
Қазіргі уақытта кенттегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеуде. Бұл ретте Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ахуалды қатаң бақылауда ұстағаннан бөлек, халықты алдын ала хабарландыру, ақпараттандыру жұмыстарын атқарып отыруды тапсырды.
Айта кетейік, өңірде орын алып жатқан су деңгейінің көтерілу жағдайы Қарсақбай кентінің су тоғаны мен «Шауыпкел» тоғанында да орын алған болатын. Салдарынан кенттегі 2 автомобиль өткелі маңынан жолды су басу орын алды. Жергілікті әкімдік, мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және ерікті тұлғалардың бірлесе атқарған іс-шара нәтижесінде тұрғын үйлерді су басу және залал келу орын алған жоқ.
Кенттегі тоғанда ағынды судың алдын алу жұмыстарына Қарсақбай металлургиялық зауытының қызметкерлерінің де кезекшілігі ұйымдастырылған.