Ұлытау облысында су өткізу құбырларының 80% - дан астамы тазартылды

Ұлытау облысында су өткізу құбырларының 80% - дан астамы тазартылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының ақпараты бойынша өңірдегі су өткізу құбырларының жалпы саны 445 құрайды. Оның 80%-дан астамын жол пайдалану басқармасының қызметкерлері тазартты-43, 44, 78.

Бұл бағыттағы жұмыс наурыздың соңына дейін толық аяқталады.

Қысқы уақытта жұмыстарға барлығы 30 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде 10 бірлік – жаңа техника.

Айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша республикалық автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 961 км құрайды.