жылдары Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының заң бөлімдерінде бас маман қызметін атқарды.

2020–2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-бақылау жұмысы, инспекторлық және аумақтық жұмыс, экономикалық талдау және қалалық даму, әлеуметтік сала бөлімдерінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2022–2023 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында әлеуметтік сала бөлімінің басшысы болды.

2023 жылғы шілдеден 2026 жылғы мамырға дейін Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласының Ішкі саясат басқармасын басқарды.

Энергетика және ТҮКШ
Энергетика и ТҮКШ
Энергетика және ТҮКШ
18 сентября 2026
#ТазаҚазақстан

Ұлытау облысының әкімдігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облысымыздың экологиялық ахуалын жақсарту, экологиялық мәдениетті арттыру және азаматтарды қоршаған ортаны сақтауға тарту мақсатында барлық тұрғындарды, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың меншік нысанына қарамастан барлық қызметкерлерін ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі сағ 09:00-де басталатын «Таза бейсенбілікке» және 19 қаркүйегі сағ 09:00-де «World CleanUp Day» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілетін жалпыоблыстық сенбілікке қатысуға шақырады.
Қоршаған ортаға деген қамқорлығыңыз өзгелерге үлгі болсын.

18 сентября 2026
Ұлытау облысында азаматтық қорғау инфрақұрылымын дамыту жалғасады

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында төтенше жағдайлар министрі Мұрат Муханов облыс әкімі Есет Байкенмен кеңес өткізді. Кездесуде өңірдегі азаматтық қорғау инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қолданыстағы бөлімшелерді жаңғырту және облыстың аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа нысандар салу мәселелері талқыланды.

Соңғы екі жылда өңірде бірқатар жаңа нысан пайдалануға берілді. Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды, Жәйрем кентінде әмбебап құтқару бөлімшесі құрылды. Жезқазғанда қайта жаңғыртудан кейін ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығы жұмысын бастады, сондай-ақ ТЖМ авиациялық-құтқару отряды құрылды.

Келесі кезең осы инфрақұрылымды одан әрі жаңартуды көздейді. Жезқазғанда ӨСБ-7 ғимараты жаңғыртылуда, жаңа өрт сөндіру депосы мен жедел-құтқару отрядының ғимаратын салу жоспарлануда. Жезді кентінде ғимаратты өрт сөндіру бөліміне бейімдеу бойынша реконструкция жүргізілуде, Жаңаарқада жаңа өрт сөндіру депосын салу жобасы іске асырылуда. Жезқазған, Жезді және Жаңаарқа бойынша жобалар ТЖД инфрақұрылымын одан әрі дамыту бағдарламасына енгізілген.

Сондай-ақ шалғай аумақтар мен автомобиль жолдарындағы ден қою жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Жезқазған–Қызылорда автожолында өрт сөндіру депосын салу үшін учаске белгіленді, ал Жезқазған–Қарағанды бағыты бойынша әмбебап құтқару пунктін орналастыру көзделген. Бұл жобаларды іске асыру қалалық бөлімшелерден бастап шалғай аумақтардағы жедел ден қою нысандарына дейінгі облыстың азаматтық қорғау бірыңғай инфрақұрылымын қалыптастыруды жалғастырады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы