
Бекітілген кестеге сәйкес, сәуірдің 5-інен бастап, мамырдың 10-на дейін облыс орталығының жолдарын ағымдық жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылады. Қазіргі таңда Сәтбаев көшесінің айналма жолы мен Сарыарқа көшелері аяқталып, Ұлытау көшелерінің шұңқырлары жөнделіп жатыр.
Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының аталған жұмыстарды қадағалауы барысында жұмыстардың ары қарай Абай, Желтоқсан, Есенберлин көшелерінде жалғасатыны айтылды.
Аталған жұмыстар үшін 8 техника жұмылдырылған. Қызметкерлер саны жеткілікті. Жауапты мердігер ұйым «ЖезСтрой» ЖШС.
Айта кетейік, биыл облыс орталығының 57 көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезекте тұр. Қазіргі таңда мердігерлер анықталды. Мемлекеттік сатып алу келісімшарттары рәсімделді.