
Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған «Келешегі кемел - кенді өлке» халықаралық ақындар айтысына Қырғыз Республикасынан және еліміздің облыстарынан 12 айтыскер қатысты. Айтысқа Аманжол Әлтай бастаған белгілі қоғам қайраткерлері қазылық етті.
Жыр додасының қорытындысы бойынша «қос жүлде» тағайындалып, ақындар келесі орындарға ие болды:
Бас жүлде Қырғыз Республикасының ақыны Изат Айдаркулова және Павлодар облысынан келген жүйрік ақын Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды;
І орынды Қырғыз Республикасының ақыны Акматбек Султан уулы және Қарағанды облысынан Дидар Қамиев иеленді;
ІІ орынға Қырғыз Республикасының ақыны Асылбек Маратов және Шымкент қаласынан Біржан Байтуов ие болды;
ІІІ орынды Қырғыз Республикасының ақыны Кулуев Максат және Астана қаласынан Мейірбек Сұлтанхан иеленді;
300 мың теңге көлеміндегі сертификаттармен Алматы қаласынан Қазірет Бердіхан, Астана қаласынан Иранғайып Күзебаев, Ұлытау облысынан Өміржан Көпбосын, Қызылорда облысынан Ержан Әмір марапатталды.
Айтыскер ақындарға естелік сыйлық ретінде «Қаражал қаласына 60 жыл» мерекелік медалі табысталды.
Құттықтаймыз!