Ұлытау облысының орталығында 4 қабатты сауда, ойын-сауық орталығын салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазір құрылыстың жерін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жоба "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Жалпы ауданы 23 000 шаршы метр болады, оның 13 000 шаршы метрі жалға берілмек.
Сауда орталықтың ішінде:
1 қабат — азық-түлік базары
2 қабат — тұрмыстық техника, сауда галереясы
3 қабат — спорт тауарлары, балалар тауарлары, фудкорт және кафе
4 қабат — кинотеатр және балаларға арналған ойын-сауық орталығы жоспарланған
Жерасты автотұрағы барлық келушіге ыңғайлы тұрақ қамтамасыз етеді
Жоба аясында 120 уақытша және тұрақты жұмыс орындар ашылады