
Ұлытау облысы тарихи, киелі орындарымен бай өлке. Облысқа туристердің келу динамикасы жыл сайын артып келеді. Бұл өз кезегінде тарихи орындар көп шоғырланған өңірлерде туристерге қызмет көрсететін ұйымдардың ашылуына септігін тигізеді.
Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Ұлытау ауданына қарасты кент, село әкімдеріне және Шеңбер селосының тұрғындарына туризм саласындағы мемлекеттің қолдау шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында бірқатар нұсқаулықтар берілді. Олардың ішінде: тарихи орынға алып баратын жол бұрылыстарына бағыттауыштар орнату; өңірде тамақтану пунктері мен қонақүйлер ашу.
Айта кетейік, осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.